Қазақ халқының материалдық мәдениеті 5сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 «а,в» Бекітілді:____________
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан халқының материалдық мәдениеті жайлы жан-жақты түсінік беру, мәдени даму деңгейі мен ұлттық киім үлгілері, баспанасы және қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қортынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, миға шабу, пікір алысу.

Сабақтың көрнекілігі: Видео роликтер, көркем сурет топтамасы, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.

2. Жаңа сабақ

Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

  1. қызығушлығын ояту.

Жалпы сабағымызды бастамас бұрын мәдениет деген сөзге тоқталайық. Кәне, балалар мәдениет деген сөзді қалай түсінесіңдер, оған не жатады.

Кез келген халықтың мәдениеті, ғасырлар қойнауынан басталады. Материалдық мәдениет сол халықтың шаруашылығына байланысты болды. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды.

Мәдениет

Материалдық мәдениет Рухани мәдениет

- Баспана - Ауыз әдебиеті

- Ұлттық киімдер - Жазбаша әдебиеті

- Қол өнер бұйымдары - Музыка өнері

- Үй жиһаздары - Діни наным сенімдер

- Құрал саймандар - Жерлеу дәстүрі

- Қолдан жасалған бұйымдар - Тіліміз

Материалдық мәдениетіміз сонау көшпелі дәуірден басталады. Арғы ата-бабаларымыз яғни сақ тайпаларының көшіп қонып мал шаруашылығымен айналысқанын білеміз. Киіз үй - материалдық мәдениеттің басты көрнісі. Әрбір отбасы киіз үйді өздері жасап отырды, арба үстіне жасалған киіз үйлерде болды.

Арба үстіне орнатылған жылжымалы үй күйме болды.

Киіз үйдің құрылымы:

Шаңырақ- киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі.

Кереге- киіз үйдің қабырғалары.

Уық- кереге басымен шаңырақты ұстастыратын сүйегі.

Сықырлауық- киіз үйдің есігі.

Үйді жауып тұратын киіздер түндік, үзік туырлық.

Бас құр- киіз үйдің бауы негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарады.

Керегелердің санына қарай киіз үйлер 6,8,12,15,18 қанатты болып және сән-салтанатына қарай Ақ орда, Хан орда, қараша үй болып бөлінеді. (тақтадағы осы үйлерге тоқталайық)

Киіз үйдегі ең құрметті орын- төр.

Есік маңайы босаға. Үйдің дәл ортасындағы орын ошақ.

Киіз үйдің іші екі қанатқа бөлінеді. Оң қанаты әйелдер бөлігі саналып төсек орын, бесік, үй аспаптары, ыдыс-аяқ орналастырылады. Сол қанаты ерлер бөлігі саналып, ер-тұрмандар, қару-жарақтар тұрады.

Енді балалар қазақты шаңырақ өте қастерлі киелі саналады, осыған байланысты халық арасында көптеген мақал мәтелдер айтылады. (оқушылар шаңырақ, кереге, босағаға байланысты мақал-мәтелдер айтады)

Қазақ халқының ұлттық киім кешегіне тоқталатын болсақ. Киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Киім кешек үшін негізінен малдың жүнімен терісі пайдаланылады. Сонымен қатар сән-салтанатқа арнап құнды маталардан да киім тіктіретін болған. Қазақтың киім - кешектеріне - тақия, сәукеле, кимешек, бөрік, тон, шапан, мәсі, етік жатады. Олардың кейбіріне токталып өтейік. Қысқы киімдері қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылатын сыртық киім қалың матамен тыстап тігілген - тон, ішік, шекпен. Қой терісінен тігілген шалбар, түлкі теісінен тігілнен тымақ, құнды аң терісінен астарлап тігілген тон ішік. Көктем мен күзде ерлер, аң терісімен жиектелген бас киім бөрік, ал жазда ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалғанайыр қалпақтар киді.

Әйелдердің бас киімдері: құндыз терісімен жиектелген бас киім кәмшат бөрік, бой жеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік. Қыздардың тұрмысқа шығар кездегі бас киімі сәукеле.

Ерлердің аяқ-киімдері. Ешкі терісінен жасалған мәсі. Былғарыдан жасалған кебіс шәркей, қыста киетін аяқ киім, саптама етік.

Әйелдер үй тұрымысына киетін аяқ киімі кебіс мәсі.

Енді тақтадағы ұлттық киімдерімізге назар аударайық. Суретте көргеніміздей осы киімдерді біз қазір күнделікті тұрмыста киіп жүрміз ба? Қазақы ұлттық киімімізді қай кезде киіп жүрміз.

