Азия және Африка елдері

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектебі: «әл-Фараби» мектеп-лицейі, СҚО, Петропавл қаласы

Мерзімі: 20.02.2017

Сынып: 11

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Мұғалімі: З.К.Жиентаева

БиС технологиясын қолдану

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» технологиялық картасымен жасалған тапсырмаларды орындау жұмысы, БЖС технологиясы. Мақсат: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Көшбасшыға сөз беріледі - 1 минут

2. Қабылдауды ұйымдастыру - II тарау- «Азия және Африка елдері»

Тірек сөздер:

1.Азия

2. Африка

3.Жапония

4-5. «Ғажайып даму»

6. Инвестиция

7. Түркия

8. К.Ататүрік

9-10. Тұрғыт Озал

11.С.Демирал

12. Ауғанстан

13. Иран

14. Қытай

15.Моңғолия

16-17. «Мәдени революция»

18.Корея

- Тірек сөздерді жаттау - 2 мин.15 секунд

- Тірек сөздерді жатқа жазу - 2 мин.15 секунд

- Дәптерлерімен алмасады, оқып, сөз санын жазады-2 минут 15 сек.

- Мұғалім ООМ-ға жазады - 2 минут 15 сек.

3. Ұғынуды ұйымдастыру: 7 тарауға шолу жасайды -5 минут беріледі

4. Түсінудің бірінші тексерілуі: Қарама-қарсы сұрақ қойылады -10 минут

1. Жапония тізе бүгу актісіне қол қойды? - 1945 ж. 2 қыркүйек

2. Қай мемлекеттің әскері Жапонияны басып алды? - АҚШ

3. Жапониядағы буржуазиялық бағыттағы 2 партияны атаңыз? - Либералды және демокртиялық

4. Жапон-Қазақстан ынтымақтастығы қай жылдан бастап жеміті дамуда?- 1992 жылдың басынан бастап

5.Соғыстан кейінгі жылдары Түркия қоғамында К.Ататүрік негізін қалаған өндірісті дамытуды мемлекеттік қолдау саясаты қалай аталады? - этатизм

6.Тұрғыт Озалдың мемлекетті дамытудағы бағдарламасы қалай аталды? - «Тұрғыт Озал үлгісі», «Түрік үлгісі», «ашық экономика үлгісі»

7.1952 жылы Түркия қандай ұйымға мүше болды? -НАТО-ға

8.Қай жылы Ауғанстанның «толық бейтараптық» саясаты жөнінде қаулы қабылданды? - 1941 ж.

9. Қай жылдан бастап паранжы тарту заңы бойынша Ауғанстанда қыз-келіншектер беттерін емін-еркін ашып жүруге мүмкіншілік алды? - 1959 ж.

10.Ауғанстан Демократиялық Республикасы қашан жарияланды? - 1978 ж.

11. КСРО әскері Ауғанстанға қашан енгізілді? - 1979 ж. желтоқсанда

12.Кеңес әскері Ауғанстаннан қай жылы шығарылды? - 1989 ж. 15 ақпанда

13.Алғашқы талиб жасақтары қай жылдан бастап кріне бастады? - 1994 ж.бастап

14.1962 жылдан бастап Иран шахы Пехлевидің реформалық әрекеттері басталды. Бұл оқиға қалай деп аталды? - «Ақ революция»

15. Реза шах Пехлевидің «Ақ революциясының» мақсаты не болды?- елді индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, білім және денсаулық салаларын жаңарту

16.Иран-Ирак соғысы қай жылдары болды? - 1980-1988 жж.

17.Қытай Халық Республикасы жарияланды? - 1949 ж.1 қазанда

18.Мао Цзэдун бастаған топ коммунизмге тез өтудің басты құралы не деп жариялады? - "Халық коммунасы"

19. Қытайдағы «Мәдени революция» өткен жылдар? 1966-1976 жж.

Сыни сұрақтар:

1.Қытайдағы «Мәдени революцияның» мақсаты ел экономикасын нарықтық қатынастарға көшіру болды? -жоқ, Мао Цзэдунның жеке үстемдігін орнату болды

2.60-70 жылдары КСРО мен Қытай қатынастары жақсара түсті?- жоқ, қайта шиелінесе түсті

3.Батыс елдері Қытайды өз жағына тарту үшін көп қаражат берді? - жоқ, Қытайды БҰҰ -ға мүше болуға шақырды

4.1997 жылы ақпанда Қытай «реформаларының атасы» Мао қайтыс болды?- Дэн Сяопин қайтыс болды

5.Қытай халқы коммунистік партиясының жетекшілігімен үлкен табыстарға жете алмады? - жоқ, зор табыстарға жетті, өз халқын, тамақпен, киіммен толық қамтамасыз етті

6.Қытай экономикасы дамыған елдер қатарына қосыла алмады? - жоқ, қосылды

7. 1999 жылы Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылды? - жоқ, 2001 ж. қосылды

8.1989 жылы КСРО мен Қытай әлі араз болды? - жоқ, керісінше, қарым-қатынас жақсарды

9.Қытай мен Қазақстан арасында 4 -тен астам келісімдер жасалған?- жоқ, 40-тан астам

10.Шанхай Ынтымақтастық ұйымы тұйықтық әскери одаққа жатады? -жоқ, тұйықтық әскери одаққа жатпайды, керісінше, халықаралық ынтымақтастық қатынасты нығайтуға бағытталған ұйым

11.Шанхай Ынтымақтастық ұйымы 2001 ж. құрылды?- иә

12.2003 жылы көмір өндіруден Қытай бірінші орынға шықты?- иә

13.Қытайдың экономикалық қуатының өсуіне 1997 жылы Гонконгтың қосылуы әсер етті? - иә

14."Социалистік нарықтық экономика " немесе «қытайлық ерекшелігі бар социализм» орнату мәселесін алғаш 1992 жылы Дэн Сяопин жариялаған болатын? - иә

15.2007 жылы Қазақстан-Қытай қатынастары жаңа сапалы деңгейге көтерілді? - иә

16. Екі жақты келісім барысында қандай екі құрылыс салу мәселесі шешілді?- Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Түркменстан газ құбырын салу және Атасу-Алашанькоу арасындағы мұнай құбырларын кеңейту

17.Қытайдағы ең қиын әрі салмақты мәселе не? - сыбайлас жемқорлық

18.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Моңғолия социалистік жолмен дамыды? -иә

19.Моңғолияда 130 мыңнан астам қазақ тұрады? - иә

4. ТСҚ -«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және қазіргі кездегі Азия елдері» тақырыбына шағын шығарма жазу- 5 минут

5. Бағалау

6. Үй тапсырмасы: 2 тарау





© 2010-2022