Тарих пәнінен сабақ: Әмір Темір (8 сынып)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер - Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын көрсету.

ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: карта, сөзжұмбақтар, суреттер, хронологиялық кесте, ВЕНН диаграммасы, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:

І топ - «Түркістан»

ІІ топ - «Отырар»

Үй тапсырмасы «Кім көп біледі?» ойыны арқылы сұралады.

1 .Моғолстанның орталығын ата. - Алмалық қ - сы

2 . Неліктен Моғолстан деп аталды?Шығыс деректерінде «монғол» сөзінің «н» әріпі түсіп қалып, «моғол» деп аталды.

3 .Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің

4. Моғолстанның құрылуында дулат тайпасының өкілдері неге басты

рөл атқарды? М. Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай - Сүбе жерін берген. Осы аумақты билеген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене ат салысады. Поладшы әмір Моғолстанды Маураннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз жеке хандық құруға бар күшін салады.

5. Моғол хандығының этникалық құрамы туралы айтып бер.

- Монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде өздерінің басымдылығын көрсеткенімен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барын, барлас, бұлғашы, т. б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды.

6. «Батпақ шайқасы» туралы не айтасың?

- Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс - Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырап, Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған.

7. Тоғылық Темір хан тұсында моғол хандығының саяси жағдайы қандай болды?

- Тоғылық Темір хан тұсында саяси тұрақсыздық орын алды. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Хан елдің ішкі - сыртқы саяси жағдайын жақсартты. Тоғылық Темір хан өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360 - 1361 жж Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс - Қожаны таққа отырғызады.

8. Моғолстанның алып жатқан аумағын картадан көрсет.

- Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

І. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.

ІІ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.

ІІ. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір 1336 жылы Түркістан қаласында Барлас тайпасының биі Тарағай бектің отбасында дүниеге келген - қолбасшы, мемлекет қайраткері. Әмір Темір алғашында 1361 ж Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауараннахрды өзінің қолына алды. Содан 35 жыл бойы - 1405 жылға дейін жеке - дара билік жүргізді. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. ХІҮ ғ 70 - жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ - даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол Ақсақ Темір, ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 - 1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Иран мен Ауғанстан толық бағындырылды.

27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады.

Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.[4]

Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Темірдің денесі түнде қаладан шығарылып, 6 ай жол жүріп сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне мұсылман дәстүріне сай жерленген. Дегенмен Темір ұрпақтарына ерекше ықылас танытып, олардың болашағы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенімен, Шыңғыс хан балаларымен салыстырғанда Әмір Темір балалары аса қуантпаған. Балаларының бағынбауы, ханзадалардың бүлік шығаруы да, тіпті немересі Сұлтан Хусейіннің опасыздығы да болған. Америкалық зерттеуші, Чикаго университетінің профессоры Джон Вудстың есептеуі бойынша, Темірдің тікелей ұрпақтарының жалпы саны оның өмірінің соңына қарай жүзге жуықтаған

Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жихһангер (1356 - 1376), Әмір Шейї (1356 - 1394), Мираншах (1366 - 1408), Шаһрух (1377 - 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 - 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 - 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

ІҮ. Бекіту:

  1. Әмір Темір қай жылдары өмір сүрді?

  2. Ол қандай кесенені салдырды?

  3. Неше жыл жеке дара билік етті?

  4. Қай жерде қайтыс болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

© 2010-2022