Мақала: Тәуелсіз ел тірегі

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіз ел тірегі -білімді ұрпақ.


Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне байланысты елін, жерін, Отанын сүюге құрметтеуге баулу. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ екенін, білім туралы ойларын кеңейту, білімнің қоғамдағы маңыздылығымен пайдасы туралы түсіндіру. Тәрбиелі ұрпақ- болашақ ел тірегі болар азамат. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда мектептегі іс-шаралардың да маңызы зор. Алысқа қанат сермейтін талантты оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау мақсатында тәрбиенің бірнеше бағыттары бойынша жүзеге асырылатын мектепшілік іс-шаралардың игі нәтижелері де аз емес.

Болашақ ұрпақты тек қана білім нәрімен сусындатпай, туған тілі, әдет-ғұрпын сақтау, еліміздің батыл тұлғаларын таныту, ата-аналарды қоғамдық жұмыстар мен мектепшілік іс-шараларға тарту мақсатында № 19 орта мектебінде ашық сабақтар, іс-шаралар және байқаулар өткізіледі. Жақын арада өткізілген «тарих және өзін-өзі тану» пәндерінің апталығында ашық сабақтар, іс-шаралар өткізілді, соның ішінде атап өтетін болсақ тарих пәнінен өткізілген 5 сыныптар аралығында «Ең алғыр» атты интеллектуалдық іс-шара өткізілді. Өткізу әдісі: XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде. Өткізілген бұл сайыстың мақсаты: оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін толықтырып, таным белсенділігін арттыру. Сайыста топтық жұмыстар мен әр-түрлі тапсырмалар берілді. Сайыс барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы көрінді. Сайыс соңында жеңімпаздар тобы анықталып, әр топқа марапаттау қағаздары тапсырылды.Осындай іс-шаралар мектепте жиі өткізіліп, оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, өз елінің тарихын білуге қызығушылығын арттырып, көп пайдасы тиетініне сенемін.

Мынбаева Лаура Молдановна.

«Рудный қаласы әкімдігінің

№ 19 орта мектебі» КММ

Жас маман, тарих пәнінің мұғалімі.

© 2010-2022