XXI ғасыр қосбасшысы сайыс

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

XXI ғасыр қосбасшысы сайыс

Аменова Асем Кайырбековна

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Березняковка ОМ

ХХІ ғасыр көшбасшысы -интеллектуалдық шоу

Тақырыбы . Түрік тілдес елдер.

Мақсаты: Түрік тілдес елдердің экономикасы , әлуметтік жағдайы туралы алған білімдерін жүйелеу, біліктігін ,іскерлігін арттыру.Оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге деген қызығушылығын артыру.Оқушыларды бауырмалдыққа,өз елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың формасы.Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі . Сұрақ - жауап.

Сабақтың құрылымы.

1-бөлім. «Бәйге».

2-бөлім. «Көкпар».

3-бөлім. «Полиглот».

4-бөлім. «Егер мен болсам».

5-бөлім. «Жорға».

Сабақтың барысы.

1- бөлім «Бәйге».

Оқушылар түрік тілдес елдер туралы сұраққа жылдам жауап берулері қажет.

  1. Түрік тілдес елдердің алғаш картасын жасаған ғалым (Махмұт Қашқари).

  2. Түрік тілдес елдері туралы алғаш мәліметтер жинаған кім?

( Араб ғалымы Әл Идриси).

  1. Ұлы Жібек жолы қай жерден басталады?(Қытайдың Шиан).

  2. Түрік халықтарына ортақ ғұлама ғалым, кемеңгер ақын,бүкіл Тұран жерін мекендеген түрік халықтарының рухани атасы (Қожа Ахмет Иассауи).

  3. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөл қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғары (Жоңғар Алатауы).

  4. Түріктердің өте бай салт-дәстүрі (Мевлана би Фестивалі).

  5. Өзбектің ғұлама ғалымы Ұлықбекке әлемдік даңқ әперген қандай еңбегі?(астрономиялық жаңа кесте).

  6. Қырғызстан Республикасы түрік тілдес елдердің қандай қасиетімен әйгілі? (рекрациялық ,яғни емдік қасиетімен).

  7. Неліктен Кипр Республикасы «Кипр»деп аталады («Купрум»мыс кені үшін).

10.Ежелгі түрік тілдес халықтардың кір жуып,кіндік кеске отаны.(Орталық Азия).

11.Түркіменстан дүниежүзілік нарыққа қаракөл елтірісінің қандай түрлерін шығарады?(«Шираз», «Алтын сұр») .

12.Түркі тілдес елдердің ішіндегі халқы өте сирек оналасқан мемлекет (Түркіменстан).

2 - бөлім. «Көкпар».

География курсынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріледі.

1.Қазақстан ғылым академиясының тұнғыш президентті кім?

( Қаныш Имантайұлы Сәтбаев)

2.Антрактидаға алғаш барған қазақ ,Талғаттың ағасы (Марат Мұсабаев).

3.Қазақстан неше елмен шектеседі ? ( 5 елмен)

4.Дүние жүзінде неше сағатты белдеу бар (24).

5. Дүние жүзіндегі ең биік шың (Джамалунгма 8845м).

6. Қазақтың ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа).

7. Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал).

8. Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр?(Есіл).

9. Ең кішкентай материк (Австралия).

10. Қазақстанның шекарасының ұзындығы (15000 шақырым).

11. Қырғыздың атақты «Манас»жырын алғаш жазып алған кім?(Шоқан Уәлиханоов).

12.Дүние жүзінде теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыс )Қарақия ойысы -132м).

13.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы ( 1991ж.).

14. Климат құраушы факторлары (Жер бедері, күн радиациясы , атмосфера циркуляциясы).

15. Қанша климаттық белдеу бар?(он үш белдеу).

3- бөлім. «Полиглот».

Мұнда берілген жұмбақ, тапсырмаларды үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)жауап береді.

  1. Бетін адам ашады,

білім нұрын шашады.(кітап)

  1. Жылт- жылт етке,

Жылғадан өтке. (су)

3.Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызыл,

Жүргенде білінбейді басқан ізі.(Күн мен Ай)

4.Таңмен көзін ашады,

Әлемген нұрын шашады.(күн)

5.Ай үстінде алты тас,

Алайын десем табылмас. ( Жұлдыз)

6. Дәу қара құс көрінді,

Көзінің жасы төгілді.(Бұлт)

7. Ол келсе орман шулайды,

Толқын теңіз тулайды.Қуса өзін қуады,Ешкім оны қумайды.(Жел)

8.Орманнан жалпақ даладан.

Бал іздеп бір аң жортады,

Кіп- кішкене арадан,үп-үлкен боп қорқады.(Аю)

4 - бөлім. «Егер мен болсам»

Мұнда финалға шыққан оқушылар ғана қатысады.Олар берілген тақырыптарға кең ауқымды тоқталып,сұраққа екі минутта тиянақты жауап береді.

  1. Егер мен қазіргі Ш. Уәлиханов болсам,

  2. Егер мен туристік фирманың президенті болсам,

  3. Егер мен мұнай мен газ қорының үлкен қорын тапсам,

  4. Егер мен Білім министірі болсам...

5 - бөлім. «Жорға».

Ең,ең,ең деген қайталамбас табиғат кереметтері туралы.

  1. Ең үлкен материк (Евразия).

  2. Ең кіші мұхит(Солт.мұзды мұхит).

  3. Ең үлкен арал (Гренландия).

  4. Ең ыстық материк (Африка).

  5. Ең ұзын өзен(Ніл).

  6. Ең биік сарқырама(Анхель,биіктігі -1045м. Ориноко өзенінде)

  7. Ең терең көл (Байкал).

8.Сүтқоректі балық ( кит, дельфин).

9.Ең ұзыннан созылған тау (Анд).

10.Ең халықы көп мемлекет (Қытай).

11.Ең кіші материк (Австралия).

12. Ең үлкен мұхит (Тынық).

13. Ең биік тау (Гималай).

14.Ең суық материк(Антарктида).

15.Ең суы мол өзен (Амазонка).

16. Ең биік орналасқан көл (Титикана).

17.Ең ылғалды материк ( Оңт. Америка).

18. Ең терең шұңғылама (Мариана).

19. Қаталы жануар (Кенгуру).

20. Ең үлкен шөл (Сахара).

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтама ұсынылады.







© 2010-2022