Ертістің Павлодар өңірінің ежелгі тарихы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында құруды ұсынған қоғам бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың білімді әрі ғылым негіздерін меңгерген ұрпақ болуын талап етеді. Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру де бар. Соның ішінде Қазақстан тарихы пәнін оқыту саласында да шешімін күткен мәселелер баршылық. Қазіргі мектеп оқушылары Отан тарихын, дүние жүзі елдерінің тарихын, әсіресе, тәуелсіз елімі...
Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназиясы














Ертістің Павлодар өңірінің ежелгі тарихы

6- сынып

















Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі

Смаилова Светлана Бабылбекқызы










Түсінік хат


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында құруды ұсынған қоғам бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың білімді әрі ғылым негіздерін меңгерген ұрпақ болуын талап етеді.

Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру де бар. Соның ішінде Қазақстан тарихы пәнін оқыту саласында да шешімін күткен мәселелер баршылық. Қазіргі мектеп оқушылары Отан тарихын, дүние жүзі елдерінің тарихын, әсіресе, тәуелсіз еліміздің тарихын оқып үйренген кезде, қосымша оқулық біздің өлкенің, миллиондаған жылдар бойы өткен бай тарихы туралы айтады. Біздің жерімізде алғашқы адам қашан пайда болды? Алғашқы адамдар облысымыздың қай аудандарында орналасты? Олар Ертіс алқаптарында немен айналысты? Еңбек құралдары қандай материалдардан дайындалды? Олар қандай аңдарды аулады? Біздің облыс территориясының ежелгі тайпалары малшылық және егіншілікпен айналысты ма?

Өз өлкеңнің тарихын түсіну үшін ежелгі Қазақстанның және ежелгі дүние тарихын салыстыра отырып, оқу керек.

Павлодар облысы территориясындағы алғашқы адамдардың өмірі туралы маңызды мәлімет береді.

Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат көлемінде жасалған.





Мазмұны

6- сынып, 34 сағат

Кіріспе. Таңдау курсының құрылымы мен мазмұны (1 сағат)

І-тақырып. Павлодар облысының аумағындағы тас ғасыры (3 сағат)

Павлодар облысының аумағындағы тас ғасырының тарихын оқып үйрену 80-90 жылға жуық уақытты қамтиды. Облыстағы тас ғасырын жүйелеу. 1926 жылы оған алғашқы зерттеулер жүргізіле басталды.

ІІ-тақырып. Ертіс өңірінің ежелгі табиғаты (3 сағат)

Жергілікті жердің жер бедері. Өсімдіктер әлемі, өлкенің жануарлар дүниесі. Ертіс өңірінің тарихы.

ІІІ-тақырып. Ертістің Павлодар өңіріне ежелгі адамдардың келу іздері (3 сағат) Біздің облысымыздағы алғашқы адамдар. Лебяжіден табылған орындар.

Алғашқы археологиялық мәдениет.

ІҮ-тақырып. Алғашқы адам тобырларының өмірі (1 сағат)

Ежелгі гомиинидтер

Ү-тақырып. Ертіс өңірі территориясындағы ашель мәдениеті (4 сағат)

Ежелгі адамдар кәсібі. Мәдениеті, еңбек құралдары. Дәуірлеу. Территориялық аймақтағы гоминидтер.

ҮІ-тақырып. Павлодар аумағындағы ашель дәуірінің тұрақтары және еңбек құралдары (4 сағат)

Құрама көлінің тұрақ-шеберханалары. Маралды-көлді тұрақ. Ескі Екібастұздағы тұрақ-шеберханалар. Атақты Құдайкөл.

ҮІІ-тақырып. Мустьер мәдениеті - Ертістің Павлодар өңіріндегі неандерталь адамдарының өмірі (5 сағат)

Табиғаты, еңбек құралдары. Екібастұздық тұрақтар. Мустьерліктердің негізгі шаруашылығы Рельеф, климат, флора

ҮІІІ- тақырып. Ертіс өңіріндегі кроманьондықтар өмірі (5 сағат)

Табиғат жағдайлары. Жануарлар дүниесі. Жоғарғы палеолиттік мәдениет. Кейінгі палеолиттегі тас құралдарының өндірісі. Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі. Жоғарғы тас дәуірінің баспаналары мен қоныстары.

ІХ тақырып. Палеолиттегі өмір. Ертіс өңіріндегі мезолиттік дәуір (4 сағат)

Діни наным. Аң аулау сиқырлығы. Өлкенің климаты. Садақ пен жебе. Микролит техника әдіс




Та қ ы р ы п т ы қ ж о с п а р

6- сынып, 34 сағат

1. Таңдау курсының құрылымы мен мазмұны (1сағат)

І-тақырып. Павлодар облысының аумағындағы тас ғасыры (3 сағат)

1. Павлодар облысының аумағындағы тас ғасыры - 1сағат

2. Алғашқы зерттеулер - 1сағат

3. Облыстағы тас ғасырын жүйелеу -1сағат

ІІ-тақырып. Ертіс өңірінің ежелгі табиғаты (3 сағат)

1. Жергілікті жердің жер бедері-1сағат

2. Өлкенің жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі-1сағат

3. Ертіс өңірінің тарихы-1сағат

ІІІ-тақырып. Ертістің Павлодар өңіріне ежелгі адамдардың келу іздері

(3 сағат)

