Конспект уроков на тему Кенесары хан

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс, батырлығы, ержүректігі туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, "ұлт-азаттық қозғалыс", "тәуелсіздік" ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың 1837-1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана - сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сын тұрғысынан ойлау (ойды жүйелі тұжырымдауға баса назар аударылады)

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, зерттеу, ізденіс, пікір-талас, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, кесте толтыру, саяси-формат әдісі, топтастыру (ассосация) әдісі, эссе (әңгіме) әдісі, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан картасы, кестелер, Кенесарының суреті және ол бастаған көтерілістің картасы, тест, үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа материалды игерту

V. Жаңа материалды бекіту

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

М:Оқушылармен амандасу, түгелдеу және сабаққа дайындау, сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

М: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

О:ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

Жоламан Тіленшіұлы, Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыстар.

М: Сабаққа дайынбыз ба? (Оқушылардан сабақ сұралады).

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Жоламан Тіленшіұлы қай жылдар аралығында көтерілісті басқарған?

Жауабы: (1822-1825 жылдар).

2. Жоламан Тіленшіұлы қай руының батыры әрі биі?

Жауабы: Табын.

3.1825 жылдың көктемінде Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалыстары Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы-сұлтаны кім болды?

Жауабы: Саржан Қасымұлы.

4. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс немен аяқталды?

Жауабы: Жеңіліспен аяқталды.

5. Жеңіліске не себеп болды?

Жауабы: Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады.

ІV. Жаңа материалды игерту.

М: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс».

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

2. Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.

3. Көтерілістің басталуы.

4. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

5. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары, тарихи маңызы.

ІІ. Кіріспе бөлім:

1. Мотивация (ой қозғау)

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:

Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға бола ма?

(оқушылардың ауызша жауаптары тыңдалады және сабақтың соңында бұл сұраққа қайтып келетініміз ескертіледі)

ІІІ. Негізгі бөлім:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

Көтерілістің себептері.

ХІХ ғасырдың 20 жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 жылы жарғыдан соң патша үкіметінің қысымы, жазалау саясты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырылып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтерілісті Саржан Қасымұлы бастады. Бірақ Саржанды 1836 жылы Қоқан ханы өлтірді.

1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты.

Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері: азаттық үшін күрескен әкесі, ағалары, туыстарының ерлікпен қаза болуы, қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.

2. Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.

Кенесары Қасымұлы - қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген.Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала көзінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын.

Кенесары Қасымұлы - хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.

3. Көтерілістің басталуы.

Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды.

Кенесары 1838, 1842 жылдары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернатторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел бостауды, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіруді талап етті. Генерал-губернаттор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Сібірге жер аударылды. Генерал-губернаттордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті.

4. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.

Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.

5. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары, тарихи маңызы.

Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.

Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және азғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.

Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.

Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады.

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.

Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталды.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары.


Тапсырмалар:

  1. Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей

1. Кенесары қашан хан болып сайланды?

Жауабы: 1841 жыл.

2. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті?

Жауабы: Шекті, табыл, төртқара, байұлына

3. Отаршылдық қанауға қарсы, қазақтардың күресін кім басқарды?

Жауабы: Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған.

4. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды?

Жауабы: 1837-1847 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды.

5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата.

Жауабы: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.

IIдеңгей. "Даталар сөйлейді"

1. 1803, 1805, 1841 жылдары -

Жауабы: КенесарықолыТашкенткеаттанды.

2. 1838 жылы -

Жауабы: Кенесары отрядтары Ақмола бекінісін тұтқиылдан шабуылдады.

3. 1835, 1842 жылдары -

Жауабы: Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабуылды бастады.

4. 1843 жылы тамыз айы -

Жауабы: 17 тамыз күні полковник Бизановтың қарұлы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмай, "Ор" бекінісіне қайтып оралды.

5. 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні -

Жауабы: Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті.

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

2. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

1. Көтерілістің басталу себептері -

2. Көтерілістің мақсаты -

3. Көтерілістің басты қозғаушы күші -

4. Көтеріліс қамтылған аймақ -

5. Көтерілістің тарихы маңызы -

Дәптермен жұмыс.

1. Көтерілістің басталу себептері - ХІХ ғасырдың 20 жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды.

2. Көтерілістің мақсаты - Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырылып, тонау саясатын жүргізді.

3. Көтерілістің басты қозғаушы күші - Кенесары Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның көп жерін қамтыды.Ұлы, Орта, Кіші жүз қазақтары көтеріліске азаттық үшін белсене қатысты.Оған қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, арғын басқа да рулар қатысты.

4. Көтеріліс қамтылған аймақ-Алдымен Солтүстік және Орталық Қазақстанда бастау алған қарсылық Торғай және Ырғыз жерлерінде жалғасын тапты, ең соңында ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жеріне жетіп, бүкіл қазақ даласын құшағына алды. Қазақ жерінде жаңа мемлекеттілік құрылымының өмірге келуі, әрине, Ресейдің бұл аймақтағы жоспарын белгісіз мерзімге кейінге шегеретін еді.

5. Көтерілістің тарихы маңызы-Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.

3. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.

"Венн диаграммасы"


Сырым Датұлы

бастаған көтеріліс

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Ұқсамайтын жерлері

Ұқсастықтары

Ұқсамайтын жерлері

1. Кіші жүз

2. Аз әскер

Ұлт-азаттық

Отарлауға қарсы

Тәуелсіздік үшін

1. Үш жүзге хан болды

2. Көп әскер

V. Жаңа материалды бекіту

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің шығу себептерін, мақсатын және қозғаушы күштерін атап шығыңдар

2. Кенесары Қасымұлының жеке басына сипаттама беруге тырысып көріңдер.

3. Кенесары ханның Қоқан хандығына қарсы шығуының себебі неде еді?

4. Көтерілісшілер Ұлы жүздің аумағына қарай неге шегінді?

5. Көтерілістің негізгі жеңілу себебі неде болды және бұл көтерілістің қазақ халқының өміріндегі тарихи маңызы қандай?

VІ. Қорытындылау

Мағжан Жұмабаевтың бір шумақ өлеңін талдау

Арқада Көкшетауға жер жетпейді.

Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең даламда,

Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.

Қазақ халқының ұлы батыры және соңғы ханы Кенесары туралы атақты тарихшы Е.Бекмаханов тарихи шындықты жазғаны үшін 25 жылға сотталды. Аяусыз азап тартты.

Елі үшін, ерлік күресте хан Кене өлімді де асқан ерлікпен қарсы алады. Кенесары өлім алдында туған елімен, жермен қоштасып ән салады.Кенесарының соңғы сәтін қырғыздар былай суреттейді «Кенесары жиналған жұртқа қарап, алыстағы тауарға, күн шуағы төгілген аспанға қарап әнін аяқтады. Кенесары үні, ерлігі, тауды жаңғыртып қара жерді тебіренткендей болды»,-дейді.

Сабақ соңында проблемалық сұраққа қайта келіп, оқушылардың жауабын салыстыруға болады

Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға бола ма?

Қорыта айтқанда, жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық-бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең. Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.

VІІ. Бағалау.

Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма.

Үйден, «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс»тақырыбын оқып түсінік айтуға дайындалу және «Егер Кенесары жеңілмесе, өлмесе өз іс-әрекетін қалай жалғастырушы еді?» деген тақырыпта эссе (әңгіме) жазып келу.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.





© 2010-2022