Оқытушының шығармашылық жұмысы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Ералы А.

Отан… Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз - туып өскен жерің, Отан дегеніміз - 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз - ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз.

Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.

Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары… Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Оқытушының шығармашылық жұмысы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ.Оқытушының шығармашылық жұмысы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ.




Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.

Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарылып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Біздің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық - қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық - болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың - менің Қазақстаным!

Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемелекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз белгімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық дамып келе жатқан еркін елміз.

Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі Әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тағдырымен, 1991 жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық заңмен байланысты басталды.

Болашақта өз елінің қожасы да, иесі де - бүгінгі мектеп оқушылары. Олар - біздер. Өсер еліміздің өскелең ұрпағы - бүгінгі жастар. Олардың болашағы жарқын болатынына дербес дамуымыздың ең ауыр жиырма жылы қалыптасу кезеңі, артта қалған шақта көзіміз анық жетіп отыр. Тағдырдың осы сирек сыйын пайдаланып қалу біздің маңдайымызға жазылыпты. Осы бақыт үшін біз осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетімізді, қажет болса қанымыз бен жанымызды аямай жұмсаймыз.

Мен - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан",-деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, Отанымның өркендеп-өсуіне бар күш жігерімді аямаймын.Ол үшін кемел де терең біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болсақ деп армандаймын. Сонда бізді өзге елдер тани түсер еді, біз өзімізді таныта түсер едік. Өйткені, болашақ жастардікі. Елдің ертеңгі иесі - бүгінгі ұрпақ.Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында үлкен істер атқарылуда. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаланың өнер білімі мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.

Елімізде көптеген лицейлер, гимназиялар, мамандандырылған мектептер көбейіп,білім алуымызға үлкен мүмкіндіктер жасалуда..Елбасының "Қазақстан - 2050" стратегиясындағы мектептерді компьютерлендіру,балалардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету шаралары іс жүзінде жалғасын тапты.Білім беру жүйесінде тың өзгерістер енуде. Бүгінгі күннің басты талабы - осы,яғни болашақта елу елдің қатарынан,әлемдік деңгейден көрінетін Қазақ елінің болашағы зор.

Қазіргі кезде білім саласына көп көңіл аударылуы, дарынды балаларға арналған көптеген шаралардың жүргізілуі қуантарлық жағдай.Мен білім алатын білім ордасында оқушыларымыз ғылыми жұмыспен айналысып, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатынасып жүлделі орынды иеленуде.

Оқытушының шығармашылық жұмысы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ.





Келешекте еліміздегі, интеллигенция тобын, ауылшаруашылық мамандарын, дәрігерлер, экономистер, бизнесмендер дайындайтын жоғарғы оқу орындары көбейеді. Ондағы оқу бағдарламасы әлемнің озық Оксфорд, Кэмбредж сынды оқу орындарының үлгісімен құрылып, әрбір сала бойынша жиі практикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Студент қауымы тәжірибелі, әрі білімді болып оқу орнын бітіреді. Мектептерде сол заман саясаты, экономикасы туралы пәндер оқытылып, келешек жас жеткіншектерді ел басқару ісіне дайындайтын болады.

Қазақстан - әлемнің көптеген дамыған елдерімен дипломатиялық қарым-қатынаста. Қазір де экономиканың дамуы баяу болса, бұл жағдай келешекте осы саланың жедел қарқынмен өрбуіне септігін тигізеді деп сенемін. Келешекте Қазақстан ғылым жаңалықтарын жаңа технологияларды кеңінен пайдаланатын болады. Бұл - дамудың бірден-бір көзі. Жаңа технологияның көмегімен біз үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Осы мақсаттағы бағдарламаға әлем мемлекеттері қызығушылық білдіруде. Келешекте компьютерді барлық салада толық пайдалану еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуының бірден-бір кепілі болмақ.

«Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді» дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі салтанатына арналған жиында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша буын өкілдеріне арнап үн қатуы барысында осылай мәлімдеді. «Алдыменен алдыңғы толқын аға буын! Сіздердің көргендеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай алға бастауына септігін тигізді. Ортаңғы буын отандастырым! Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз қиындықтардан сынбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына болды. Ал енді кейінгі толқын жастарға айтарым, Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер! Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз қазақ елінің перзенттерісіңдер! Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар! Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің елімізді қазіргі бізге көз жетпес алысқа, қол жетпес қияңға апаратын тың мақсаттардың құдыретті күші болсын деймін», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын, адамзаттың мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болатынна кәміл сенемін», - деді Елбасы.

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ақжігіт О. Дұниежүзілік сауда ұйымы // Жас қазақ

  2. Алшанов Р.Әшімбаева А.Бүкіләлемдік сауда ұйымы және Қазақстан //

  3. Назарбаев Н.Ә. «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары». //Елбасы жолдады-Елі қолдады. 1 том. Құрастырушылар: Г. Тәңірбергенова, Қ. Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р. Әлімбеков-Астана: Күлтегін, 2008 жыл.

  4. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға.// Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы халыққа Жолдауы. //akorda.kz

  5. Источник: e-history.kz/kz/contents/view/2030

  6. © e-history.kz


© 2010-2022