Қазақстан тарихынан ашық сабақ: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін. А.Түйешиева__________________ 24.12.2016 жылҚазақстан тарихы 7 сынып

Тақырыбы

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Мақсаты

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары, оның зардаптары жөнінде білу, топта ынтымақтаса жұмыс жасау

Күтілетін нәтиже

Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне, Моғолстан хандығына жасаған жорықтары мен зардаптары жөнінде біледі, талдай алады, топтық, жұптық жұмыс тапсырмаларын ынтымақтаса орындайды, бірігіп талдайды.

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық"

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл», «Шеңбер», «Тұлғаны таны», «Ойлан, топтас, талқыла!», «Жылдар сөйлейді», «Тірек кестені толтыр»,

Қолданылатын ресурстар

Карта, маркерлер, портрет, тақта, стикерлер, ноутбук, карточкалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру

«Үлкен шеңбер» арқылы үй тапсырмасын баяндау

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

«Үлкен шеңбер» жасап тұра қалып үй тапсырмасындағы түйінді ойларын кезекпен білдіреді

Білу

Миға шабуыл

«Қайталау-оқу айнасы» ой қозғау үшін түрлі сұрақтар беріледі

«Тұлғаны таны»

Бұл портреттегі кім?

Қандай адам деп ойлайсыңдар?

Тарихта қандай із қалдырды деп пайымдайсыздар?

Оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Қол көтеріп,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Қазақстан тарихынан ашық сабақ: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Түсіну

«Ойлан, топтас, талқыла!» Постермен жаңа тақырыпты қорғау

Топтық жұмыс

1-топқа: Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары

2-топқа: Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары

3-топқа: Әмір Темір жорықтарының зардаптары

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату. Кітаппен, картамен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

Қолдану

Жұптық жұмыс

Үш топқа үш түрлі тапсырма беру.

1-топқа: «Жылдар сөйлейді»

1336-1405 жылдар Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары

1376 жылы Ұрыс ханның дүние салуы, көп ұзамай оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ орданың жеңілуіне әкеп соғады.

1377 жылы Сауранда Тоқтамыс Темір Мәліктен жеңіледі.

1380 жылы Тоқтамыс Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды

1391 жылы Құндызша түбіндегі шайқаста Тоқтамыс әскерін Әмір Темір жеңеді, бірақ Тоқтамыс қашып құтылады

1395 жылы Әмір Темір Тоқтамысты күйрете жеңеді

2-топқа: «Тірек кестені толтыр»: Әмір Темір жорықтарының зардаптары

  • Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді

  • Елдер арасындағы байланыс үзілді, қалалар қирады

  • Ауа көшу, қоныс аудару күшейді, халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды

  • Мәдениеттің дамуына зардабын тигізді

3-топқа: «Қай жылдары болған екен?»

1371-1372 жылдары Әмір Темір Алмалыққа дейін жетіп, керейіттерді талқандаған

1372-1390 жылдарға дейін Әмір Темір Сайрам, Талас арқылы жүрген, Жетісудың ішкі аудандарын өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен

1390 жылғы жорықтардан кейін Моғолстан толық тәуелсіздігінен айырылды

1393 жылдан бастап Алтын Орда қайта қалпына келтіруге тырысып, өзінің билігін күшейте түседі

1405 жылы Әмір Темір Отырар қаласында қаза болады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әр топ бір - бірін бағалайды

Талдау

Ойлан тап

Жинақтау

Жеке жұмыс

Тестпен жұмыс. 10 сұрақ. Жауабын тақтаға ілемін.

  1. Әмір Темірдің Мауараннахрды басып алған жылы?

а/ 1370 ж

ә/ 1371 ж

б/ 1372 ж

  1. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі шайқас қашан өтті?

а/ 1384 ж

ә/ 1395 жыл

б/ 1391 жыл

  1. Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы қанша әскермен оған қарсы жорыққа аттанды?

а/ 250 мың

ә/ 200 мың

б/ 300 мың

  1. Қай жылы Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке ұшырайды?

а/ 1391 ж

ә/ 1390 ж

б/ 1380 ж

  1. Әмір Темір қанша жыл билік құрды?

а/ 33 жыл

ә/ 36 жыл

б/ 35 жыл

  1. Әмір Темір қай қалада қаза болды?

А/ Отырарда

ә/ Таразда

б/ Түркістанда

  1. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары?

а/ 1335-1405 жж

ә/ 1336-1405 жж

б/1336-1406 жж

  1. Қай жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданы қайта қалпына келтіруге тырысып, өзінің билігін күшейте түседі?

а/ 1393 ж

ә/ 1394 ж

б/ 1395 ж

  1. Әмір Темір1384-1391 жылдар аралығында қай жерлерге бірнеше рет жорықтар жасаған?

а/ Ақ Орда мен Моғолстан

ә/ Алтын Ордаға және Моғол жеріне

б/ Ноғай Ордасы мен Моғолстанға

  1. 1371-1372 жылдары Әмір Темір Алмалыққа дейін жетіп, кімдерді талқандаған?

а/ керейіттерді

ә/ жоңғарларды

б/ наймандарды

Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа дәл жауабын жазып, көршілермен алмасып, тексеріп, бағалау

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Жаңа тақырыпты өз бетіммен танысып, топта талқылап баяндап бердім

Жұптық жұмыстағы тапсырмаларды өзім орындадым

Тест жұмысын толық, қатесіз орындадым

Қорытынды бағам


Әр топ бағалау парақшасына өздерін бағалайды

Рефлексия

Кері байланыс

ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын қағазға жазып, конвертке салады (2 мин)

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу. Әмір Темір туралы қосымша тақырыптар жинақтап келу

Оқулықпен жұмыстанады, кітапханадан, ғаламтордан ізденіс








© 2010-2022