Атадан қалған асыл мұра

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты: Ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.

Қазақ даласында өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен таныстыру,

Балалардың ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорларын арттыру.

Жас ұрпақты сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызба. Төле, Әйтеке, Қазбек билердің суреттері. «Ақылдың кені-данышпан», «Сөнбес жұлдыздар» атты слайдтар. Нақыл, ақыл, шешендік сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Негізгі бөлім

Кіріспе:

Біздің абыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы, құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді ақыл-парасат, ойлы да арлы адамгершілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған. Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтар да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып келеді. Болашағымызбен өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы - қариялар.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз» деп аталады. Ашық сабағымыз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.

Сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Сиқырлы кітап.

Иә балалар, біз сиқырлы кітапты оқып, білімімізді толықтырып, тапқырлыққа, шешендікке үйренеміз. Сиқырлы кітап бірнеше бөлімнен тұрады екен. І бөлім «Аталы бала-ақылды» деп аталады екен. (Көрініс)

Жігіт:

Ата! Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба?

Қарт:

Е, балам! Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соңыңнан ерген елің болса,

Бәрінен де сөз бастау қиын.

Тауып айтсаң, мереке қылады.

Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:

Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Қарт:

Е, балам! Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады.

Су түбінде жатқан сөз жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз шер тарқатса шығады.

Жігіт:

Рахмет, ата!

Қарт:

Ақылды бол, балам!

Ұлағатты сөздер өте көп.

Әділ төре ел бастар,

Аға жігіт қол бастар.

Батыр жігіт жау бастар.

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң бүркіт жи,

Қыс тоныңды түлкі етер

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас-тозбас мүлік етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бүкіл алаңға күлкі етер.

Балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ,

Ақыл адамды аздырмайтын ем,

Білім - таусымайтын кен.

Адамның басшысы - ақыл,

Жетекшісі талап

Шолғыншысы - ой

Жолдасы - кәсіп

Қорғаны - сабыр

Қорғаушысы - мінез болуы керек.

1-оқушы:

Атам менің әманда

«Әдепті жан бол» деген

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп қол берем.

2-оқушы:

Атам менің әманда

«Кішіпейіл» бол деген

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем

Атам менің әманда

«Әділетті бол деген»

Ата сөзі санамда,

Жүремін тура жолменен.

3-оқушы:

Атаң болса анаңмен -

Алтыннан соққан қорғаның.

Санаң болса ақылды

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса, мақтаныш

Семсер қылыш, білегің

Ақылды қыз, ақылды ұл-

Өкпе-бауыр жүрегің.

4-оқушы:

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Көрініс:

Бала:

Ата, табиғат жаратқан дене мүшелеріміз не үшін керек?

Қария:

Екі көзіміз жақсыларды көру үшін,

Екі қолымыз елге көмек беру үшін.

Құлақ деген ақыл-кеңес тыңдау үшін,

Жүрек деген жауларыңнан қорықпау үшін.

Тіл мен жағың ақиқатты айту үшін,

Ал аяғың шетте жүрсең туған жерге қайту үшін керек.

Мұғалім:

Келесі бөлімнің қалай аталатынын білу үшін жұмбақтар шешейік.

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкеңнің,

Білер соны сұраған.

Ол кім?

(Атаң)

Аймалайды «күнім» деп

Мейірімді жүзі күлімдеп

«Тәтті-ақ» дейді немере,

«Бал-шырындай үнің» деп.

Ол кім?

(Әжең)

Атаңның баласы

Асқар тау қорғаның.

Анаңның серігі

Панаң ғой ол сенің.

Ол кім?

(Әкең)

Әлпештеп өзіңді өсірген

Нағашы әжеңнің баласы

Біреуге ибалы келін де

Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім?

(Анаң)

Отбасының қос шынары «Ата мен әже» және «Әке мен шеше екен»









Тақырыбы: «Атадан қалған асыл мұра».


Мақсаты:
Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, әділ де, шешен ата бабаларымыздың асыл сөздерін, ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұтып, ана тілді құрметтей білуге баулу.


Оқушыларымызды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, еңбекке, өнер мен білім алуға тәрбиелеу.


Жан-жақты ойлау, тіл байлықтарын дамыту.

Сабақ түрі: топтық жарыс
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, тақырыптық суреттер, сөзжұмбақ

Сабақ барысы:
Мұғалім:
Баба тілін қадірле,
Болашқтан түңілме!
Айналайын жастарым,
Аралас тілге үңілме!
Асан Қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл
Әз Жәнібек, Керейлер
Сыйлап өткен ғажап тіл
Осы тілді білмеген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілін қадір тұт.

