Урок по всемирная история на тему ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:7

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер

  • Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар, қолөнершілердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі, еуропада қалалардың пайда болуы туралы айту;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ойландыратын сұрақтар беру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: : карточкамен жұмыс (оқушылардың білім деңгейлеріне байланысты), баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Карточкамен жұмыс. Толықтыру тесті.

1.Киев қаласы.......................... Киев Русінің астанасына айналды.Бұл мемлекет құрылан.Бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын .................................кезінде салынған үйлер Киевте бүгінгі күнге дейін тұр.Олардың ең бірегейі - ...........................(София соборы.)Қаланың айлаққа тірелетін төменгі бөлігі ......................деп аталады.

2. «Жылдар сөйлейді» қазір мен сендерге жылдар көрсетемін сендер сол жылдары не болғанын айтасыңдар?

1113 - 1125 ж(Ярослав Мудрыйдың немересі Владимир Мономах Киевтің ұлы кінәзі болды.)

1097 ж (Любеч қаласында өткен съезде барлық кінәздердің арандатушы кінәз Олегті жазғыруын ұйымдастырды)

1072 жылы үш ағайынды Ярославичтер Киевте жаңа кінәздік «Русская правданы жасады»

3.Русская правда заңында не туралы айтылды?

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар

  2. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі

  3. Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болуы

  4. Брюгге қаласының пайда болуы

  5. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу.

«Бүгін біз ХІ-ХҮ ғасырлардағы Еуропадағы шаруашылық саласындағы табыстарға тоқталайық» деп отырмыз. Балалардың ойы, оқу жылдамдықтарын дамыту мақсатында оқулықпен көбірек жұмыс жасату қажет.Сол себепті оқушыларға тақырыпшаларды бөліп беріп,өздеріне оқыту.

1.Шаруашылыққа не жатады?

ХІ ғасырға қарай Батыс және Орталық Еуропада орманды жерлер азая түсті.Бос жатқан жерлерге жайқалып егін өсті.Жыртылатын жер ауданы едәуір кеңейді.Қос танапты егін үш танапты егістікпен алмасты.

Үш танапты егістік дегеніміз -

1.Күздігүн күздік дақылдар

2. Көктемде жаздық дақылдар

3.Тыңайтуға қалдырылған жер

Шаруашылықты дамытуда қандай еңбек құралдарын пайдаланды?

Қолөнер дегеніміз не?

Қолөнердің қандай түрі дамыды?

Қалалар қалай пайда болды?

Сабақты бекіту:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды?

  • Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер?

  • Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді? Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті?

  • Жәрмеңке деген не? Шампань жәрмеңкесі туралы әңгімелеп беріңдер

Бағалау:

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып,соңындағы сұрақтарға жауап дайындау



© 2010-2022