Ашық сабақ: 1836-1838 ж. ж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы 8-сынып1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтар көтерілісі

Жалпы мақсаты:

Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін,барысын, тарихи маңызын түсіну, тарихи оқиғаларды өз бетінше саралап, оқып үйрену, салыстырмалы талдау жасау, іздену жұмыстарына машықтану,өз ойларын анық жеткізе білуге дағдыландыру.

Оқу нәтижесі:

Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, барысын, тарихи маңызын түсінеді, тарихи оқиғаларды өз бетінше саралап, оқып үйренеді, салыстырмалы талдау жасайды, іздену жұмыстарына машықтанады,өз ойларын анық жеткізе білуге дағдыланады.

Тапсырма көздері:

Интернет көздері, Қазақстан тарихы оқулығы

Оқуға арналған тапсырмалар:

Қосымша оқу үшін: http// Google «Қазақстан тарихы»

1-САБАҚ

САБАҚ ЖҮРІСІ






І.Ұйымдастыру кезеңі
1)Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу ( геометриялық фигуралар арқылы) ( 2 мин ) .
ІІ. Сабақтың жоспары:

1.Ой қозғау
2. Мағынаны тану
3. Топтық жұмыс (тақырырты талдау)
4. Ой толғаныс Венн диаграммасы

5. Кесте толтыру

6.Бәрін білгім келеді ойыны(тест)
ІII.Үйге тапсырма
IҮ.Бағалау.

1.Ой қозғау кезеңі. ( 4 мин )

Екі топ бір-біріне 5 сұрақтан беру арқылы диалогқа түседі.

Исатай мен Махамбет туралы қысқаша мәлімет айту.

2.Мағынаны тану. ( 4 мин )

а) Көтерілістің шығу себебі (слайдқа көңіл аудару)

3.Топтық жұмыс. ( 15 мин )
Әр топқа берілген тапсырмалар арқылы бірігіп, оқулықпен жұмыс жүргізіп, алдарындағы қағазға өз ойларын түсіріп, тақтаға шығып қорғайды.

1. Исатай тобы
ә) Көтерілістің барысы, Исатайдың әрекеттері.
2. Махамбет тобы
б) Негізгі шайқастар,көтерілістің жеңіліске ұшырау себептері және тарихи маңызы.

4.Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграмма. ( 4 мин )
С.Датұлы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілістің негізгі ұқсастықтарын ашып көрсету.

1-топ

Исатай мен Махамбет Сырым Датұлы


2-топ ұқсастықтарын табу

5. Кесте толтыру (3 мин)

6.Бәрін білгім келеді ойыны (Тест 5 мин )

1. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:

А) Махамбеттің өлеңдерінде В) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде

С) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде

2. 1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны

А) 10 мың В) 5 мың С) 2 мың

3. Исатай қаза тапқан шайқас:

А) Тастөбе В) Ақбұлақ С) Теректіқұм

4. Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды

А) 1836 ж. Қазанда В) 1837 ж. Қазанда С) 1837 ж. қарашада

5. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай

А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы В) Көтерілісшілер санының көбеюі

С) Тастөбе түбіндегі көтерілісшілердің жеңілісі

6. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері

А) 2000 сом В) 1000 сом С) 500 сом

7. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады

А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің

8. Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді

А) 1838 жылы В) 1842 жылы С) 1846 жылы

ІІІ. Сабақты қорытындылау. ( 3 мин )
Оқушылар бүгінгі сабақта білгенін, үйренгенін, алдағы уақытта не білгісі келетінін кестеге топ болып түсіреді.


Білгенім

( сабаққа дейін )

Білгім келеді

( сабақта )

Үйренгенім

( келешекте )

IV. Қорытынды.
Оқушылардың ойы тыңдалып, мұғалім әр топтың ойларын жинақтап қорытынды жасайды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік- ауматық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдықа қарсы ірі бас көтерулері еді.


Ү.Үйге тапсырма ( 1 мин )
«Қазақ халқының ежелден аңсаған арманы- тәуелсіздік» тақырыбында эссе жазу, тестік тапсырма құрастыру.
ҮI. Рефлексия алу ( 2 мин )

VII. Бағалау. ( 2 мин )





© 2010-2022