План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақ тайпалары, олардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы, сондай-ақ сақтар туралы жазба деректер жайлы баяндау.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, сақ тайпаларының тарихын баяндай отырып, оларды құрмет тұтуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы

Әдіс-тәсілі: Баяндау, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, тест тапсырмаларын орындау, картамен жұмыс жасау.

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, тақырыптық карта, интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау. (тест арқылы сұралады.)

1.Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі

А) Рулық

В) Тайпалық

С) Қауымдастық

D) Көшпелілер

Е) Тобыр

2. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы.

А) Аң аулауы

В) Еңбек құралдарын жасай білуі

С) Тік жүруі

D) Топтасып өмір сүруі

Е) Теріп жеуді білуі

3.Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең

А) Ерте полеолит

В) Орта полеолит

С) Энеолит

D) Қола дәуірі

Е) Мезолит

4.Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал.

А) Қой, ешкі

В) Түйе, ешкі

С) Сиыр, жылқы

D) Жылқы, қой

Е) Жылқы, түйе

5.Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі

А) Палеолит

В) Мезолит

С) Неолит

D) Қола дәуірі

Е) Темір дәуірі

6.Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы

А) Мыс пен темір

В) Қалайы мен күміс

С) Алтын мен мыс

D) Күміс пен алтын

Е) Мыс пен қалайы

7. Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі

А) Жер еден астындағы шұңқырда

В) Тыстағы ұраларда

С) Ет пен сүтті кептіріп сақтаған

D) Арнайы қыш құмыраларда

Е) Жердің бетінде салынған тұрақтарда

8. Ғалымдырдың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты

А) 100 мың жыл бұрын

В) 53 мың жыл бұрын

С) 13 мың жыл бұрын

D) 25 мың жыл бұрын

Е) 43 мың жыл бұрын

9.Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ

А) Сексеуіл

В) Шабақты

С) Усть-Нарым

D) Пеньки

Е) Ботай

10. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі

А) Ретушь әдісі

В) Қайрау әдісі

С) Кесу әдісі

D) Қашау әдісі

Е) Егеу әдісі

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

2. Сақ тайпаларының қоныстануы.

3. Сақтардың қоғамдық құрылысы.

1. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

Темір дәуірінде алғашқы қоғамдық құрылыс ыдырап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Сақ тайпалық одақтары Орта Азия мен Қазақстан аумағын б.з.б.8-3 ғасырларда мекендеген.

Сақтар туралы жазба деректер екі топқа бөлінеді:

1-грек авторлары: Геродот, Ктесий, Страбон жазбалары

2-парсы жазбалары: Дарий, Ксеркс патшалардың тастағы жазбалары

Сақ тайпаларының атауының мағынасы жайында:

Парсылар-құдіретті еркектер

Ирандықтар-жүйрік атты турлар

Гректер-азиялық скифтер

Грек тарихшыларының айтуынша: сақтар "дұшпанға қатал, досқа-адал"

Грек авторы Ктеси: "сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады"

2. Сақ тайпаларының қоныстануы.

План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

Ғалымдардың анықтауынша:

сақ-тиграхауда(шошақ бөріктілер) -Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында

сақ-парадарайа(теңіздің арғы жағындағылар)-Арал тенізінің Оңтүстігі, Сырдария, Амудария өзендерінің төменгі ағысы

ақ-хаумаварга(хаома сусынын дайындайтындар)-Мұрғаб аңғары

Бұдан басқа Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасында массагеттер, исседондар, аргипейлер, аримаспылар, дайлардың мекендегені айтылады

3. Сақтардың қоғамдық құрылысы.

Билеушісі- патша-соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті,келісімдер жасады, елшілер тағайындап, әскерді басқарды. Билік мұрагерлік жолмен беріледі.

Мемлекет құрылымы: Әскери демократия

Көсемнің қызметі: Қолбасшы, даулы мәселелерді шешті, келіссөз жүргізуші,көші-қон мәселесін реттеді.Схема. Сақтарда әйелдерді құрметтеген. Тайпа көсемі болып та сайланатын. Томирис. Сақтардың үйлену тойы туралы: "Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен күш сынасуы керек.Қыз жеңсе, жігіт оған тәуелді болады. Тек жеңген жігіт өз билігін жүргізе алады"

Халық жиналысына әйелдер де қатысуға құқылы болған.

Мүлік теңсіздігі орнықты.

Страбон олар "садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген".

План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

«!» Мына суреттерге қарап қандай қорытынды жасауға болады

План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

Мүлік теңсіздігі орнықты.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

1.Сақтар ертедегі жазба деректерінде қалай аталған?

Грек жазбаларында

Иран жазбаларында

Парсы жазбаларында


2.Сақ тайпаларын мекендеген жері бойынша орналастыр.

План урока Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы (6 класс)

Аримаспылар

Исседондар

Парадарайалар

Тиграхаудалар

Массагеттер

Хаомоваргалр

3.Сақ тайпаларының қоныстануы- сәйкестендір

Сақ тайпаларының аты

Мекендеген жерлері

1

Парадарайалар

2

Тиграхаудалар

3

Хаомоваргалар

4.Cөзжұмбақты шешіңдер


Қ



А



З


А




Қ


С



Т


А



Н



Сұрақтары:

1.Б.з.б. 8-3 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген тайпа одақтары?

2.Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген » деп кім айтты?

3.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер?

4.Үнді-ирандық тілде жауынгерді қалай атайды?

5.Малшылар мен егіншілерді қалай атаған?

6.Тайпа мүшелері жиналыста кімді сайлады?

7.Тарих атасы кім?

8.Жетісу жерін мекендеген сақ тайпалары.

9.Қызыл түсті киімді кім киген?

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма беру. §12. Оқу, мазмұндау


© 2010-2022