Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы. Сабақ жоспары. 7 сынып

Күні: 7 сынып Қазақстан тарихы Сабақ атауы Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы Сілтеме Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы”, Алматы, « Атамұра» 2010жыл Ж.О.Артықбаев,Ә.Ә.Сабданбекова,Е.А.Әбіл. Жалпы мақсаты Оқушыларға Қазақстандағы Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелері мен сәндік қолданбалы өнердің дамуы туралы түсінік беру Күтілетін нәтиже тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену, - өз бетімен білім алушылық қабілет...
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

7 сынып

Қазақстан тарихы

Сабақ атауы

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы


Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, "Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы", Алматы, « Атамұра» 2010жыл Ж.О.Артықбаев,Ә.Ә.Сабданбекова,Е.А.Әбіл.


Жалпы мақсаты

Оқушыларға Қазақстандағы Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелері мен сәндік қолданбалы өнердің дамуы туралы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту

Негізгі идеялар

Көне тарихи ескерткіштерді ,ұлттық құндылықтарды сақтап,қастерлеуге,өнерді түсінуге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дереккөздер

Интернет деректері, «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналдары,сайттар,ресурстар,суреттер, энциклопедия.

Тапсырмалар


Мұғалім жазбалары

І.Ұйымдастыру жұмыстары:

II. Үй тапсырмасын сұрау
Сыныпты 3 топқа бөліп, әр топқа үлестірме қағаздарға, жазылған сұрақтар беріледі. Сұрақтар IX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуына байланысты қойылады.
1 - топ
1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды?
2. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
3. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
4. Зергерлік кәсіп пен сүйек ұқсатуға сипаттама беріңдер

2 - топ
1. Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер
2. Айырбас сауда деген не?
3. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді
4. Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар?

3 - топ
1. Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсуімен байланысты болды?
2. Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал - саймандар жасалды?
3. Егіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?
4. Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер

III. Үй тапсырмасын бекіту.
(Сұрақ - жауап арқылы бекіту)
1. Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
2. Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?
3. Қандай егін дақылдары өсірілді?
Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Сәулет, құрылыс жүйелері
3. Кесенелер, моншалар
Х - ХІІ ғасырларда салынған Айша - бибі, Арыстан баб (әулие), Бабаджа-қатын кесенелері бейнеленген құжатты бейнетаспа көрсетілді.
І топ.
1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
2. Ғаныш дегеніміз не?
3. ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде қандай кірпіштер кеңінен пайдаланылды?
ІІ. Топ
1. Х - ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
2. X - XII ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI - IX ғасырларымен салыстырғанда қандай артықшылықтары болды?
3. Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны ашылды?
ІІІ - топ
1. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
2. Қандай кесенелерді білесіңдер?
3. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?
Сергіту сәті
Хронологиялық диктант
ХІ ғасырда - Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.
Х І - ХІІ ғасырларда - Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.
Х - ХІІ ғасырларда - Сәулетті ірі құрлыстар салына бастаған.
Х - ХІ ғасырларда - Бабаджа - қатын кесенесі салынған.
ХІ - ХІІ ғасырларда - Айша бибі кесенесі салынған.
ХІҮ - ХҮ ғасырларда - Әмір Темірдің бұйрығы мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауидің кесенелері салынды.

Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
1. Бабаджа қатын кесенесі - а) Түркістан
2. Айша - бибі кесенесі - ә) Тараз
3. Арыстан баб кесенесі - б) Тараз
4. Қажа Ахмет Йассауи - в) Түркістан

Термин сөздер
Ғаныш - Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Терраката - Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Мешіт - Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны.
Кесене - Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына
тұрғызылған.

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы. Сабақ жоспары. 7 сыныпСәулет өнері мен құрылыстың дамуы. Сабақ жоспары. 7 сынып
РефлексияСәулет өнері мен құрылыстың дамуы. Сабақ жоспары. 7 сынып

бағалау


Кейінгі тапсырмалар

Қазіргі Қазақстанның алыс -жақын елдерімен сауда байланысы туралы

мәлімет жинау



© 2010-2022