Тарих пәні: Қолөнердің пайда болуы (6-сынып)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақстан тарихы

Мектеп: «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 18.10.2016 ж

Мұғалімнің есімі: Қойбасарова Нұр Берікқанқызы

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қолөнердің дамуы

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Еңбек құралдарының жетілуі, адамдардың мысты игере бастауы, еңбек бөлінісі мен еңбек құралдарын туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: тас дәуірінен ерекшелігі, хронологиясы туралы айта алады

Кейбір оқушылар: тақырыпқа өзіндік баға беріп, талдай алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар істей алады: тас дәуірін кезеңдерге боліп, олардың ерекшелігін, тұрақтарын біліп, ажырата алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер.

  • Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

  • Әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктері?

  • Тұрақтары несімен ерекшеленеді?

  • Тоқыма өнері қалай қалыптасты?

  • Тас өңдеу мәдениетіне сипаттама беріңдер

Талқылауға арналған тармақтар:

Аңшылықтан мал шаруашылығына, терімшіліктен егіншілікке қалай келді?

Неолит дәуірінің тарихтағы ерекшелігі?

Жазылым бойынша

Ұсыныстар

Алдыңғы тақырып

5-сыныптан жалпы адамдардың алғашқы кәсібі мен еңбек бөлінісімен танысқан.

Ресурстар

Жоспар


Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Жоспарланған уақыт

  1. Мұғалім сәлемдеседі.

  2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар үстелдің үстінен бір -бір парақша таңдап алады, онда қолөнер бұйымдары жазылған. Оқушылар өздері қай топқа жататынын анықтап тоқымашылар мен қыш өндірушілер болып екі топқа бөлінеді. Әр топқа бірден табыс критерийі - бағалау парақтары бірден таратылады.

  3. Үй тапсырмасы. Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит) әр топқа тарихи диктант беріледі. 2- минут ішінде орындап, 5-минут ішінде барлық топтар қорғап шығуы керек. Қосымша қарсылас топтарға 1 сұрақтан дайындайды.

1-топ. Егіншіліктің пайда болуы ..... еңбегіне байланысты болды. Ерлер аң аулап жүргенде, .... мен балалар жеуге жарамды өсімдіктерді, жемістер мен жидектерді терді.

Неолит дәуірі тас өңдеу технологиясының .... кезеңі. Тас өңдеуде ......., ....., ......., ......, сияқты жаңа технологиялық әдістер шықты.

2-топ. Неолит басты ерекшелігі ...... шаруашылықтың пайда болуы. Алғашқы егіншілер жерді .... ....... қопсытты. Одан кейін ....., үшкір тас бекітілген .... ойлап тапты. Адамдар егін оратын қарапайым ..... орақ пен ... сияқты егіншілік құралдарын ойлап тапты.


Басы

3 минут (ұйымдастыру)

7 минут

Ортасы

15 мин.

2 мин

Жаңа сабақ.

ЖИГСО әдісі қолдану арқылы оқытып, постер жасап келесі топқа түсіндіреді.

1-топқа. Тоқымашылық мен неолит қыш құмыралар заманы тақырыбында постер жасайды.

2-топқа. Тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары мен әшекей бұйымдар тақырыбына постер жасайды.

Сергіту сәті. «Қозғалыстағы сурет» (2 мин)

Оқушылар шеңбер бойымен қозғала жүріп сурет салады.

Бағалау түрлері: мұғалімнің әр тапсырмадан кейін формативті бағалауы, стикермен бағалау, оқушылардың кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалауы. Топ басшысының бағалау.

Аяқталуы

10 мин

Қорытынды. С-оқушыға -жасыл, Б-оқушыға -көк, А-оқушыға- сары стикерді оқушылардың орындығының артына жабыстырып кетемін, сол арқылы үстелдің үстінде алдын ала дайындалған жасыл, көк, сары карточканы алып тапсырма орындауға 2 миниут уақыт беремін. Оқушылар әр түс бойынша жұптасып жұмыс істеуіне де болатынын ескертемін. С -оқушыға мәтін беріледі. Тапсырма:

-не дұрыс емес?

- бұл неліктен дұрыс емес?

- бұны қалай түзеуге болады?

Б-оқушыға тапсырма:

Тас дәуірінің хранологиясын, еңбек бөлінісі мен еңбек құралдарын тиісті кестеге толтырады.

А- оқушыға тапсырма: неолит дәуірінің еңбек бөлінісін, құралдарын тиісті бағанаға толтырады.

Кері байланыс. Сабақ маған ұнады/ұнамады кестесін толтыру арқылы сабақты қорытындылайды.

Бағалау. Бағалау парақтарын негізге ала отырып, сумативті бағалау

Қосымша ақпарат.

Топ жұмысын бағалау парағы

Әр критерий 2 балмен бағаланады.Критерий

лер

Топ

мүшелері

Үй тапсыр

масы

Идея

ларды ұсынуы

Топ

тағы белсен

ділігі

Сұрақ

тарға жауап беруі

Сұрақ

Коя

білуі

Жеке

тапсыр

маға

жауап

бере білуі

Жалпы балл









Топ бойынша








12-10 балл - «5» - өте жақсы

9-7 балл - «4» -жақсы

6-5 балл - «3»- қанағаттанарлық

4-1 балл- қанағаттанарлықсыз.

№3. А-оқушыға: Берілген кестені толтыр.Егіншіліктің пайда болуы туралы жаз

Мал шаруашылығының пайда болуы туралы жаз

Тоқыма бұйымдары

Металдан жасалған заттар

Қыштан жасалған заттар


№2. Б- оқушыға. Кестені толтырыңдар.Тас дәуірінің кезеңдері

Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтары

Тұрақтары

Кәсібі

Еңбек құралдары

Ерте тас ғасыры


Кейінгі тас ғасыры


Мезолит


неолит




№1. Берілген мәтіннің дұрыстығын бағала.

Неолит жаңа тас ғасыры, ол б.з.б. 4-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұ л тас өңдеу дәрежесі ең жоғарғы деңгейге жеткен кезең.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемденудің орнына терімшілік пен аң аулаудың пайда болған кезеңі, яғни өнімді еңбектің пайда болған кезеңі. Осы кезеңде адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Ғылымда бұл құбылыс «тас дәуірінің төңкерісі» деп аталады.

Неолит дәуірінің таы да бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Сондықтан бұл дәуір «төңкерістер заманы» деп те аталады.

Қазақстандағы неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым, Ботай, Пеньки, Қараүңгір, Арыстанды, Шабақты.

Тапсырма:

- не дұрыс емес?

- бұл неліктен дұрыс емес?

- бұны қалай түзеуге болады?

Кері байланыс кестесі:

Сабақта үйренгенін бағалау.Сабақ ұнады.

Неліктен?

Ұнамады

Неліктен?


Саралау:


Рефлексия


Қорытынды бағамдау:




© 2010-2022