Баяндама Тақырыбы: «Ата Заңым - айбарым»

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін Тасқұдық орта мектеп - балабақша кешені







Тақырыбы:

«Ата Заңым - айбарым»



Орындаған: Тарих, экономика және

құқық негіздері пәні мұғалімі

Ізбас Сенім Айтжанқызы











2010- 2011 жыл.

Құрметті мерекелік жиынға қатысушы ауыл тұрғындары, қадірлі қонақтар!

Қазақстан Республикасының Конституция күні, еңселі қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!

Бүгінде еліміздің өткенін жаңа талапқа сай ой елегінен өткізіп қайта қарап, ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың қадым заманнан бастау алатын қымбат тарихына тереңірек үңілсек, көз алдымызға сонау қазақ елінің сан ғасырларға созылған ұзақ тарихында қилы- қилы асулардан өтіп, талай шерлі заманды басынан кешіргені елестейді. Міне, осындай аумалы - төкпелі қиын заманда аты аңызға айналған,жыры ұрпаққа рухани қазынаға айналған қаймана қазақ халқының осындай өткелдерден өтерде,халқына адал қызмет еткен басшы,қолбасшы,батыр,көсем азаматтары тарихтың арқалатқан ауыр жүгін ғасырдың сары белдерінен асырып,елге де,өздеріне де түскен салмақты қайыспай көтеріп, халықтың, ұлттың атын жоғалтпай,оны өмірдің кезекті сатысына көтеріп отырды.

Қалың қара қазақтың ұлан-ғайыр шексіз даласында қиюы қашқан қилы-қилы замандарда бір орталыққа бағынбай руға, тайпаға бөлініп,тарыдай шашылып, бірікпей жатқан елдің басын құрап, қиын қыстау заманда қиядан жол табуы, халыққа рухани ғибрат беруі, аз уақыт ішінде сыртқы дұшпандарына тойтарыс бере алатын қуатты,сұрапыл күшке айналдыру ел билеген ұлылардың қолынан келген.

Көкірегі нұрлы, санасы сәулелі жұртымыздың баға жетпейтін баяны, аруақ қолдаған аяны жатыр. Халқымыздың білімі мен ғылымы, рухани кемелденуі мен өсуі жолында бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен абыздарымыздың есімдері әрқашан есте сақталып, олар бастаған ұлы мұраттардың орындалуына баршамыз болып білек қосып, тілек тоғыстырғалы келдік.

Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы сынды қазіргі Ата Заңымыздың Нұрағаның Нұрлы жолы екенін баршамыз мойындаймыз. Еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы кезеңде тұңғыш конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған болатын. Бірақ, қоғам өміріндегі алуан түрлі өзгерістер мен құбылыстар халықтың ойынан, арманынан шыға бермей, өзге де өркениетті елдермен терезесі тең, керегесі кең, еліміздің саяси және экономикалық жағынан жан - жақты дамуы үшін жаңаша заңның қажеттігін мойындатпай қоймады.

Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Сөйтіп еліміз 1995 жылы 30 тамызда өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады.

Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекеттігімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Ата Заң - бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.

Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында - мемлекетіміз бен қоғамымыздың тарихы мен тағдырындағы аса маңызды оқиға биыл Конституцияға 20 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйіткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылық пен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Мемлкетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы, үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде түп-қазығымыз АТА ЗАҢЫМЫЗды ардақтасақ, осынау істе бірігіп қимылдасақ еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз. Әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Н.Ә Назарбаев -артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаттылығы мен пайымы,ұлтжандылығы арқасында бүгінгі уақытқа дейін бейбіт әрі тыныш өмір сүрудеміз. Бүгін де Қазақстан сұрапыл сан ғасырды артқа тастап алға қарыштап дамуда.

Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды тарихта қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын!

Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мерейлі болғай!Тыңдағандарыңызға рахмет!













© 2010-2022