Планирование 7 класс Монғол империясының құрылуы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыПланирование 7 класс Монғол империясының құрылуыСынып: 7

Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Монғол империясының құрылуы

Білімділік мақсаты: оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру;

Тәрбиелік мақсаты: қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, география, әдебиет


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту

ІІІ.Сайыс сабақ

ІҮ.Бағалау

Ү.Үй тарсырмасы

Ұйымдастыру

- Саламатсыздар ма, оқушылар! Бүгін сабақта кім жоғын белгілеп алайық. Сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен тұрады. І бөлімде жаңа тақырыпты меңгерсеңдер, ІІ бөлімде сайысу арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер. Енді тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай бейне сюжет көрсеткім келіп отыр.

- Бұл бейне сюжетті кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғол империясының құрылуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал - «Австралиялық жаңбыр»

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

«Шыңғысхан» фильмінен үзінді көрсетіледі.

  • Балалар, бұл қай фильмнен үзінді?

  • Шыңғыс хан

  • Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Монғол империясының құрылуы. Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты қандай?

Оқушыларды топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беріледі. Өз тақырыптарын оқып, топ ішінде талқылап, постерге түсіру - 15 минут.

Монғол империясының құрылуы.

Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.


Қоғамдық құрылысы

онбасы

10 мың әскер

жүзбасы

мыңбасы

Түменбасы

100 әскер

10 әскер

1000 әскер

Мемлекттің басты заңы «Жасақ» (Яса). Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

Барунгар

Оң қанат

Жоңғар

Сол қанат

Кул

Орталық қанат

Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.

(Кесте арқылы түсіндіру). М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.

1207-1208 ж

Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы

1207-1209 ж

Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы

1211-1215 ж

Қытай жерін бағындырылуы

1217 ж

Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы

1218 ж

Монғолдардың Жетісу жеріне енуі

1219 ж

150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы

1219-1220 ж

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы

Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады. Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?

Жаулап алудың зардаптары

  • Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

  • Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

  • Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

  • Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

  • Мәдениеттің дамуына кедергі болды;

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы

Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:

  1. Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;

  2. Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.

Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабаққтың басы осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көше отырып, сайысымызды бастаймыз.

ІІІ. Сайыс сабақ


І.Презентация бойынша білімдерін тексеру.

ІІ. Келесі сайыс «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғалардың портреті және сұрақтар беріледі

Бұл кім?

Қай уақыттарды өмір сүрген?

Бұл адам туралы не білесің?

Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

Планирование 7 класс Монғол империясының құрылуы Планирование 7 класс Монғол империясының құрылуы

Хронологиялық диктант

Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.

І топ ІІ топ

1206 жылы 1208-1209 жылы

1207-1208 жылы 1211-1215 жылы

1218 жылы 1217 жылы

1219-1220 жылы 1219 жылы

ІҮ. Сөзжұмбақ

м




о




н




ғ




о




л


1.Шыңғыс ханның шын есімі

2.Шыңғысханның үлкен ұлы

3.Монғолиядағы өзен

4.Орта жүздегі тайпа

5.6-ай берілмеген қала

6.Батый құрған мемлекет





Ү. Сөзтізбек

А

Л

Ұ

Қ

А

С

С

Ғ

А

Д

М

А

Ы

Ы

М

А

Ы

Л

Н

Б

А

Л

Л

Ұ

Қ

А

С

Ұ

О

Қ

Ұ

Й

Ы

Қ

Қ

М

Р

Р

Н

М

М

Е

А

А

Ғ

Ы

І

Н

Ғ

А

н

Е

Л

Е

Қ

Ұ

Л

А

Ш

Д

Құлаш денем құласа құласын, құраған елім,қолымдағы байрағым құламасын».

Бекіту: 1. Қай жылы Монғол империясы құрылды?

А) 1202 ж

В) 1207 ж

С) 1206 ж

Д) 1209 ж

2. Монғол империясы неше әкімшілік бөлікке бөлінді?

А) 59

В) 80

С) 95

Д) 102

3. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің органы

А) «Жеті жарғы»

В) «Жасақ»

С) «Құрылтай»

Д) «Жарлық»

4. Отырарды қоршауға Шыңғыс ханның қай балалары аттанады.

А) Төле мен Үгедей

В) Шағатай мен Үгедей

С) Жошы мен Төле

Д) Жошы мен Үгедей

5. Монғол шапқыншылығына дейінгі кезде Жетісу

аймағында шамамен қанша елді мекен болған?

А) 20 жуық

В) 200 астам

С) 300 жуық

Д) 400 жуық

6. Сығанақ қаласы неше ай берілмей тұрды?

А) 1 ай

В) 2 ай

С) 3 ай

Д) 4 ай

Қорытынды: Репортер. Әр топтан 1 оқушы шығып, 30 секунд ішінде сабақта алған білімін қорытындылайды.

ҮІ. Бағалау.

Екі топ сайыс барысында жинаған ұпайларын есептеп, әр оқушының сабаққа қатысуна қарай өзара бөлісіп, әділ бағаланады.Сайыс нәтижесінде жеңімпаз топқа «ЖЕҢІМПАЗ» , ал жеңілген топқа алдағы сайыстарда жеңістен үміт үзбесін деп «ҮМІТ» мақтай қағаздарымен марапатталады.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

  • Оқушыларға Шыңғысханға мінездеме жазу

  • . Материал жинау

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!





© 2010-2022