Қазақ халқы - шешен, ділмар, жауынгер халық болған. Олар аттың жалы, түйенің қомында жүріп - ақ, ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды. Жерді сақтап қалу ер жүрек батырлардың, азулы шешендердің үлесіне тиді. Біз іздене жүріп, ата-бабамыздан қалған сөздерді, қазіргі таңда ұмыт болып, қолданыстан шығып қалған сөздерді қайта жаңғыртып еске түсіру мақсатында: топ ішілік сынып сағатын өткізіп отырмыз. Қатысқалы отырған 8 «А» сыныбы. Сабақ тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз».

Топтық жарыс 4 бөлімнен тұрады. Олар:
«Қазақтың сандық белгілері»

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

«1001 мақал, 101 жұмбақ»

«Ойнайық та ойлайық»

І-сайыс
«Қазақтың сандық белгілері»

Тақырып:


10


20


30


40


50


3-сандық белгілер


10

Үш көзге не жатады


20

Үш тоқтам дегеніміз


30

Үш жүзге жатады


40

Үш жамандық дегеніміз


50

Ер жігіттің үш жұрты


7-сандық белгілер


10

Жеті атаны ата


20

Жеті қазынаға не жатады?


30

Жеті жұтты ата


40

Жеті жоқ


50

Жеті жетімді ата


4-сандық белгілер


10

Төрт түлікке не жатады пірлері


20

Төрт мұрат


30

Төрт кітап


40

Төрт қорлық


50

Төрт періште


5-сандық белгілер


10

Бес өсиет


20

Бес намаз


30

Бес парыз


40

Бес борыш


50

Бес асыл, бес дұшпан

ІІ-сайыс «Тапқыр болаң, тауып көр»

Сұрақтар:
Есік маңы-

Киіз үйдің төбесі-

Үйдің дәл ортасындағы от жағатын орын-

6-қанаттан құралып, малшыларға арналған үй-

Киіз үйдің қабырғалары-

3-4 керегеден тұрғызылып, әскери жорықтарға арналған үй-

Жасауы неғұрлым бай, үйлену тойын өткізуге арналған үй-

Керегенің басы мен шаңырақты ұстастыратын сүйек-

Керегелерге жабылатын киіз-

Уықтың үстінен тартылатын жалпақ тоқымалар-

Киіз үйдің есігі-


ІІІ-сайыс
«1001 мақал, 101 жұмбақ»







Жұмбақтар:
Жылт-жылт еткен, Атадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұра

Жылғадан өткен
Көреді бәрін өзгенің,

Көрмейді бірақ өздерін
Кішкентай ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар
Есігін ашсаң, сайраған бұлбұл,

Есігін жапсаң жайраған құр күл.
Кезікті бір жануар,


Үстінде екі тауы бар
Даладай кімнің кең пейілі?

Данадай кімнің мол мейірі?
Адамға серік,

Күзетке берік.

Тілден ұшып құлаққа қонады

Үлкен-үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
Қара сиырым қарат тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр.
Кіп-кішкентай қараша,

Тұрған жері тамаша
Бір-ақ сәтте жер көркі
Алады шарлап қараса.
Тал басында

Түндіксіз отау
Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады
Ешбір бұйым тікпеген,

Үсті толған көк тебен.

ІV-сайыс
«Ойнайық та ойлайық»





Атадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұраАтадан қалған асыл мұра

Бәсіре дегеніміз не?

Әмеңгерлік сөзінің мағынасы?

Ат тергеу сөзінің мағынасын түсіндір

Апалы-сіңілі қыздардың балалары бір-біріне кім болады?

Қорамсақ сөзі қандай мағына береді?

Балбал тас сөзінің мағынасы?

Төркіндеу дегеніміз не?

Асар сөзі қандай мағына береді?

Байғазы дегеніміз?

Ерулік кімдерге беріледі?

Зекет дегеніміз не?

Қарын құда дегенді қалай түсіндіресіңдер?

Той малы кімге бнріледі?

Мүшел жасты ата.

Аюдың, Аққудың және мысықтың төлін ата.

Мұғалім:
Өзін қоршаған жаратылыс дүниесі және оның алуан түрлі құбылыстары жөнінде ой түйіндеп, бүгінгі ғылымның әр түрлі салаларының ғажайып жетістіктерінің дәнін сеуіп кеткен аталарымыздың осындай асыл сөз мұраларын өмірімізге үлгі етіп, өзгеге үлгі етіп көрсетіп, өмір сүрейік!
Тәуелсіз мемлекетіміз гүлдене берсін! Тәуелсіз жетістігімізді, мәдени құндылығымызды әрқашан да құрметтей білейік!
Осындай «Атадан қалған асыл сөз» атты тақырыпта өтіліп отырған сынып сағатын жабық деп жариялаймыз!

© 2010-2022