Қазақстан аумағындағы сақтардың тайпалық одақтары

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп

Сейтмамбетова Айткүл Қоянаққызы

Тарих пәні мұғалімі

Пән аты: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6

Жалпы мақсаты

Қазақстан аумағында б.з.б. VIII-III ғасырларда мекендеген сақтардың тайпалық одақтары туралы жан-жақты мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже

  • Сақтар туралы алғашқы мәліметтермен танысады, оқиды, түсінеді, біледі;

  • Сақ тайпаларының қоныстанған аймақтары туралы оқиды, біледі;

  • Сақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі туралы оқиды, ұғынады, біледі.

Негізгі идея

Оқушының ойын, жеке пікірін дамыта отырып, сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру.

Тапсырмалар

Ұжымдық жұмыс:«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс: Ойыңмен бөліс

Жеке тапсырма

Жұптық тапсырма

Қорытынды

I .Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2. Оқушыларды топқа бөлу.

II. Ұжымдық жұмыс: Үй тапсырмасын тексеру мақсатында, «сұрақ-жауап » тапсырмасы беріледі:

  1. Қола дәуірінің кезеңдері Қазақстан жерінде нешеге бөлінеді?

  2. Қола дәуірінің қандай мәдениеттері бар?

  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қандай ескерткіштері бар?

  4. Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері қай жерлерден табылды?

  5. Қола дәуірінде адамдар қандай мал түрлерін өсірді?

  6. Көшпелі мал шаруашылығы қалай қалыптасты?

  7. Қола дәуірінің қоныстары қай жерлерде орналасқан?

III.Топтық жұмыс:

Сақ тайпалары туралы бейнеролик көрсетіледі. Әр топ оқулықты және көрген бейнероликті пайдалана отырып мәтінді талқылау.

1 топ: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

2 топ: Сақ тайпаларының қоныстануы.

3 топ: Сақ қоғамы.

IV. Жеке тапсырма:

Интертақтада жаңа сабақты тиянақтылауға берілген тапсырмаларды орындау.

А) Тарихи диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.

1) Жалпы сақтардың барлық тайпаларының да баскиімі кейінгі қазақтардың тымағы сияқты шошақ төбесі биік болған.

2) Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызмет атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды.

Ә) Ойлан тап!

1. ГЕТАССАМ - МАССАГЕТ

2. ТОДРОГЕ - ГЕРОДОТ

3. ЙАРАДАПАРА - ПАРАДАРАЙА

4. РАДЗЫБА - АБАЗДАР

5.МАПАРИСЫ - АРИМАСПЫ

V. Жұптық тапсырма:

Сақ әйелдерінің қоғамдағы орны жөнінде әңгімелеңдер.

VI. Бағалау.

VII. Бекіту сұрақтары:

  1. Темір дәуірі қай кезеңдерді қамтиды?

  2. Темір дәуірі нешеге бөлінеді?

  3. Сақтар деректерде қандай атаулармен кездеседі?

  4. Сақтар орналасуы жөнінде нешеге бөлінеді?

  5. Сақ қоғамында көсемдердің рөлі қалай бағаланады?

VIII. Қорытындылау. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар және ұсыныстарың?

IХ. Кейінгі оқу: Қазақстан аумағындағы сақтардың тайпалық одақтары


© 2010-2022