Қол-өнер бұйымдары.Қазақтар алтыннан, күмістен, асыл тастардан, сүйектен әртүрлі зергерлік бұйымдар әзірлеген. Ұсталар қыз-келіншектердің, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа, қаптырма, шашбау бұйымдарын және қазақ ұсталары айбалта, қылыш, наркескен, сапы, селебе,қару-жарақ түрлері соғып сонымен қатар арнайы аттың ер-тұрмандарын дайындаған.

Тапсырмалар

Түйе жүнінен тоқылған ұзын сулық киім қалай аталады. (Шекпен).

  1. Жүннен басылған аяқ-киім, пима (Байпақ етік).

  2. Әйелдердің түбіттен, жүннен тоқылған жұмсақ мойын орағышы. (Бөкебей).

  3. Малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етілген сырт киім. (Тон).

  4. Аяқ-киімнің табанынан салатын қалың қатты былғары. (Ұлтан).

  5. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. (Тымақ).

  6. Уықтарды жабатын киіз қалай аталады. (Үзік).

  7. Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын сүйегі. (Уық).

Адасқан әріптердің орнын тап.

Мәдениет- д е т м ә и н ғ

Шаңырақ- қ а ң ш ы р т и

Босаға- ғ с а о б т қ

Сәукеле- ш у л с к е л и д

Тақия- о қ я ш т у а г и

Терминдік сөздермен жұмыс.

Наркескен

Сапы

Селебе

Саба

Торсық- қымыз сусын құятын ыдыс.

Күбі- айран пістін ыдыс.

Кестемен жұмыс.

Сәйкестендіру тесті. (153 беттегі 1,2-ші тапсырманы орындау)

Мақал-мәтел сайысы.

Дана қазақ халқымыз әр сөзінің түбінде астары мәні бар.

Мақал сөздің мәйегі даналық сөзден дәм ізде дегендей

(балалар мақал-мәтелдер айтады)

Біздің, яғни Қазақ халқының мәдениеті өте бай, құнды оны бір сабақта айтып түсіндіру мүмкін емес.

  1. Киіз үйдің құрылысын айтып бер.

  2. Киіз үйдің қандай түрлерін білесің.

  3. Қазақтар теріден, ағаштан қандай ыдыс аяқтар, бұйымдар жасаған.

  4. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің.

  5. Қазақтың ұсталық өнері туралы не білесін? Өздерің тұратын жерде ұсталар бар ма?

Үйге тапсырма.

1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті энциклопедиясынан қосымша термин сөздер жазып келу.

2. Ұлттық тағамдар туралы зерттеу.

3. Шағын эссе құрастыру.

Бағалау

Сабақтың тақырыбы: XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы және мал,егін шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XIV-XVғасырлардағы Қазақстан халқының шарушалығы, егіншіліктің дамуы, қалалары мен селолық қоныстары, қолөнері кәсібінің өркендеуі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды жаңа білім сабағын алу барысында өзіндік қорытынды жауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы.

Пәнаралық байланыс: География, математика, еңбек, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: СТО

Күтілетін нәтиже: XIV-XVғасырлардағы Қазақстанның экономиялық жағдайы,шаруашылық,қолөнер түрлері түсіндірілді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі

2. Карточкалар (симантикалық карта)

II.Жаңа сабақ.

Оқушылар топқа бөлінеміз, геометриялық фигура бойынша

I. Қызығушылықты ояту

II.Мағынаны тану

III.Толғаныс

I.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау 10мин

Мәтінмен жұмыс.

Екі топқа тапсырмалар беріледі.

I.топ тапсырмалары: мал шаруашылығы

егін шаруашылығы.

II.топ тапсырмалары: қалалар мен қыстақтар

қолөнер, зергерлік, әйнек жасау.

III.Толғаныс

1.Суреттеу

2.Тест жұмысы

Қорытынды:

Бағалау.

1.Отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында басым дамыды?

А) Батыс Қазақстанда

Ә) Орталық Қазақстанда

Б) Солтүстік Қазақстанда

В) Оңтүстік Қазақстанда

2.XIIIғасырдың 2-жартысында Сырдария бойындағы қалаларда қандай кәсіп өркендей бастады?

А) ұсталық

Ә) үй ішілік

Б) кірпіш күйдіру

В) зергерлік

3.Мал шаруашылығы неше түрге бөлінеді?

А) 2-ге Ә) 3-ке Б) 4-ке В) бөлінген жоқ

4.Көшпелі мал шаруашылығында көшу бағыттарының қашықтығы?

