Қазақстан болашағы білімді ұрпағында (интеллектуалды ойын)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан болашағы білімді ұрпағында

(интеллектуалды ойын)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін тексеру, еліміздің экономикасына үлес қосушы білімді жастар бол уына шақыру, сенімдерін ояту, сегіз қырлы бір сырлы жастарды тәрбиелеу.

Барысы: «Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» атты білімпаздар сайысына қош келдіңіздер!

Қыран құсым көк аспанда самғаған,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

«Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз»

«XXI ғасыр-білім ғасыры», «Қазақстан -2030».

Міне, Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған елбасымыздың «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Елбасымыздың жолдауы егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу.Иә, осындай көкірегіне болашаққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі жолдау бағалы сыйлық.

Сынып жетекшісіне сөз беріледі.

XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашықта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

«Әнұран» орындалады.

Әділқазылармен таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүрік ойға сол алда.

Сайыстың 1- кезеңі. «Визиткалық карточка» деп аталады.

1) «Жас талант мүшелері»

2) «Болашақ мүшелері»

3) «Жалын мүшелері».

2-кезең Тіл сындыру.

а) Жаңылтпаштар барлық топ мүшелері айтып шығады.

1-топ

Сегіз семіз серке,

Семіз, семіз серке,

Сегізі де егіз, сегізі де сегіз.

2-топ

Өкпелеп қуып,

Көшкен ауылды.

Өкпем өшті,

Өкшем ауырды.

3-топ

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлаған.

ә) адамның сезімін мимикамен көрсету

- қатты қуану

-ашулану

- ренжіп отырған сезімді жасыру

б) белгілі бір сөзді әр түрлі екпінге айтып шығу

-алма, кір

-прокурордың айыпты сөзі

-науқастың дәргерге арызы

-ауа-райын болжау, хабарлау

3) кезең: Тапқыштар.

7 минут ішінде мәтіннің қатерлерін тауып, дұрыста.

3- топқа тапсырма беріледі.

«Тапсырма орындалғанша көрермендермен, оның ішінде жанкүйерлермен жұмыс,бір әріптен басталатын сөйлем құрау».

4-кезе. Капитандар алған!

а) Бұл есімдер нені білдіреді?

(30 секунд ішінде бұл адам туралы көп мәлімдеу, яғни туған жылы, ашқан жаңалығы, еңбегі тағы сол сияқты).

Ыбырый Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Әбу Насыр Әлфараби

ә) Барлық пәндер тамаша! «Сүйікті пәннің жақсы жақтарын айтып шығу»

5-кезең. Актерлік шеберлікті көрсету сайысы. Пантомимика.

а) Жұмыс істеп тұрған шаңсорғыш.

ә) Жел қағып тұрған жіптегі киімдер.

б) Жанып бірақ сөнгісі келіп тұрған шам.

в) Үрленген шар, ішіндегі желі шыққалы тұрған.

г) Шырылдамай қалған сағат.

6- кезең Сөзжұмбақ құру. (Белгілі уақыт аралығында бір пәннен сөзжұмбақ құрастыру).

7- кезең. Білімпаздар, зерделілер алға!

Әрбір сыныпқа оқылып жатқан пәндерінен 20 сұрақ қойлады. 1 сұраққа бір ұпай.

Әділқазылар сайыстың қортындысын жариялайды.Жеңімпаздарды құттықтау. Кештің жабылуы.

Тарих пәнінің мұғалімі: Торгузова Д.Н.

© 2010-2022