Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Акробатикалық жаттығулар

Жарияланды 24-12-2014, 12:13 Категориясы: Дене шынықтыру

Дене шынықтыру 5 сынып
Сабақтың мақсаты: Акробатикалық жаттығулар орындауды жетілдіру және оқушыларды ептілікке икемдеу, денсаулығын нығайту салауатты өмірді насихаттау
Білімділік: өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру, ой санасын шынықтыру, жетілдіруді үйлестіре білу
Әдісі: түсіндірме, практикалық
Спорт құрал - жабдықтары: гимнастикалық матрас, секіртпе, ысқырық
Саптағы жаттығулар:
Бағыттаушының соңының оң иық алды залды айналып алға жүр!
Екі қол жоғарыда алақанды бір - біріне қаратып, аяқтың ұшымен бас!
Тапсырмасыз! (Жүруді сол аяқтан бастау керек.
Денені жоғары, кері созу, тік ұстау керек.)
Екі қол желкеде өкшемен жүр!
Тапсырмасыз!
Дене қыздыру жаттығулары:
Екі қол бүйірде оң қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Екі қол бүйірде сол қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Екі қол жоғарыда иықпен қоса ішке айналдыра оң қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!



© 2010-2022