Есім хан Сабақ жоспары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сынып:

Күні:

Тақырыбы: Есім хан

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды алдын ала дайындалған жеміс - жидектердің түріне байланысты топқа болу.

Оқушылармен алдынғы сабақта құрылған топ ережесңн қайта еске салып өту.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау оқушыларды топқа бөлгеннен кейін жүргізілдеі. Мұнда әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

1 - топ

  1. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан)

  2. 1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды)

  3. Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды)

  4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)

2-топ:

  1. Шығай ханның баласы? (Тәуекел)

  2. Бұхараның ханы кім? (Абдаллах)

  3. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабул бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді)

  4. Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)

3-топ

1. Ресейден сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)

2. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария)

3. Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)

4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

а) Осы ІІІ кезеңде оқушылар интербелсенді тақтадан үзінді көріп, сабақтың қай ханға байланысты екенін анықтайды.

Сонымен, жаңа сабақтың тақырыбы Есім хан.

б) сыныптағы топ оқушыларымен біріге отырып сабақтың мақсатын анықтаймыз.

Білімдік : Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардыың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны жан - жақты терең , еркін ойлауға , топпен жұмыс жасауға , ұстамдылыққа , өз ойын өзгелермен бөлісуге , өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.

Ендігі кезекте әр топқа өздігінен меңгеру мақсатында тапсырмалар бөлініп беріледі. Тапсырманы алған топ жекелей оқу жұмысын жүргізеді.

І топ - Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты

ІІ топ - Тұрсын ханның бүлігі

ІІІ топ - "Есім ханның ескі жолы"

IV Жаңа тақырыпты бекіту

Бұл кезеңде оқушылар топқа берілген тапсырманы жұппен және топпен талдайды. Содан кейін топпен жұмыс жасай отыра постерлерге түсіреді және скиперлер шығып қорғайды.

V Бағалау. Топ басшысы оқушыларды сабақ барысында таратқан бағалау парағына бағалап және соны түсіндіріп айтады. Топ басшысының бағасын тыңдаған мұғалім, соны ескере отырып соңғы бағасын шығарады.

"Екі жұлдыз бір тілек" арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан не үйренгенің және не білгісі келетінің екі жұлдыз ретінде жазса, ал бір тілекке өздерінің тілектерін жазады.

VІ Үйге тапсырма беру кезеңі:

1) оқу,мазмұндау

2)Тест құрастыру.

3)Егер мен хан болсам .... Әңгіме жазу

1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады?

1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді?

Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды?

Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?

2-топ:

  1. Шығай ханның баласы?


  1. Бұхараның ханы кім?


  1. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабул бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді?


  1. Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды?

3-топ

1. Ресейден сібірге аттанған жасақ?

2. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды?

3. Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды?

4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?


І топ - Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты

ІІ топ - Тұрсын ханның бүлігі

ІІІ топ - "Есім ханның ескі жолы"






© 2010-2022