Ашық сабақ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жәнібек колледжі» МКҚК









Бекітемін____________

Директордың оқу жұмыстары жөніндегі

орынбасары Б.Сарбалина









КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

(сот сабақ)







Өткізген пән мұғалімі: Сагиндиков М.А.

















Жәнібек, 2015 ж





Сабақтың тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі

Сабақтың мақсаты: Білімдік: жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтар туралы баяндау

Дамытушылық: құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу

Тәрбиелік: оқушыларды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: Адам және қоғам

Көрнекіліктер: 1. Оқулық хрестоматиясы, баптар

2. Журнал «Заң және заман»

3. Плакаттар

Сабақтың түрі: сот сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша түсіндіру, сот залынан көрініс, баптармен танысу, сұрақ - жауап

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақты ашу

3. Бекіту

Кіріспе: көптеген қылмыстарды кәмелетке толмағандар жасайды, мысалы кісі өлтіу, зорлау, ұрлау, бұзақылық, қылмысты жеке емес кейде топ болып та жасайды. Бұл қылмыстардың қауіптілігі сол, жасөспірімдер қылмыскерлердің қатарын толықтыруда. Жасөспірімдер осындай қылмыскердің отбасынан шығуда. Жыл сайынғы деректерге қарағанда республикада 50 мың отбасы үй болатын болса, соншалықты семья айырылысып жатыр. Мұндай отбасыларда жалғыз басты аналар дұрыс тәрбие бере алмайды, себебі, ол балаларының қамымен кетеді, қараусыз қалған күн санап өсуде. Бұған тек қана ата-ана емес, қоғам, мемлекет буындарды атауға болады.

Қылмыстық жауапкершілікке жалпы 16 жастан тартылады, ал кейбір ауыр қылмыстар үшін 14 жастан жауапталады. Біз бүгінгі сабағымызда сот залынан көріністі қараймыз.

Қатысушылар: 1. Сот төрағасы, хатшысы

2. Талапкер

3. Жауапкер

4. Куәгер

5. Талапкердің баласы

Сот: талапкер Ахметовтың арызы бойынша іс қаралды. Арыздың мазмұны бойынша талапкердің машинасын азамат жауапкер рұқсатсыз айдап кеткен, одан 100 мың теңге мөлшерінде моральдік-материалдың зиянын өндіріп беруді сұрайды.

Талапкер: Менің машинамды тұрған жерінен азамат жауапкер рұқсатсыз айдап кеткен, ішінде балам болды, баламды лақтырып кеткен, осы арызыма сәйкес маған келтірген моральдік-материалдық зиянын өтеп беруіңізді сұраймын.

Жауапкер: мен машинаның ішінде жас жігіттің мас күйінде отырғанын көрдім айналада балалар ойнап жүрді, паркте адамдар жүрді, сондықтан үлкен қауіптің лдын - алу мақсатында машинаны еріксіз айдап кеттім. Баланы машинадан түсіріп кеттім. Бірақ менің артымда ешқандай пайда көздеген мақсат болған жоқ, мен үлкен апаттың алдын алып азаматтық парызымды істедім деп айта аламын.

Талапкердің баласы: мені азамат жауапкер машинамнан сүйреп жерге лақтырды, себебі мен темекі тартпаймын деп жауап бердім сұрағына, содан кейін өзі айдап кетті.

Куәгер: мен жақын маңдағы ларекта сатушы болып істеймін. Бұл бала мас күйінде машинаны айдап келді, ларектан темекі сұрады, мен оған 16-ға толмаған жасөспірімдерге сатылмайтынын айттым, ол ларекті ұрып кетті, сол кезде азамат жауапкер одан машинадан түсуін талап етті, себебі, айнала да кішкентай балалар ойнап жүрді, адамдар демалып отырды. Сондықтан азамат жауапкер дұрыс істеді деп ойлаймын.

