Жеңіс рухы мәңгі асқақ

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңіс рухы мәңгі асқақ

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Жарқын ауылы

Жарқын жалпы орта

білім беретін мектебінің

Тарих пәнінің мұғалімі

Садуова Айнұр Жеңісқызы

«Жеңіс рухы мәңгі асқақ»

(Ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесу кеші)

Жеңіс рухы мәңгі асқақ

Жауапты: Тарих пәнінің мұғалімі: А.Ж.Садуова

2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Г.Х.Бозанбаева _______

« » «_______»


Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған

«Жеңіс рухы мәңгі асқақ» атты кездесу кеші

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Өтетін күні: 23.02. 2016 жыл сағат:12.00-де
Өтетін орны: рәсім залы

Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, сахнаның безендірілуі

Түрі: кездесу кеші

Жоспары:

І. Қонақтарды таныстыру

ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына

қысқаша мәлімет

ІІІ. «Ардагермен сұхбат»

ІҮ. Қорытынды.

Жауапты: Тарих пәнінің мұғалімі: А.Ж.Садуова



Тексерілді:

ДТЖО: Л.Карипбаева __________________

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, сахнаның безендірілуі

Түрі: кездесу кеші

Жоспары:

І. Қонақтарды таныстыру

ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына

қысқаша мәлімет

ІІІ. «Ардагермен сұхбат»

ІҮ. Қорытынды.

Барысы:

1 - жүргізуші: Мадина

Құрметті кешіміздің қонақтары, ұстаздар мен оқушылар! Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай және Интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Жеңіс рухы мәңгі асқақ» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! кешіміздің мақсаты жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухани адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу. Болашақ Қазақстан Республикасының келешек қорғаушылары сіздер мен біздер боламыз.

2 - жүргізуші: Жасболат

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң - деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

І. Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып

1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет

1- жүргізуші: Мадина

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.

1-оқушы: Жанерке

Биылғы жылы, яғни 2016 жылы ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 27 жыл толды. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.

1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО - ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.

«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 - ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар - ошарсыз кетті. Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән - салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.

2 - оқушы: Айнел

КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 27 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мақсат-мүддесіне, болашақ ұрпақтарға зор көңіл бөледі. Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек.

3 - оқушы: Айдана

Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?»

- деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді.Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.

1 - жүргізуші: Мадина

- Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын қысқаша мәлімет. Деректі фильмнен үзінді көрелік.

«Ауған соғысы» бейнефильм көрсетіледі.

1 - жүргізуші: Жасболат

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман - сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу - біз үшін бір ғанибет.

ІІІ. Ардагерлерге оқушылар сұрақтар қояды.
1- Сұрақ:
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?
2- Сұрақ :
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
3- Сұрақ :
Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыз көп болды ма, Сіздің есіңізде қалған бір оқиға бар ма?
4- Сұрақ :
Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?

5-Сұрақ:
Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

6-Сұрақ:

Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

7-Сұрақ:

«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

ІҮ. Қорытынды.

1 - жүргізуші: Мадина

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді

2 - жүргізуші: Жасболат

Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаура Төлегенқызына беріледі.

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

1 - жүргізуші: Мадина

Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп - көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс - шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше
Бірге : Қош сау болыңыздар!

Естелік суретке түсу
(Қонақтарды құрметпен шығарып салу)



© 2010-2022