ҚМЖ тарих 5 сынып Ұлы жеңіске қосылған үлес

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімдік сабақ жоспары.

Күні:

Қазақстан тарихы 5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Ұлы жеңіске қосылған үлес

Жалпы мақсат:

Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағлұмат алады .

Міндеттері :

1. Отан соғысының батырларының ерліктерімен таныстыру

2. Топ болып жұмыс жасауға ,өз ойын еркін жеткізе білуге баулу

3.Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі өте отырып ерлік істерге тәрбиелеу , батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Сабақтың типі :

Сабақтың түрі:

Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы біледі

Ұлы отан соғысының батырларының ерліктерімен танысады,сипаттайды ,мінездеме береді ,қорытындылайы .

Топта ынтымақтаса отырып жұмыс жасай алады.

Жаңа білімді меңгерту

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Үлестірмелі материалдар

2.Постер, маркер

3.Оқулық

Оқыту әдістері

«Жигсо» стратегиясы , «Өз жартыңды тап» әдісі,

«Синквин» әдісі , Семантикалық карта

Кіріктірілген модуль:

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ,АКТ, СТО

Дереккөздер:

Қазақстан тарихы . Авторы: С. Жолдасбеков, ғаламтор материалы , Қазақ тарихы Журналы 2010.электронды оқулықтар, , «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы 2014.

Сабақтың жоспары :

1Ұйымдастыру кезеңі .Қызығушылықты ояту

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ .мағынаны тану

4.Жаңа сабақты бекіту

5.Үй тапсырмасын беру

6.Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау

7.Кері байланыс

8.Сабақтан кейінгі ойтолғаныс

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушы әрекеті.

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.Оқушылардың

Үлкен шеңбер жасап тұруын сұранамын

Оқушылармен амандасып түгелдеймін.Шаттық шеңберінен кейін, оқушыларды түрлі түсті кеспелер арқылы 4 топқа бөліп алып ,сабақты бастаймын

Оқушылар ұйымдастыру кезеңіне қатысады.бір-бірімен амандасып , бір тілектен айтады .

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(7 мин)

«Өз жартыңды тап» әдісі


«Даналық ағашына»

Ой шақыру үшін берілетін тапсырма .мен оқушыларға карточка дайындаймын ,біреуінде сұрақтар ,екіншісінде жауаптарға арналған тірек кестелер.Сұрақ пен жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады .

Оқушыларға «Даналық ағашы» еп аталатын сандықшаға қиын сұрақ құрап ,қағазға жазып салдырамын .Әр оқушы сандықшадан сұрақ алып жауап беруін сұраймын .

Оқушылар кез келген түсті карточкаларды таңдайды .Содан кейін оның түсі бойынша өз тобын іздеп бірге отырып жұмыс жасайды Оқушы өзінің деңгейіне байланысты сұрақтарға жауап береді .Берілген проблемалық сұрақтарға әр топ мүшелері өз еркімен жауабын айтады.

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе 4 мин

1) «Ой қозғау»Тақтадан видео көрсете отырып жаңа тақырыптың атын айту .

2) БҮҮ кестесін пайдалану арқылы бүгінгі жаңа тақырып бойынша білетін мәліметтері болса алғашқы бағананы және не білгісі келетінін келесі бағанаға толтыру.

Мағынаны тану (20 мин)

1)«ЖИГСО» әдісі

2)«синквин» әдісі

Бес жолды өлең жазу.

1)Зат есім-1 сөз

2)Сын есім -2 сөз

3)етістік -3 сөз

4)ойды түйіндеу -4 сөз

5)1 синоним тақырыпқа байланысты

Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырлар туралы білетін және үйренгісі келген мәліметтерді 1 және 2 бағанаға жазуды ұсынамын.

Топпен жұмыс

1)Оқығанын құрдастарына түсіндіру

2)Оқушыларға бес жолды өлең жазуды айтамын


Оқушылар БҮҮ кестесінің 2 бағанын толтырады.


1)Берілген тақырыпқа постер жасау, оны қорғау.

Топтық бағалау .

2)Жеке жұмыс

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту (5мин.)

«Даталар сөйлейді»

Семантикалық карта

Оқушылардың бүгінгі сабақтың ізденуді қажет ететін тұстары туралы ой-қорыту және пысықтау арқылы сабақты қорытындылау.

Жұптық жұмыс .

Жеке жұмыс

Ү.Үйге тапсырма(1 мин)

Тақырып мазмұнымен толық танысу.Бүгінгі тақырып туралы «Ұлы отан соғысы жылдарындағы Дихан ауылы » тақырыбында эссе жазу.

« Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарым» тақырыбына әңгіме жазып келу ,аталар аузынан .

Жеке жұмыс.

ҮІ.Бағалау (3 мин)

1.Өзін-өзі бағалау

2.Жиынтық бағалау

Топтық бағалау.

ҮІІ.Рефлексия(2мин)

Жеміс ағашы

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

«Тексерілді»

Директордың оқу ісінің орынбасары : ---------------------



© 2010-2022