Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.

  • Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.

  • Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

  2. Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.

  2. Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.

  3. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.

  4. Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.

Ішкі жағдай

  1. Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.

  2. Феодалдық бытыраңқылық күшейді.


Сыртқы жағдай

  1. Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.

  2. Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.

  3. Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.

Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).


© 2010-2022