А) 800-1000шақырым Б) 10-15шақырым

Ә) 200-500шақырым В) 1000-2000шақырым

5XIIIғасырдың екінші жартысындағы жандана бастаған қалаларды жаз.

6.Құрылтай жиналысы өткізіліп халық пен қала тұрғындарының белгіленген алам-салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң қай жылы, қай қалада?

А) Тараз 1400ж Б) Сырдария 1300ж

Ә) талас 1269ж В) Сығанақ 1362ж

7.X-XI ғасырларда әйнек жасау кәсібі белгілі болған қалалар

А) Отырар, Тараз Б) Созақ, Иасы

Ә) Түркістан, Сырдария В) Отырар, Сығанақ

8.Отырар қаласындағы шеберханалардың аумағы қанша жуық жерді алып жатыр?

А) 1гектарға жуық Б) 3гектарға жуық

Ә) 2гектарға жуық В) 5гектарға жуық

Симантикалық карта

Жер атауы Лауазым атауы Салық атауы

Ұлысбек +

Атабек +

Тағар +

Инақ +

Вакер +

Даруғалар +

Зекет +

Баж +

Иқта +

Миришкар +

Харадж +

Инжу +

Ішік аға басы +

Құшыр +

Көкілташ +

Қалан +

Жасауыл +







Тақырыбы:Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты

Сабақтың мақсаты

Білімділік : XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.Алған білімді терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену.Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.

Дамытушылық: Дайын дерек көздерін, сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , саяси қуғын -сүргіннің құрбаны болған қоғам қайр/ң суреттері

Сабақтың жоспары

1. Сталин және тоталитарлық режім .

2. Саяси қуғын - сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы.

  1. Қазақстанның "лагерлік өлкеге " айналуы.

  2. Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған қоғам қайраткерлері

  3. Саяси қуғын - сүргіннің нәтижесі

Терминдермен жұмыс

Тоталитарлық режім

Саяси репрессия

Геноцид

Тоталитарлық режім - Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.

Геноцид - бір халықты және ұлтты жойып жіберу саясаты.

Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршалы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі . Сталин 3 рет Ленин орденімен , 2 рет "жеңіс орденімен", Социалистік Еңбек Ері және Кеңес Одағының Батыры тағымен марапатталған.Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, , Шығыс Сібірге жер аударылды. Айдаудан 1917ж Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП - ның ОК бюросының құрамына Және "Правда" редакциясына енді.

Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі - Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып тағайындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.

Саяси қуғын - сүргіннің себебі, сипаты, барысы

"Корзина идей" стратегиясы

І- топ себебі, сипаты

ІІ- топ барысы

Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:

Қазақстанда саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.

Мақсаты:

  • отаршылдық салдарын жою

  • саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру

  • тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру

  • Статистикалық мәлімет

  • Ресми деректер бойынша КСРО -да 3,77 млн адам сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары

  • 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар.

Саяси қуғын-сүргін сипаттары:

  • 1921 - 23 жылдарда малды тартып алу

  • малдан айырылудың кесірінен болған аштық

  • шаруалар көтерілісі мен "бандыларды жою" деп аталған қырғын науқан

  • бай -кулактарды жою, олардың мүліктерін

тәркілеу және жер аудару

  • 1923-33 жж арлығындағы дін өкілдерін жазалау

  • халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес


Сұрақтар: 1937-1938жж репрессияға ұшыраған алаштың біртуар азаматтарын ата?

1937-1938жж репрессияға ұшырағандарға тағылған айып түрлері ?

Айып түрлері :халық жауы

  • Отанына опасыздық жасағандар

  • шпиондар

  • сатқын

  • буржуазияшыл -ұлтшыл

Сұрақтар: Жазаның түрлерін ата ?

Жаза түрлері

  1. Жаппай өлім жазасына кесу

  2. Түрмеге қамау

  3. Тұтас жер аудару

  4. Қылмыстық істерді қолдану

  5. Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау

Шығармашылық жұмыс


Салыстыру

Бекіту кезеңі:

Кеңес билігінің тұсында құғын - сүргіннің қайталанып отыруының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Қазақстанның құқығы жоқ мемлекет болғандығын неден дәлелдеуге болады?

Кері байланыс

  1. Бүгінгі сабақта мен үшін жаңа болған идеялар

  2. Маған ұнаған идеялар

  3. Менің көңілімнен шықпаған тұстары

Үй тапсырмасы : Эссе жазу

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары, "Алаш " партиясының

қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат жинау.

Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағаланады.



© 2010-2022