Конспект уроков на тему Кенесары хан

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект уроков на тему Кенесары ханКонспект уроков на тему Кенесары ханКонспект уроков на тему Кенесары ханКонспект уроков на тему Кенесары ханКонспект уроков на тему Кенесары ханКонспект уроков на тему Кенесары ханСабақтың тақырыбы: Қазақтың төле билері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ билері, олардың ел тарихындағы орны туралы

мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік:Оқушыларға қазақ билерінің өмірі, тұлғасы туралы мағлұматтар бере келе,

кемеңгер қазақ билерінің қоғамдағы, халық тарихындағы елеулі еңбегі жайлы түсіндіру.

2. Тәрбиелік:Оқушыларды ұлағатты тұлғаларға еліктеуге, елінің азаматы болуға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Сөздікқорын,

ой - өрісін, сұрақтар қою арқылы өз ойынеркін айтуын дамыту.

Сабақтың түрі: жай сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, кесте толтыру, топтастыру, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Тест, плакаттар, буклет,

Сабақтың құрылымы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Жаңа материалды игерту

ІІІ. Жаңа материалды бекіту

ІV. Қорытындылау

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

М: Сәлеметсіздер ме, балалар?

М: Отыра қойыңыздар.

М: Көңіл - күйлеріңіз

М: Балалар, біздер ІІ - тоқсанда қандай тақырыптармен таныстық?

(Қайта жаңғырту әдісі).

О: «Алтын киімді адам», «Ежелгі түркілір. Түрік қағанаты», «Ежелгі түркі жазулар», «Мәдениет және сауда жолдары», «Қазақ қалпының қалыптасуы», «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақ хандарының тарихынан».

ІІ. Жаңа материалды игерту. «Қазақ билері».

М: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ билері».

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол ұлы билердің бірқатарына тоқталып өтеміз.

(Буклеттен суреттері көрсетіліп, таныстырылады).

Төле би - төбе би. Төле би Әлібекұлы - Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Төле би Әлібекұлы ХVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң, Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесімді шешім айтып отырған.

Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады.

Әз Тәуке дүниеден өткеннен кейін Қазақ хандығы жекелеген аймақтарға ыдырай бастады. Бұл кезде талай жылғы соғыстардан кейін Түркістан қалаларындағы өнеркәсіп пен сауда мүлдем құлдырап кеткен еді. Төле би халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды. Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Ол орыс Патшасының бодандығына өсуге асықпады. Қазыбек және Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан әрі өмір сүруіне пайдалы сыртқы саясаттың қағидаларын жасады.

Төле бидің:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі

Болмас іске қарыспа,

Біреуге ор қазысба,

Жауыздық іске барыспа

Атың жақсы болса -

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса -

Жан мен тәннің шырағы.

т.б. бата, нақыл сөздері, қара сөзбен айтқандары халық аузында сақталған.

Төле би 93 жасында қайтыс болып, Ташкентке жерленген.

Қаз дауысты Қазыбек би. Халқымыздың айтулы кемеңгер айтулы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбек - шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғар да білгір көсемдігімен ел намысын қорғады. Қазыбек би Келдібекұлы (1667 - 1764) - Қазақ хандығының аса көрнекті, мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші парасатты мәмілегер ретінде мәлім.

Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізетін сөздері - шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі.

Өзінің мәмілегерлік қызметін Қазыбек Келдібекұлы 18 жасында, Қазақ хандығының Жоңғар хандығына, Қалданға жіберген елшілігінің құрамында болған кезінде бастаған. Осы сапарда бірінші рет оның мәмілегер ретіндегі таланты байқалды. Дәл соның арқасында Жоңғарлармен болған келіссөздер өте сәтті өтті және бітіммен аяқталды.

Қазыбек би - Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы.

Елші ретінде Қаз дауысты Қазыбек би бірнеше рет Жоңғар хандығына барды.

1740 жылдар Малайсарымен және басқаларымен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкеледі.

Сен - темір де, мен - көмір,

Еріткелі келгенмін!

Екі еліктің баласын,

Теліткелі келгенмін!

Егесетін ер шықса,

Иілткелі келгенмін!

Қазақ-қалмақ баласы,

Табысқалы келгенмін!

Табысуға келмесең,

Тұрысатын жеріңді айт,

Сен - қабылан да, мен - арыстан,

Алысқалы келгенмін!

Қазыбек бидің бұл сөзіне Жоңғар ханы Қалдан еш жауап қайтара алмай, оның талаптарын қанағаттандырған. Қазыбек би Қазақ және Жоңғар мемлекеттерінің арасындағы бейбіт келісімді ұзақ уақытқа бекітуге қол жеткізді.

Қазыбек би 40 - 60 - жылдары қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарына басшылық жасады. Ол кезде Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өміршең болып тұрды. Қытай өкіметіне де, Ресей өкіметіне де келіссөздерді Абылай мен және оның белсенді бейтарап саясатын ұстанған Қазыбек бидің қатысуымен жүргізуіне тура келді.

Әйтеке би Байбекұлы. Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан - ақ әр түрлі дау - дамай, талас - тартыста суырылып шығып, тілмар шешендігімен жұртты таңғалдырған. Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. (1682 - 1766) - Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Жасынан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Оның шешендік қасиеті ерте жастан белгілі бола бастаған. Жеті жасынан бастап аталары Ақшахан мен Жалаңтөс батыр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал, батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген.

