Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына



Сабырғали Гүлдәурен

Жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Алғабас ауылы

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Муханбеталиев Н.Н

Оралдың «Алтын ханшайымы»

Батыс Қазақстан аумағы Еуразия құрлығында маңызды орын алады.Орал таулары мен Каспий,Арал теңізі арасында орналасқан аймақ Еуропа мен Азия көпірі бола тұра ежелгі заманнан бері көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болды. Ұлы дала төсінде ықылым замандардан батыстан шығысқа,шығыстан батысқа жөңкіле көшіп-қонып жүрген көне тайпалар Орал жеріне де аялдап, ат басын тіреді,бұған осы өңірден табылған кесенелер,көне қоныстар,қалашықтар мен кен қазбаларының орындары куә. Бүгінгі күнгі археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген көне мәдениет ескерткіштерінің табылуы бұл жерде бағзы замандарда көптеген халықтар мекендегеніне бұлтартпас дәлел. Батыс Қазақстан облысында археологиялық зерттеулерді ұйымдастыруға зор үлес қосқан Г.А.Кушаев пен оның шәкірті Б.Ф. Железиков болды.Ірі ғылыми жұмысты ұйымдастырушы бола отырып олар Қазақстан археологиясында алдыңғы қатардағылардың бірі болған Орал археологиялық мектебінің негізін қалады.Олар көшпелі халықтардың тарихын зерделей отырып,Орал өңіріндегі ежелгі көшпелілердің мәдениетін зерттеуге айрықша көңіл бөлген.

Ерте темір дәуірінде (б.з.д VIIIғ.- б.з.Iv ғ.) қазіргі Батыс Қазақстан территориясын көптеген тайпалық бірлестіктер мекендеген, соның ішінде ғылымға белгілі скифтер, массагеттер, савроматтар, дахтар, сарматтар, аландар, ғұндар және т.б. Олардың оңтүстік орал даласындағы іздері археологиялық мәліметтермен, соның ішінде ХХғ. 60-шы ж.ж. соңы 80-ші жж. қазба деректерімен де дәлелденеді.

2009 жылы БҚО тарих және археология орталығы археологтары археологиялық тұрғыдан маңызды сарматтардың жерлеу орындарын Сырым ауданы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым, Орал-Жымпиты тас жолынан 300 метр, Аңқаты өзенінің бойында биіктігі 0,8м,диаметрі 20м болып келетін топырақ қорғандарды қазып зерттеді. Сол қорғандардың бірін қазған кезде топырақ астынан көлемі 1,3×2,7 м тереңдігі 2,4м болып келген тік бұрышты қабір ашылды. Қабірді аршыған кезде шалқасынан жатқызылып, басы оңтүстік батысқа қаратылған ер адамның қаңқасы табылды. Ол жауынгер болса керек. Жауынгердің бас жағынан шеті сынған қола айна, белінде ағаш қынапты темір қанжар және ұзын сапты қылыш,аяқ жағында ұсақ малдың сүйектері мен қыш құмыра табылды.

Сарматтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қой мен жылқы малдарын көп өсірген. Бұған дәлел обалардан жылқы мен қой сүйектерінің көп кездесуі.


Ал екінші қабірден әйел адамның қанқасы табылды. Ол да шалқасынан жатқызылып, басы оңтүстік батысқа қаратылған. Әйел адамның жанынан алтын сырға,түрлі тастардан жасалған моншақтар,қыш құмыра табылды.

Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазынаСтатья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазынаСтатья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына

Қыш ыдыстары өте қарапайым, сырты безендірілмеген. Бұл ыдыстарда негізінен дәнді-дақылдарды сақтаған.

Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына





2012 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Тақсай ауылынан б.д.д VI-V ғасырларға жататын ақсүйек сармат әйелінің тоңалмаған қабірі табылды. Обадан табылған артефактардың, әсіресе, соғыс көрінісі бейнеленген тарақтың дүниежүзілік тарих ғылымы үшін маңызы үлкен. «Алтын ханшайым» экспозициясын жасаған, обадан табылған заттарды, сармат әйелінің киім-кешегін қалпына келтірген белгілі реставратор Қырым Алтынбеков. Басқа да сармат обаларынан осындай жәдігерлердін тағы да табылатынына күмәніміз жоқ.

Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына

Сырым ауданының картасы

Статья на тему Ел тарихы-таусылмайтын қазына

Көріп отырғаныңыздай Сырым ауданының территориясында әлі де зерттелмеген сармат тайпаларының ескерткіштері көп кездеседі. Б.д.д VII ғасырдан бастап Батыс Қазақстан аймағын артына сансыз көп қорған-обалар қалдырған савромат пен сармат тайпалары қоныс етіп,мекендеді.Сарматтардың ертедегі обалары әлі де жеткілікті түрде зерттелмей отыр. Мемлекет тарапынан көне дәуір ескерткіштері қорғауға алынғанымен, қазіргі уақытта көптеген обалар тоналған күйінде кездеседі.







© 2010-2022