М. Қашқари, с. Бақырғани, Ж. Баласағұн

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: «М. Қашқари, С. Бақырғани, Ж. Баласағұн».

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме

Көрнекілігі: үлестірмелі тапсырма , слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақтың негізгі ұғымдары:

  • Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмұд Қашғаридің кіәтаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгенки шығармасы,Қожа Ахмет Йасауидің «Данлық» кітабы,Сүлеймен Бақырғали шығармалары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Үй тапсырмасын ауызша сұрау

  • Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау.Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.Қазақ халқында исламға дейін қандай наным сенімдердің элементтері сақталған? Ислам діні туралы не білесіңдер? Ғылымның, жаңа технологиялардың дамыған заманында адамдардың дінге сенуін қалай түсіндіресіңбер?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Махмуд Қашғари

  2. Жүсіп Баласағұни

  3. Сүлеймен Бақырғани

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.

1.Ғылым дегеніміз не?

2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?

3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Оқу-білім азығы,

Білім-ырыс қазығы»,

«Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, төмендегі кесте бойынша түсндіремін

Жүсіп Баласағұни ХІ ғ.

«Құтты білік» дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069ж.). Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізгі -білім деп түйіндейді.

Махмұт Қашғари ХІ ғ.

1072- 74 жылдары жазылған «Диуани лұғат ат - түрік» («Түркі тілінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А. Егеубайдың аударуымен 1997 -1998 ж.ж. қазақ тілінде жарық көрді.

Сүлеймен Бақырғани. ХІІ ғ.

(Хакім ата). Ахмет Йассауидің шәкірті. Йассыда 1104 жылы дүниеге келген. 1186 жылы «Дүниенің ақыры» («Ақыр заман») еңбегңнде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.

  • «Диуани хикмет» және «Дүниенің ақыры» еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медіреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Махмуд Қашғаридің қандай еңбектері бар?

  2. Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?

  3. Махмуд Қашғаридің еңбегін қазақ тіліне қай жылы және кім аударды?

  4. Жүсіп Баласағұнидің қандай еңбектері бар?

  5. Сүлеймен Бақырғанидің қандай еңбектері бар?

  6. Сүлеймен Бақырғанидің еңбектері не жайлы?

  7. Бұл тұлғалардың еңбектерінің құндылығы қандай?

Ү. Қорытынды:

О О

М О

ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:





© 2010-2022