Семинар сабақ: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. Жеті жарғы заңы

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семинар сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Жеті жарғы заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы» заңдарымен қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Тәуке хан еңбектері туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Тәрбиелік:Тәуке хан бейнесі арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, сызба, таратпа материалдар, электрон оқулықтар, видеотаспа.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру, тарихи білім беруді жаңғырту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

  1. Оқушы:

  2. Оқушы:

  3. Оқушы:

  4. Оқушы:

  5. Оқушы:

  6. Оқушы:

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:

  1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

  2. Тәукенің хан тағына отыруы

  3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

  4. Жеті жарғы

  5. Ұлы билер

  6. ппрап

Жеті жарғы

Тәуке хан Қазақ хандығының тағына берік отырған кезде хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып,мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті.Сол мақсаттың түп қазығы -Ұлы жүзден Төле бидің,Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбектің,Кіші жүзден Әйтеке бидің қатысуымен «Жеті жарғы» дүниеге келді.

«Жеті жарғы»заңы (ХҮІІ ғ. мен ХҮІІІ ғ. басы) («жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген)Жеті жарғы бөлімдері

Мәні мен мазмұны

І Жер дауы

Қыстау, жайлау, жайылым, жерді иелену, көші-қон мәселелері, ата-бабасынан бері иленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға бермеу, сатуға болмайтын туралы

ІІ Үй іші мен бала тәрбиелеу

Отбасы, үй ішіндегі тіршілікке байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы, әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қатынас. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған заңдар:

Некеге отырудың шарты - 13 жас. Екінші шарт - жұбайлардың 7 атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы;

Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды;

Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі;

ІІІ Ұрлық, барымта

Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар:

Ұрлық үшін 3 тоғыз (27) төлеу, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады;

ІҮ Бір халықпен басқару арасындағы дау

Ел мен ел, халық, ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешетін зандар:

13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Соттау құқығы ханның, билер мен ру басыларының қолында болды;

Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің бір бөлігі берілуге тиіс;

Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу;

Әйелді зорлағандарды өлім жазасына кесу;

Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бшлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлеу;

7 куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіру;

Ү Ұлтын жаудан қорғау

Отан қорғау, ел бірлігін сақтау, жасақ құру, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халықтық істерді талқылау үшін күзде жиналуы қажет;

Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы боолмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.

ҮІ Жесір дауы

Шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты тал ап ету, ерінен айырылған әйелдердің мәселелері туралы баптар.

ҮІІ Құн дауы

Кісі өлімі, адам денесіне зақым келтіру, «қанға-қан», «қанды кек», «ескіден келе жтқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатігездікті жұмсартудың жолын қарастырған, құн төлеумен белгіленетін заңдар:

Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.

Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін 500қой;

Дене мүшелерінің құны: бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой; Өлтірілген тазы мен бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап етеді.


  1. Ұлы билер

Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

  1. Төле би (1663-1756). Жамбыл обылысы, Шу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып сауатын ашқан, тарихи кітаптарды, аңыз-әңгімелерді көп оқыған. 15 жасынан-ақ ел билігіе араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Жас кезінен талай атақты абыз-билердің алдынан өтіп, батасын алған.

  2. Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764). Сырдария жағалауында бір ауылында туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл сөздерді, шешен, билердің ұтымды билік келісімдерін жадында сақтап өседі.

  3. Әйтеке би (1682-1766). Шын аты - Айтық. Кіші жүзден шыққын қазақтың атақты шешен биі. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен. Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.

Қазіргі таңда билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы

билеріміздей болса, халқымыз да қандай өнегелі ел болар еді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Дискуссиялық өрнек.

2. Венн диаграммасы

- 1.Мемлекеттің атауы.

- 2.Мемлекет басшысы қалай аталады?

- 3.Заңнамалар жинағы қалай аталады?

- 4.Заңнамалар жинағының ішкі құрылымы.

- 5.Заң шығарушы орган.






Ү. Үй тапсырмасы. Үш би туралы мәлімет әкелу.

ҮІ. Бағалау-қорытындылау.

Тәрбилік мазмұнын ашу. Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес, соңында қалдырған өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді. (Мұрат Иман Жапар).



Мұғалім:...............................Ералы А














Шымкент 2015 ж

© 2010-2022