ТАРИХ ШЫҢЫ, ТӘУЕЛСІЗДІК ШЫРҒАЛАҢЫ 5-6сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тақырыбы : «Тарих шыңы , Тәуелсіздік

шырғалаңы»

/мектепішілік іс- шара/







5 - 6 сыныптар

Жауапты : Қанлыбаева Ж.И.

2015 - 2016 жыл

14.12.2015 ж.

«16-шы желтоқсан Тәуелсіздік » күніне арналған мерекелік концерттік іс шараның жоспары. Тақырыбы: «Тарих шыңы,Тәуелсіздік шырғалаңы» Мақсаты: -Тәуелсіздіктің 24 жылдық мерекесіне орай мерекелік іс шара ұйымдастыру арқылы 1986 жыл желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатқан,аталарымыз аңсаған тәуелсіздіктің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту: -Білім алушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін ,өнерін дамыту. -Өз елінің тарихын білуге,отанын сүюге,ұлтаралық достыққа,ерлікке баулу,патриоттық тәрбие беру. Түрі :дәстүрден тыс,әдеби музыкалық кеш. Көрнекілік : тақырып жазылған баннер,бейнедискілер,слайдтар. Мерекелік - концерттік кештің барысы: (Құрманғазының Сарыарқа күйі орындалып тұрады.Сахнаға жүргізушілер шығады.)

1-жүргізуші : Армысыздар қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар. 2-жүргізуші : 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік іс шараға қош келдіңіздер. Гимн. 1-жүргізуші: Бүгін 16-ы желтоқсан Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алғанына 24 жыл тойланып отыр. 2-жүргізуші: Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алуына «Алаш қозғалысы:Тарихымен тағлымы» аттымектебіміздің оқушылары сомдаған шағын өлеңдерін қабыл алыңыздар. ТАРИХ ШЫҢЫ , ТӘУЕЛСІЗДІК ШЫРҒАЛАҢЫ 5-6сынып. ТАРИХ ШЫҢЫ , ТӘУЕЛСІЗДІК ШЫРҒАЛАҢЫ 5-6сынып.

1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздар биімен де үн қосты. «Шаттық» биі.Орындайтын 5-6 сынып оқушылары бахкелді Мерей және Қоңыратбаева Лаура. 2-жүргізуші: Беу туған жер! Сен ыстықсың біздерге. Мыңдаған дастан жатыр халқым басқан іздерде. Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай. Даналықтың жырын жастар іздер ме 1-жүргізуші : С.Тұрғымбековтың «Исатай -Махамбет» трагедиясынан үзіндіден көріністі тамашалаңыздар. Көрініс : қойылымға қатысқан оқушылар 5 «Б» сынып оқушылары Қабдыраш Е.,Ыдырыш Е.,Каримжанов Ұ. Исатай - рөлінде Ыдырыш Е.,Махамбет - рөлінде Қабдыраш Е.

ТАРИХ ШЫҢЫ , ТӘУЕЛСІЗДІК ШЫРҒАЛАҢЫ 5-6сынып.ТАРИХ ШЫҢЫ , ТӘУЕЛСІЗДІК ШЫРҒАЛАҢЫ 5-6сынып.

2-жүргізуші: Аумалы ткпелі заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үшін ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Фон:музыка қою. «Желтоқсан желі» әнін қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші : «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендігімізді сезінеміз» 2- жүргізуші: Тауымыздың тұғыры берік,еліміздің еңсесі биік болсын ! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын ! Бірге : Қош сау болыңыздар .

Жауапты:Тарих және география пәні мұғалімі:Канлыбаева Ж.И. Қазақ тілі,әдебиет пәні мұғалімі:Сатекова А.Т.

Мен мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Тәуелсіздік күніне оқушылардың белсене қатысқаны,біздің тарихымызда тәуелсіздік шырғалаңы оңай келмегенін,отанын сүюге, ел байлығын қорғауға,болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендеуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру болатын.



© 2010-2022