Урок по историй Казахстан

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тарих пәні мұғалімі Тиллабеков Сабыр Балабекович

Тақырыбы: «Тарихқа саяхат»


Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи - танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.


Құрметті оқушылар, ұстаздар! Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Және осы мерекемен тұспа - тұс келген «Тарих апталығы» аясында 8 сыныбында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тарих - ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар!
1. « Жеті Жарғы» тобы:
2. « Алтын Орда» тобы:
Сайысымызға баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар:


-----------------------------------------------------------------------
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1 - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап - 10 ұпай
1 - топ
1. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы - Тәуке хан
2. Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз - Шара Жиенқұлова
3. 31 - мамыр қандай күн? Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
4. Е. Пугачев көтерілісінің қамтыған уақыты? 1773 - 1775жж
5. Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін, киізден тігілетін аяқ - киім. - байпақ
6. ҚР туының авторы - Ш. Ниязбеков
7. Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орталық Қазақстан
8. Абай Құнанбаевтың шын есімі - Ибраһим
9. Этнография - халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
10. 40 өтірік айтқан бала - Тазша бала
2 - топ
1. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан
2. Қазақ хандығының негізін салушы? Керей хан
3. 22 қыркүйек қандай күн? Тілдер мерекесі
4. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілістің қамтыған уақыты? 1836 - 1838жж
5. Күміс не алтын теңгелер, тиындар қадалған шашпау қалай аталады? Шолпы
6. ҚР Елтаңбасының авторы? Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
7. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан аймақ? Түркістан қаласы
8. Шыңғысханның шын есімі? Темучин
9. Нумизматика - тиындар, құйма ақша кесектері, т. б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.
10. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын - Көкпар


2 - кезең. «Тарихқа саяхат» (Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
1. «Тарихи тұлғалар»:
10 ұпай: 1771 - 1781ж. ж. билік құрған қазақ ханы - Абылай хан
20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? - Жәңгір Бөкейханұлы
30. 1710жылы Қарақұмдағы халық жиналысында Кіші жүз әскерінің қолбасшысы әрі ханы болып сайланған хан - Әбілқайыр хан
40. Әйгілі тарихшы, әдебиетші, Қазақ хандығының қалыптасу тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы - Мұхаммед Хайдар Дулати
2. «Тәуелсіз Қазақстан»:
10 ұпай: - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені - «Бәйтерек».
20: 2011 жылы 1 - желтоқсанда ашылған Қазақстан бойынша алғашқы, Орталық Азия бойынша 2 - ші (Ташкент) метрополитен Қазақстанның қай қаласында орналасқан? - Алматы
30: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? 2006ж. 7 - қаңтар
40: Қай елде біздің Елбасымызға арнап ескерткіш орнатылды? Түркия, Анкара қаласы
3. Салт - дәстүр:
10 ұпай: Базарлық дегеніміз қандай салт - дәстүр? Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіші ретінде қабылданады. )
20«Иткөйлек» деген не? (баланың туғанына 40 күн толғанда оны қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы иткөйлекті шешіп алып тәттісін бөліп жейді.)

30: Ерулік дегеніміз? Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келсе, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм - тұз тартуы.

40: Өмілдірік дегеніміз? Ер - тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе қалың былғарыдан жасап, қайып тіккен, құйма әшекей заттармен безендірген. Кейбір өмілдіріктердің тері негізінің астына киіз, шұға салынады.


4. Әр түрлі сұрақтар:
10: Қазақстанның атын әлемге паш еткен этно - рок музыкалық ансамблі -«Ұлытау»
20: 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының Жарғысының» авторы - Сперанский
30: Қазақстан XXX жазғы олимпиада ойындарында неше медаль иеленді? 13
40: Әлемнің 7 кереметін ата:
1. Мысыр пирамидалары.(Египет)
2. Семирамида аспалы бағы.(Вавилон)
3. Галикарнас кесенесі (Кіші Азия)
4. Артемида ғибадатханасы (Эфес)
5. Родос алабы (Родос аралы)
6. Зевс мүсіні (Олимпия)
7. Александрия шамшырағы (Мысыр)

3 - кезең: «Ғажайып сурет әлемінде» (Суреттер бойынша сайысу). Әр дұрыс жауап - 10 ұпай.

1. «Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы - Астана қаласындағы ірі ойын - сауық және сауда - саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6 - шілдеде Астана күніне орай ашылған. Жоба авторы - Лорд Норман Фостер.

2. Ақ Орда резиденциясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

3. Бейбітшілік пен келісім сарайы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу үшін арнайы салынып 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылуы болған Астанадағы ғимарат. Архитектуралық жобасының авторы - ағылшын архитекторы Н. Фостер.

4. Арыстан баб кесенесі. Бұл кесене көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Қожа Ахмет Йасауйдің рухани ұстазы болған адамның басына тұрғызылған кесене. Бұл қандай кесене?

5. Алаша хан кесенесі - 12 - 13 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден - бір ерекше архитектуралық мазар. Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 км жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі - кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

6. Айша бибі кесенесі - ХІ - XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән - салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық - дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

4-кезең: Жұмбақ сайыс

5-кезең «Тіл өнері»

Тіл өнері сайысында мақалды немесе жұмбақты тауып, орысша, ағылшынша аудару. Орысшаға 10 ұпай, ағылшынша 20 ұпай қосылады.

1.Қабат- қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап книга book)

2. Өнер алды қандай тіл?(қызыл - красный - red)

3. Талапсыз жас,қанатсыз не?( құс- птица- bird )

4. Білім теңіз, не кеме?(мектеп - школа - scool)

5. Кім қылығымен көркем. ( қыз- девочка -girl)

6 - кезең: «Ел бақыты - Гүлденген Қазақстан» (Әр топ осы тақырыпты өз қиялымен бейнелейді). Толық ұпай: 50 ұпай.

- Бүгінгі сайыс туралы әділ - қазы алқаларының пікірін білу.

- Жеңімпаз топты марапаттау, сайыскерлерге алғыс білдіру.

- Қорытындылау.











Урок по историй Казахстан

Урок по историй Казахстан



Урок по историй Казахстан

Урок по историй Казахстан



Урок по историй Казахстан

Урок по историй Казахстан



«Тарихқа саяхат» интелектуалдық сайысы шарттары.

8А сыныбы « Жеті Жарғы» тобы: эмблема дайындау
8Ә сыныбы « Алтын Орда» тобы: эмблема дайындау

Әр топ 6 оқушыдан қатысады

1 - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы.

2 - кезең. «Тарихқа саяхат» (Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)

3 - кезең: «Ғажайып сурет әлемінде» (Суреттер бойынша сайысу).

4-кезең: Жұмбақ сайыс

5 -кезең .»Тіл өнері» (Тіл өнері сайысында мақалды немесе жұмбақты тауып, орысша, ағылшынша аудару)

6 - кезең: «Ел бақыты - Гүлденген Қазақстан» (Әр топ осы тақырыпты өз қиялымен бейнелейді).



© 2010-2022