Интеллектуальная игра ко Дню Независимости

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚММ Керней мектебі

















«Жырым сенсің - тәуелсіздік» атты интеллектуалды - танымдық ойын







Дайындаған: Ахметова А.Б.

тарих пәні мұғалімі





2014-2015 оқу жылы

«Жырым сенсің - тәуелсіздік» атты интеллектуалды - танымдық ойын

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;

Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу.

Қолданылған құрал - жабдықтар: компьютер, дискілер, интерактивтік тақта, бағалау парағы.

Ойынның барысы:Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіз күніне арнап ұйымдастырылып отырған «Жырым сенсің - тәуелсіздік» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер! 1, 2 слайд

- Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.

Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.

4 слайд Ойын төрт кезеңнен тұрады:

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді», ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.

ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен».

ІІІ кезең «Үздік бестік» ҰБТ тапсыратын пәндер бойынша сұрақтар.

ІҮ кезең «Ақын» .

Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі

Әр топ өздерімен таныстырып өтеді. 3 слайд

1 топ - Дарын

2 топ - Кайрат

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді

Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! - дей отырып ойынымыздың

І кезеңін бастайық.

І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай.

5-19 слайдтар

  1. Ең ащы көл (Қарасор)

  2. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)

  1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

  2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары ?

  3. 37 санының жартысы?

  4. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата ?

  5. Парламенттің Жоғарғы палатасы ? Сенат

  6. Ұлы жұт жылдарын ата ? 1931-33

  7. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері ? Чемолган

  8. Қазақстан Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? Аттар

  9. Қазақ хандығының ХVIII ғ. астанасы ? Сыгнак

  10. ҚР - да қанша облыс бар?

  11. Жоңғар мемлекетінің билеушісі ? хонтайшы

  12. «Алжир» терминінің мағынасын түсіндір?

  13. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? Түркістан

ІІ кезең:

«Суреттер сыр шертеді тереңінен»

- Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей, І - кезеңіміз аяқталды. Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз оянып, ой - өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі кезеңдерде де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар деймін. Ал, сөз кезегін ойынның сарапшыларына, әділ - қазы алқасына береміз. Сараптамаларыңыздың соңында ұпай санын айта өтсеңіздер. (Бірден топтардың ұтыстарын айта өту керек)

- Рахмет, әділқазы алқасына.

Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.

Сіздердің негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап, менің беретін ақпаратыма құлақ асу. Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер өз кезектеріңізде тұлғаның аты - жөнін айту керексіздер. Ойынды І - кезеңде басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт.

21-26 слайдтар

№1. Дінмұхамед Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медалдарының иегері. Ол 1955 - 60 және 1962 - 64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 - 62 және 1964 - 86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан босатылды.

№2. Қасым Аманжолов. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ақын, журналист, драматург, сазгер, аудармашы және пародист. 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Оның ең мықты туындылары, майдангер ақынның қасіретіне толы. Көптеген өлеңдері соғыстың ауыр жылдарында жазылған («Елге хат», «Қоштасу», «Май майданда», «Ағайға» т. с. с.).

№3 Қалқаман ұлы Бұқар жырау 1693 - 1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға.. Ол - ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол ел тарихында «Ақ табан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі Абылайдың қасында болды. Қиын сәттерде ақыл - кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ол жұртты татулық - бірлікке, адамгершілікке үндеген - насихаттық жырлары да сан алуан.

№4. Қашаубаев Әміре (1888 - 1934). Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыкантыі. Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т. б. әндерін айтып, өзінің ерекше дауысымен Париж халқын таң қалдырып, қазақ деген халықтың атын әлемге паш етеді.

№5. Бағланова Роза.

Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1947 - 1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1949 - 1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Ол сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО - ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқаған.

№6. Шерхан Мұртаза. 1975 - 1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио мемлекеттік комитеті торағасы. 1994 - 1995 жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат. Ол Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған, «Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Ол «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек» әңгіме повестерінің авторы.

Жарайсыңдар, тәуелсіздік таңының жұлдыздары, тамаша ойын көрсете білдіңіздер. Ой - өріс көкжиегінің биіктігі осы кезеңде керемет байқалды десем артық емес шығар. Әділқазы ұпай санын айта өтсін. Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы жастардың жан - жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған шығарсыздар?

Сергіту сәті

Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың қала аттарын тауып айтуыңызды сұраймын.

27 слайд

СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА, ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК, ШО, КБКЕШІ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА. (Сәтбаев, Балхаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Жезқазған, Ташкент, Бішкек, Ош, Атырау).

ІІІ кезең «Үздік бестік» ҰБТ пәндері

Бұл кезеңде 5 пән бойынша 1 пән 3 сұрақтан құралған беріледі. Кестеде Егер пән сұрақтарына дұрыс жауап берсеңіздер, сол пән ұпайлары өз қоржындарыңызға түседі. Ойын шарты түсінікті болса ойынымызды бастаймыз.

28-48 слайдтар

Қазақ тілі

1. Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл күйін білдіретін немесе жануарларға айтылатын сөз - Одағай

2. Есім сөздің де, етістіктің де қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімше

3. Іс - оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Толықтауыш

Математика

1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? 5 минутта

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? аксиома

3. Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кескіндіден тұратын фигураны не деп атаймыз. Үшбұрыш

Тарих

1. Тарихтың атасы? Геродот

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Р. Қошқарбаев

3. 2010 жылдың 1 - 3 желтоқсан аралығында ОВСЕ ұйымының нешінші саммиті өтті. Жетінші

Орыс тілі

  1. Антонимы - это…?

  2. Репортаж, интервью, дебаты, очерк - это жанры какого стиля?

  3. На какие вопросы отвечают обстоятельство времени ?

География

1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл?

Қызылқұм

2. АҚШ - тың солтүстік штаты? Аляска

3. Ең терең көл? Байкал

ІҮ кезең.

Тарихи бас қатыру. Артық әріпті тауып,адам атын оқу.

49 - 54 слайдтар

ИРКШ-КИР Ш

ИСИРМТОЫ-ТОМИРИС Ы

ПАСПАРГР-СПАРГАП Р

АИРИАД-ДАРИЙ А

ҚРДЛАЕНАСК-АЛЕКСАНДР Қ

V кезең

Осы сөздерден, өлең құру: Елбасы

Халық

Тәуелсіздік

Нурлы жол

Қазақ

10 минут

55 слайд

Қорытынды

- Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның нәтижесімен де таныстық. Ендеше,

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,

Болашаққа бар білімін берерін.

Барыс текті жастар, сендер, білемін,

Жалындатып биік шыңда жүрерін - дей отырып, бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік, жеңімпазды атасын.

Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды.

Әділқазы алқасының төрайымы жеңімпаз топты атап марапаттайды

- Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын, ағайын!

.



© 2010-2022