Қазақстана тарихы. ҚМЖ. 8 сынып. Хандық биліктің жойылуы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыс: Жамбыл

Қала: Тараз

Мұғалімнің аты-жөні: Джангазиева Айнур Турсынхановна

Сабақтың тақырыбы: : «Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.»
Сабақтың мақсаты: Хандық биліктің жойылуы туралы түсінік беру.1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғының

нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Хандық биліктің жойылу алғы шарттарын, себептерін, мақсатын, барысын талқылайды.

2. Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді

салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету;

3. Өз ұлтының тарихы алдындағы құрметтеу жауапкершілігі қалыптасады

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: диалог, АКТ, сұрақ жауап, білім баржасы, мың бір мақал, адасқан әріптер,

түртіп ал, венн диаграмма, бес саусақ, деңгейлік тапсырмалар

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: АКТ, оқулық, қосымша мәліметтер, слайд, түрлі түсті

қималар, бағалау парақшасы, маркер, ақ қағаздар, бағалау критерийлері

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар өз бетімен жұмыс істейді, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстырып талдай алды.

2. Өз көзқарастарын дәлелдеп пікірсайысқа түсті


Психоло

гиялық дайындық

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу.

  1. Шежіре орталығы

  2. Тарих орталығы

  3. Ақиқат орталығы

  4. Жарғы орталығы

«Мен қандаймын?» әдісі бойынша түс таңдау арқылы мінездеріне сипаттама береді.

АҚ - ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

ҚЫЗЫЛ - шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл,

қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ - қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК - салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ - қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

Амандасу. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару,топқа бөлу

Оқушылар Шежіре, Тарих, Ақиқат, Жарғы, деген сөздері таңдау арқылы топқа бөлінеді. «Мен қандаймын?» әдісі бойынша өздерінің мінездеріне сипаттама алады. Сабаққа дайындық, назарын сабаққа аудару

Білу

8 минут

«Білім биржасы» ойыны. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы еске түсіріп, қайталау. Бағалау: смайлик арқылы


  • - дұрыс (1 ұпай)

Үй тапсырмасын «Мың бір мақал» әдісі бойынша тексеру. Отан, ерлік туралы мақал - мәтел айту.

Бағалау : смайликтердің санына қарай бағаланады. Әр смайлик 1 ұпай

Тапсырманы түсіндіреді. Оқушылардың жауаптарын тыңдайды.


Шартымен таныстырады, бақылайды, қадағалайды

Деңгейлік тапсырмалар таңдап алып, оған жауап береді


Отанға, ерлікке, бірлікке байланысты мақал-мәтел айтады

Жаңа сабаққа дайындық

1 минут

«Адасқан әріптер» әдісі

ДАҚХНЫ КІБТҢІИЛ УЖЙЫОЛЫ

(ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ)

Әріптерді орнына қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу

Шартымен таныстырады, барысын бақылайды.

Өз ойларын ортаға салады, топпен талқылайды

Түсіну


Қолдану


7 минут

Әр топтарға топ атауларына байланысты тапсырмаларды үлестіру

  1. Шежіре орталығы хандық биліктің жойылуының алғышарттарымен таныстырады

  2. Тарих орталығы сібір қазақтары туралы жарғы тарихымен таныстырады.

  3. Жарғы орталығы кіші жүздегі реформа барысымен таныстырады

  4. Ақиқат орталығы хандық биліктің жойылу барысындағы өзгерістермен таныстырады

Әр топтың тапсырмаларымен таныстырады, міндеттерін анықтап береді

Оқулықпен, қосымша ақпаратпен жұмыс жасай отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырмамен танысады, топ ішінде талқылайды. Оқушылар топ ішінде өз ойларын айтады, ортақ шешім қабылдайды.

Талдау

12 минут

Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.

«Түртіп ал» әдісін қолдану. Оқушылар өздеріне маңызды деген мәліметтерді түртіп отырады

Оқушылардың пікірлерін тыңдайды

«Түртіп алу» тапсырмасын түсіндіреді.

Оқушылар бір-бірінің пікірлерін тыңдап,ой қосады. Өздеріне маңызды мәліметтерді түртіп отырады

Сергіту сәті

2 минут


«Қара жорға» биі

Сергіту сәтін жүргізеді.

Би қимылдарын қайталап, ырғағын келтіріп жасайды

Жинақтау

5

минут

Қазақ ұлттық басқару жүйесінің құрылымы мен ҚР-ның басқару жүйесін Венн диаграмасы арқылы салыстыру


Топтардың бірін - бірі бағалау әдісі:

Қазақстана тарихы. ҚМЖ. 8 сынып. Хандық биліктің жойылуы

Сұрақтарды оқиды, тапсырманың орындалуын қадағалайды және оқушыларға бібірін тексеру жұмысын жүргізеді


Сұрақтарға «ия» «жоқ» деп жауап береді, қасындағы жолдасының жұмысын тексеріп бағалайды.

Бағалау























Рефлексия

3 минут





















3 минут

Бағалау

Топ жұмысын бағалауКезеңдер


«Білім биржасы»

«Мың бір мақал»

«Венн диаграмасы»

Белсенділігі

Идея ұсынуы

Қорытынды

Топ атауы














Қорытынды бағалау

Өте жақсы - «5»

Жақсы - «4»

Нашар - «3»

«Бес саусақ» тәсілін қолдана отырып рефлексия жаздырту.

Қазақстана тарихы. ҚМЖ. 8 сынып. Хандық биліктің жойылуы

  1. Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

  2. Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

  3. Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжирибе алдым?

  4. Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  5. Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Үйге тапсырмасы & 10 оқу

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау, термин сөздермен жұмыс жасау

Бағалау парақшасын толтыруды тапсырады, әр кезеңнің бағалау критерийлерін ұсынады.





Түсіндіреді, әр саусақтың сұрақтарымен таныстырады.

Әр топ мүшелері критерийлерге сүйене отырып бағаланады, бірін-бірі бағалайды





Оқушылар өздерінің ойларын, пікірлерін бес бармақ бетіне түсіреді.



© 2010-2022