«Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 49 Бел негізгі мектебі



Тақырыбы: «Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ

9 сынып




Орындаған: Құтманбаева Д.Х.




2015-2016 оқу жылы


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
Жүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі «Жас тарихшы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші сөзі:
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші сөзі:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады. Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.
Сайыскерлерді таныстыру.
Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: Бәйге
2 - кезең: Ғажайып әлем
3 - кезең: «Тұлғаны таны»

Жүргізуші сөзі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың бірінші кезеңі: «Бәйге»
Шарты: әрбір 5 сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 2 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!

- Қазақ зиялылары халық шығармашылығын сақтау және дамытудағы негізгі мақсаты ? (Интервенттік және Азаматтық соғыс жылдарында бүлінген халық шығармашылығын сақтау және дамыту)

- 1918-1919 жылдары көркемөнердің дамуына байланысты қандай жұмыстар жүргізілді ? (Халық ақындарының слеттері ұйымдастырылды, фольклорлық шығармаларды, эпостарды жазып алу жұмыстары жүргізілді)

- Қай жылы, қай қалада республикада қазақ ұлттық театры ашылды ? (1926 жылы қаңтарда Қызылордада ашылды)

- Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындысын атаңдар ? (Амангелді көркем фильмі)

- Қай жылы Мәскеуде көрме ашылды ? (1934 жылы)

- Жаңа әдеби жанр драмматургияны жасауға үлес қосқан жазушыларды атаңдар ? (М.Әуезов.,Б.Майлин., С.Мұқанов., Ғ.Мүсірепов., Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин)

- 1919 жылы тамызда қандай пьесамен Верный театр ұжымы жұмысын бастады ? (М.Горькийдің «На дне»)

- 1920 жылы Қазақстанда кәсіпқой театрлар қай қалаларда жұмыс істеді ? (Петропавл, Ақмола, Семей)

- 1933 жылы алғашқы аударма пьесалардың негізінде қандай спектакльдер көрсетілді ? (В.Киршованың «Нан», Н.Погодиннің «Менің досым» спектакльдер)

- 1936 жылы мамырда Қазақстан әдебиеті мен өнерінде қандай көрініс орын алды ? (Мәскеуде Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі өтті)

Жүргізуші сөзі: 2 - кезең «Ғажайып әлем»
Шарты: бұл кезеңде 4 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған.
1. Драмматургия және театр өнері
2. Музыка
3. Опера және балет

4. Бейнелеу өнері


1. Драмматургия және театр өнері
10 ұпай. КСРО Халық әртістерін атаңдар (Ш.Айманов, С.Майқанова, К.Әділшінов, С.Телғараев)
20 ұпай. 1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ ұлттық театрды дарынды режиссер, драматург басқарды ? (Жұмат Шанин)
30 ұпай. 1934 жылдың қаңтарында Республикалық драма театрындағы алғашқы спектакль ? (К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасы)
40 ұпай. Драмматургияның дамуына үлес қосқан жазушы, «Октябрь өткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі, «Күрес күндерінде» шығармаларының авторы? (Сәбит Мұқанов)

«Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ
2. Музыка
10 ұпай. Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамындағы халық аспаптары оркестрі, хор каппеласын басқарды ? (Латиф Хамеди) «Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ
20 ұпай. «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» шығарамаларының авторы ? (А.Затаевич)

30ұпай. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесіне, 1927 жылы Майндағы Франкфуртта өткен Дүниежүзілік музыка көрмесіне қатысып, жүлделі орынға ие болған қазақ әншісі ? (Әміре Қашаубаев)
40 ұпай. Қазақ мемлекеттік филармониясын басқарған және төмендегі Қарлығаш өлеңінің әнін жазған ? (Ахмет Жұбанов)

«Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ

Қарлығаш әннің аты жырымды айтам,

Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!

Айныма, асыл сәулем берген серттен,

Мен сендің, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!

Қайырмасы:

Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас.

Сүйген сәулем Қарлығаш.

Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай,

Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!



3. Опера және балет
10 ұпай.1933 жылы Музыкалық студия ашылды, сол студияда қызмет істеген әншілерді ата ? (Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов)
20 ұпай. Қай операдан алынған көрініс
«Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ «Көркемөнердің дамуы» дәстүрлі емес сабақ
30 ұпай. Музыкалық студияда музыкалық спектакль дайындап, оны 1934 жылы 13 қаңтарда көрермендер назарына ұсынды. Бұл қандай музыкалық пьеса және оның авторы кім ? (М.Әуезов «Айман-Шолпан)
40 ұпай. Ленинград консерваториясының түлегі, «Қыз Жібек», «Жалбыр» опералық спектакльдердің авторы ? (Е.Брусиловский)

4. Бейнелеу өнері

10 ұпай. «Байдың қоныс аударуы», «Қыз алып қашу», «Бәйге» туындаларының авторы ? (П.Г.Хдудов)

20 ұпай. Қай жылы республикада Суретшілер одағы құрылды ? (1933 жылы)

30 ұпай. Осы кезеңдегі қазақ өмірін шыншылдықпен суреттеген суретшілерді ата ? (А.Исмаилов, ағайынды Қожықовтар, А.Шебеков).

40 ұпай. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" сияқты туындыларының авторы. (Әбілхан Қастеев)

3-кезең «Тұлғаны таны»

Белгілі бір тұлға туралы қысқаша мәлімет беріледі. Берілген мәлімет бойынша тұлғаны тану керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ. Әбілхан Қастеев, Темірбек Жүргенов

II топ. Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов



© 2010-2022