Разработка урока на тему: Абылай хан

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-сынып. Қазақстан тарихы Күні. 29.04.2014ж.

Нусипбаев Жансерик Куантаевич

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан саясаты

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту;

  3. Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік: карта, сызбалар

Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен қарым-қатынасы.

Болжамалы нәтиже: Оқушылардың 7-ші және 8-ші сыныптағы Қазақстан тарихы курсы бойынша Абылай хан билігі тұсындағы еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы білімдерін ұлғайту.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Сабақты бекіту.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  2. Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

«Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбы бойынша үйге берілген тапсырманы сұрау.

Картамен жұмыс:

  1. Картадан Кіші және Орта жүздің қайда орналасқанын көсетіңдер.

Сұрақтар:

  1. Кіші жүздің Ресейге қосылуына Әбілхайыр хан неге мүдделі болды?

  2. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы қандай болды?

  3. Орта жүздің Ресейге қосылуына кімдер ниет білдірді?

  4. XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?

  5. Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?

  6. Ресейге қосылуға қарсы болғандар кімдер?

ІІІ.Жаңа сабақ:

  1. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.

  2. Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері

  3. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  4. Абылайды Қазақстан тарихындағы орны.


  1. Абылай тұлғасының қалыптасуы:

«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».Қосымша деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды Абылай ханның өмірбаянымен таныстыру.


  1. Абылайдың өмірбаяны.


  • Абылай қандай қасиеттермен ерекшеленді?

  • Қалай ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?

  • Абылайдың тұлға болып қалыптасуына қандай қасиеттері ерекше әсер етті деп ойлайсыңдар?

  1. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.

а) Абылайдың ішкі саясаты.

  1. Абылай өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?

  2. Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.

ә) Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  1. Абылай өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?

  2. Бұл шаралар қандай нәтиже берді?

  3. Абылайдың саясатына сендер қандай баға бересіңдер?

Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды?

(Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы)

IV.Сабақты бекіту: Миға шабуыл:

1.Абылай ханның тұлға ретінде қалыптасуына қандай тарихи жағдайлар себеп болды?

2. Абылай хан ішкі саясатта қандай бағыт ұстанды?

3. Абылай ханның шаруашылықты дамытуда бағытталған реформаларын атаңдар.

4. Абылай ханның сыртқы саясатындағы басты мақсаттары қандай еді?

V.Сабақты қорытындылау және бағалау: Қазақ хандығының басына түскен қиын кезеңде сара әрі дұрыс жол таба білген, көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның қазақ тарихында алатын орнының ерекшелігіне көз жеткізу мақсатында бүгінгі күнгі саяси жағдаймен байланыстыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау.

Үйге тапсырма: Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі, 30-параграф, 171 бет.




© 2010-2022