1. Біздің облысымыздағы алғашқы адамдар-1сағат

2. Лебяжіден табылған орындар-1сағат

3. Алғашқы археологиялық мәдениет-1сағат

ІҮ-тақырып. Алғашқы адам тобырларының өмірі (1 сағат)

1. Ежелгі гомиинидтер-1сағат

Ү-тақырып. Ертіс өңірі территориясындағы ашель мәдениеті (4 сағат)

1. Ежлгі адамдар кәсібі-1 сағат

2. Мәдениеті, еңбек құралдары-1сағат

3. Дәуірлеу-1 сағат

4. Территориялық аймақтағы гоминидтер-1сағат

ҮІ-тақырып. Павлодар аумағындағы ашель дәуірінің тұрақтары және еңбек құралдары (4 сағат)

1.Құрама көлінің тұрақ-шеберханалары-1сағат

2.Маралды-көлді тұрақ-1сағат

3.Ескі Екібастұздағы тұрақ-шеберханалар-1сағат

4. Атақты Құдайкөл-1сағат

ҮІІ -тақырып. Мустьер мәдениеті- Ертістің Павлодар өңіріндегі неандерталь адамдарының өмірі (4 сағат)

1.Табиғаты, еңбек құралдары-1сағат

2. Екібастұздық тұрақтар-1сағат

3. Мустьерліктердің негізгі шаруашылығы-1сағат

4. Рельеф, климат, флора-1сағат

ҮІІІ- тақырып. Ертіс өңіріндегі кроманьондықтар өмірі (5 сағат)

1.Табиғат жағдайлары. Жануарлар дүниесі.

2. Жоғарғы палеолиттік мәдениет.

3. Кейінгі палеолиттегі тас құралдарының өндірісі.

4. Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі.

5. Жоғарғы тас дәуірінің баспаналары мен қоныстары.

ІХ тақырып. Палеолиттегі өмір. Ертіс өңіріндегі мезолиттік дәуір (6 сағат)

1. Діни наным.

2. Аң аулау сиқырлығы.

3. Өлкенің климаты.

4. Садақ пен жебе.

5. Микролит техника әдісі

6. Рефераттар қорғау







Оқушыларға қойылатын білім, іскерлік, дағды талаптары:

- Оқушының өзіне деген және басқа адамдарға деген белгілі бір қатынасын тәрбиелеу;

- Жеке шығармашылыққа және оған қызығушылығын ояту;

- Ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану;

- Өмірде өз орнын таба білу мен қажеттіліктерін сезіне білу;

- Денсаулығын қорғай және сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында:

- құжаттармен жұмыс істей алу ( энциклопедия, газет материалдары)

- тірек - сызба, кестені пайдалану;

- сөздіктер, хронологиялық даталармен жұмыс;

- ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- реферат жазып, жобалар даярлап, оны қорғау;

- талдау, жинақтау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс.

- биология, география, өлкетану

Оқу - әдістемелік кешені:

- деңгейлік тапсырмалар;

- сөздіктер, терминдер;

- талдауға арналған тапсырмалар.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихынан әңгімелер, Ж.О.Артықбаев,.Ә.Ә.Сабданбекова,. Е.Ә.Әбіл - 5 сынып, «Атамұра», 2006

  2. Ежелгі Қазақстан тарихы, Т.С.Садықов.,Ә.Т.Төлеубаев,. Ғ.Халидуллин,. Б.Сарсекеев - 6 сынып, «Атамұра», 2006

  3. Қазақстан тарихы І том (көне заманнан бүгінге дейін төрт томдық) -Алматы, 1996

  4. Қазақстан тарихы, С.Жолдасбаев «Мектеп» 2006

  5. Ертістің Павлодар өңірінің ежелгі тарихы, Е.Д.Зайцев., В.К.Мерц - 2006.

  6. Қазақстан тарихы , әдістемелік журнал

  7. Қазақстан тарихы. Очерктер-Алматы, 1993








Екібастұз қаласының № 26 мектеп- гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі

Смаилова Светлана Бабылбекқызының


6- сыныпқа арналған «Ертістің Павлодар өңірінің тарихы» арнайы курсының бағдарламасына пікір

Бағдарлама аптасына 1 рет, жылына 34 сағаттық материалды 6-сыныпқа меңгертуге құрылған. Құрылымы: түсінік хат, мазмұнның тақырыптық жүйесі, оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады. Бағдарламаның мақсат-міндеттері, күтілетін нәтиже нақтыланған. Оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, тарих пәнін теориялық, әрі практикалық жағынан өзіндік ой-пікірін дамыту көзделген. «Ертістің Павлодар өңірінің тарихы» бағдарлама курсын оқи отыра, туған жерлерінің тарихымен танысып, талдау жасау, салыстыру, анықтау, болжам жасау сияқты шығармашылықпен айналысады. Оқушыларға өз елінің тарихының аса маңызды кезеңдері туралы ғылыми-теориялық және тәжірибелік тереңірек білім алып, тарихи ақпараттарды өз бетінше игеру шығармашылық қабілетін дамытып, алдында тұрған мәселелерді оңтайлы шешуге, өз-өзіне баға бере алатын тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасайды. Бағдарламадағы теориялық материалдар практикалық мақсатқа сай жинақталып алынған, тақырыптар жүйесі дидактикалық ұстанымдарға негізделе құрылған, тәжірибеде қолдануға болады.












© 2010-2022