Сот: берілген арыз бойынша талапкердің ісі қаралды, сот шешіміне сәйкес талапкердің арызы қанағаттандырылмайды, себебі бұл арада талапкер машинасын айдауға құқы жоқ баласына берген, баласы рұқсатсыз машина рөліне отырған, оған мас күйінде отырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірген, жасы толмағанына қарамастан темекі сұраған, талапкер азамат баласына дұрыс қалыпты тәрбие бере алмаған, сондқтан талапкердің баласының ісі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитетке табыс етіледі. Жауапкер азамат айналадағы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында, үлкен қауіптің алдын-алып, заңсыз рөлге отырды, ол қылмыс деп есептелінбейді, сондықтан азамат жауапкер толықтай жауапкершіліктен босатылады.

Сот осымен жұмысын аяқтады.

Мұғалім: көрермендерге сұрақ (класс оқушылары):

  1. Талапкердің моральдік-материалдық зиян дегені не және оны сұрауға құқы барма?

  2. Талапкердің баласы адамгершілік тұрғыда қандай қателік жіберіп отыр деп ойлайсыздар?

  3. Осы қаралған іс бойынша бізге қатысты, күнделікті кездесетін қандай жағдайда ерекше тоқталуға болады?

7: бап

1 оқушы: қылмыстың заңда көрсетілген, азаматтың өз басына, мүлкіне қол сұғуға бағытталған қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады.

8: бап

2 оқушы: қылмыстық заңда көрсетілген қандайда бір іс-әрекетте формальдік жағынан қылмыстың белгілері бола тұрса да, бірақ маңызы шамалы болғандықтан, қоғамдық қауіп келтірмейтін бұл әрекет немесе әрекетсіздік - қылмыс деп саналмайды.

10: бап

3 оқушы: қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытына дейін 16 жасқа толған адамдар тартылады.

4 оқушы: 14тен -16ға дейінгі жаста қылмыскер

  • Кісі өлтірген үшін

  • Адамның денесін қасақана ұрып-соғып жарақат салған үшін

  • Тонаушылық

  • Ұрлық

  • Бұзақылық

  • Меншікке қарсы қасақана қылмыс

  • Қару-жарақ ұрлағаны

  • Поезды апатқа ұшрататын жағдайлары үшін

  • Қылмыстық жауапқа тартылады.

5 оқушы: тәрбиешілік сипаттағы еріксіз шаралар

  • Жасы толмағанды ата-анасы, асырап алушы, опекун, попечитель немесе қамқоршысына беру, тәрбиелеу.

  • Жасы толмағанды арнаулы тәрбиелеу орнына орналастыру

  • Жасы толмағанды емдеу-тәрбиелеу орнына орналастыру

  • Жасы толмағанды жасы толмағандарды тәрбиелейтін колонияға орналастыру

  • Еріксіз түрде емдеу

  • Емдеу орнына орналастыру

6 оқушы: есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ есі ауысу дертімен ауырған адам жазаланбайды, оған медициналық сипаттағы еріксіз шаралар қолданылады, ал дертінен айыққаннан кейін ол жазаланады.

12 бап

7 оқушы: қылмысты мас күйінде істеген адам қылмыстық жауаптан босатылмайды.

13 бап

8 оқушы: қоғамдық орында адамның қадыр-қасиеті мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға, не өзін зиян келтіруі мүмкін, сондықтан оларды айықтырғышқа жеткізу, немесе хабарлау, қажет болғанда мәжбүрлік шара қолдану.

Мұғалім: бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы қылмысты қалай азайтуға, немесе тіпті жоюға болады деген сауал тастаймыз. Бұған кінәлі, мектеп пе, әлде ата-ана ма? Қазіргі өтпелі кезеңде баланы жастан деген нақылды немесе «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзді есте ұстауымыз керек, ағайын! Адам бойында бірнеше сезім болады, соның 70-ке жуығы адамды қылмысқа итермелейтін көрінеді, бүгінгі жастарымыз - ертеңгі елді алға апаратын ізбасарларымыз, сондықтан тамырын тереңге жайып келе жатқан қылмысты ел болып құрықтайық!

Сот аяқталды! Қорытындылау.

Үйге тапсырма: Баптарды кеңінен түсініп келу.





© 2010-2022