- Преподавателю
- История
- Конспект урока по истории Ресей
Конспект урока по истории Ресей
Раздел | История |
Класс | 8 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Мурсалимова М.К. |
Дата | 21.03.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §20. Ресей /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
-
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауылб болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.
-
Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал меноның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.
-
Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
-
Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
-
Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
-
Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
-
Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
-
1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері
-
Халық еріктілері қозғалысы
-
Марксизмнің таралуы
-
Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
-
1905-1907 жылдардағы революция
Маңызды оқиғалар:
-
1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою
-
ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы
-
1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.
-
1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды
-
1878 ж. - «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды
-
1883 ж. - «Халықты азат ету» тобы құрылды.
1861 жылғы реформа
Басты қағидалар:
-
Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
-
1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.
-
Революцияның ерекшеліктері
-
Революцияняң қозғаушы күші
-
Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы
-
Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс
-
Революцияняң жеңілу себептері
-
Революцияның маңызды жақтары
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
«Ия-жоқ»
-
70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
-
Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
-
«Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§20.