21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. Әйтеке би «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, заңдар жинағын құруға қатысқан. Ұзақ жылдар бойы Кіші жүзді биледі. Әйтеке би айтқан сөздер мен толғаулар:

Бай болсаң халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.

Шешендіктен не пайда,

Артында сөз қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қылмаса -

Оның өмірден білген-түйгені мол, өз заманының ақылгөй данасы екенін көрсетеді. Әйтеке би Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Әз Тәуке кезінде Қазақ елінің билік басына келген бұл көсемдер қиын уақытта мемлекетті сақтауға орасан зор қызмет жасады.

Ақылы асқан Әз Тәуке. Тарих ғылымында халық арасында Әз Тәуке, яғни дана, әділ деген атағы шыққан Тәуке хан билігі тұсында жататын деректер өте аз. Тәукенің әкесі Салқам Жәңгір 1652 жылы Жоңғарлармен болған шайқаста қаза табады. Бұл кезде Қазақ хандығының жағдайы мүшкіл еді. Хан тағына келген Жәңгір ханның баласы Әз тәукеге мемлекеттің саяси жүйесіне көңіл бөлуге тура келді. Тәуке хакн 1680-1718 жылдары билік етті. Тәуке хандық билікті күшейту үшін билер, рубасылары, тайпа және жүзбасыларының көмегіне арқа сүйеді. «Жеті жарғы» кеңесіне қазақтың атақты билері: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билерден басқа, қырғыз бен қарақалпақтың, Ташкент, Түркістан және басқа қалалардың өкілдері кірді.

Тәуке ханның аты теуелсіз билеуші ретінде ХVII ғасырдың 80 жылдарында аталады. Тәуке хан Ресей және Жоңғария мемлекеттерімен тығыз дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатты. XVII ғасырдың 80 жылдары Тәуке хан Ресейге бес елші жіберді. Осындай бес елшілік Қазақ хандығына келді.

Бірақ, экономикалық қатынастар үнемі әскери қақтығыстар соқтырып отырды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы Жоңғарлардың шабуылына ұшырады. Өз заманының қиындығына қарамастан, Тәуке хан мемлекеттің бүтіндігің мен тәуелсіздігін сақтап қалды. Тәуке өзінің даналығымен, көрегендігімен және тапқырлығымен үш жүзге билігін жүргізді.

Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған мемлекет еді. Тәуке хан билік еткен кезінде қазақтардың әдеттегі құқықтық жүйесі «Жеті жарғы» деген атпен бір жүйеге келтірілді. «Жеті жарғыда» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқықтар, слаық ережелері, діни көзқарас қағидалары қамтылды. Тәуке хан мемлекетті басқаруды дұрыс жолға қою үшін «Жеті жарғыда» әсіресе қарулы күштерді ұйымдастуыру ме халықтың бірлігін нығайтуға ерекше көңіл бөлді. Ережелер жинағы сол кезеңдегі қазқ қоғамының барлық жағын қамтыды. Әз Тәуке билік құрған заман «Қазақтардың алтын ғасыры, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталады.

Кітаппен жұмыс.

М: Балалар, кітабымыздың «Қазақ билері» 110 беттегі тақырыпты ашып, оқып шығайық.

Дәптермен жұмыс.

М: Балалар, шығырмашгылық тапсырманы дәптерге орындаймыз.

Күннің жады, сабақтың тақырыбы жазылады.

1. Шығармашылық тапсырма. (кесте толтыру).

Әйгілі билер

Өмір сүрген уақыты

Төле би

Қаз дауысты Қазыбек би

Әйтеке би Байбекұлы

1663 - 1756 жылдары өмір сүрген

1667 - 1764 жылдары өмір сүрген

1682 - 1766 жылдары өмір сүрген

М: Енді, билердің ұқсастығын табайықшы. Оны венн диаграммасына жазайық.

(Дәптерге орындалады)

2. Венн диаграммасы.

Төле би Қазыбек би Әйтеке би

1682 - 1766 жылдары өмір сүрген. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Қазақтың әйгілі биі.

1667-1764 жылдары өмір сүрген. Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгер. Орта жүздің бас биі



1663-1756 жылдары өмір сүрген.Аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен. Ұлы жүздің басшысы.







. .



Қазақ билері

Айырмашылығы

ІІІ. Жаңа материалды бекіту.

М: Бүгінгі сабаққа түсіндіңіздерме?

Қазыбек би. 1667-1764 жылдары өмір сүрген.



М: Қазақтың билерін атаңдаршы? (топтастыру әдісі бойынша)

Төле би. 1663-1756 жылдары өмір сүрген.






Қазақ билері


Әйтеке би. 1682 - 1766 жылдары өмір сүрген.






ІV. Қортытындылау.

М: Бүгінгі сабағымызда қазақ билері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Әз Тәукенің өмірімен таныстық.

М: Сабаққа түсіндіңіздер ме?

V. Үйге тапсырма

М: Үйден, «Қазақ билері»тақырыбын оқып келесіңдер.

VІ. Бағалау.

М: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалаймын.

М: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



© 2010-2022