Қазақ хандағына 550 жыл

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы

«Дөң орта мектебі» КММ

Тарих және құқық пәні

мұғалімі: Кусантаева Даурия Зинитовна

Класс: 9-11


Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығы.

Сабақ түрі: көрініс сабақ

Автор: Армысыздар осы кештің қонақтары

Халқымның ашық болсын атар таңы

«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл » атты кешіміздің беделің көтерейік тарихтағы.

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы ,халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің ,яғни қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

(Сахнаға ата,әже,немере шығады)

Ата: Жарығым осы сен бүгін сабағынды қарадың ба?

Немере: Ия,ата орындап жатырмын бірақ маған мына тарихи оқиғаларды түсіну қиындыққа соғып тұр.Маған көмектесіп жібересіздер ме?

Әже: Ия,айналайын ботам айта ғой ол қандай тарихи оқиға?

Немере: Қазақ хандығының құрылу тарихы.

Ата: Еее,айналайын балам ата - бабамызға азаттық деген оңай жолмен келген жоқ ендеше құлыным білгенімді баяндап берейін,мұқият тыңдап,құлақ сал!

Немере: Әрине ата құлағым сізде.

(Сахнаға Асан қайғы, Керей мен Жәнібек шығады )

Асан қайғы: Уа, Халайық еліннің тізгінің ұстайтын Керей мен Жәнібек келеді

Керей хан: Уа,әлеумет теңдіктің тезі теңселмей еркіндік жолы елесті, бақыттың жолы бәсеке,ырыстың жолы бейнетті,азаттық жолы азатты,төземісін әлеумет (төземін) қазақтың қайран даласын жағасы жайлау ел қылам, қара сирақ баласын басқалар мен тең қылам.Кеткен кегін қайтарып,іргесі тыныш төрінде мерейін үстем,бағың зор ырысын шалқар төл қылам осы жолда әлеумет тайсалар болсан маған серт тайқып кетсен саған серт.

Еремісің әлеумет! (еремін деп қайталайды жамағат )

Ендеше халқым атқа қон,туынды ұста,тарт алға құдайым бізді бастасын арманы биік ақ жолға.

Асан қайғы: Уа,халайық еліннің тізгінің ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілекпен аға жолын берді. Керейді ақ киізге отырғызып Хан көтерейік

Жәнібек хан: Меннен ағаның жолын үлкен ғой, ел тізгінің саған бердім.

Керей хан: (АНТ) Құдіреті күшті Алланың алдында қалың елім халқымның алдында Керей басым Хан болып, қазақ елінің бағың асырып көтерілген орданың мерейін тасытып Ұлы Тұран даласының бірлігің келтіріп төрт күл дүниеге рухты ел екенімізді паш етуге АНТ беремін. (Конституция )

«Ақтабан -шұбырынды» көрінісі «Елім-ай » әні

Автор: 1723 жылы жоңғарлардың күтпеген жерден,бірнеше бағытта ұйымдастырған шапқыншылығының зардабы бейқам жатқан қазақ ауылдары үшін тіпте ауыр болды.Мал мүлкін,тігулі үйін,асулы қазаның тастап,бас сауғалауға мәжбүр болған қайғылы жағдай қазақ жерінде монғол шапқыншылығынан бері қайталанбаған еді.Ел басынан кешкен осынау қайғы-қасірет әйгілі « Елім -ай» әнінің мұңлы зарлы шумақтарынан анық байқалады.Бұл қасиет туралы Қожабергеннің «Елім-ай» жоқтауы қазақтардың халықтық азасының нышанына айналды.

(Сахнаға құлдыққа түскен бала, әйелдер, қарттар шығады.)

«Елімай» әні орындалады.

Қобыз үні орындалады.

Автор: 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа - ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр,Әбілмәмбет,Сәмеке,Күшік,Жолбарыс хандар, сұлтандар,Төле би Әлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би бастаған түрлі әр рудың билері,даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.

Төле би: Жоңғарларға қарсы соғысқа Әбілхайырды Бас қолбасшы ретінде сайлаймыз ба? (жиналған жұрт бір ауыздан иә деп жауап қатады)

Әбілхайыр хан: Ел тізгінің халқым маған сеніп ұстатты .Олай болса елім мен жерім мен үшін арымның садағасы.

Автор: Ұлттың ұйытқысы рухани көсемдері Төле,Қазыбек, Әйтеке билер болды. (сахнаға билер шығады)

Төле би: Ақты ақ деп бағала , қараны қара деп қарала,өзегің талса өзен бойын жағала. Басына бұлт түссе,көпшілікті сағала.

Қазыбек би: Біз қазақ деген рухты қайсар елміз.Ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз. Елімізден құт береке қайтпасын деп,әскеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.

Әйтеке би: Өзіне өзін кәміл бол,халқына әділ бол,жауына қатал бол,досына адал бол.

Әуен орындалады

Автор: Келесі тарихымыздың төріне: Айбынды, айдынды Абылай хан келеді (қасында кеңесшісі Бұқар жырау ) ханның кеңесшісі әрі қазақ хандығы дербестігінің жарсышы Бұқар жырау (Абылай ханға қарап тұрып айтады )

..... хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай мініңіз

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың,

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың

Әділдікпен жүрдіңіз

Әдепті іске кірдіңіз. Хан ием жоңғарларға қарсы соғыста бар тізгінді өз қолыңызға тапсырдық.

Абылай хан: қалған өмірімді елдің тыныштығын,бірлігін ,ауызбіршілігін,тұтастығың сыртқы жаулардан қорғап елімді сақтап қалуға арнаймын.

Бұқар жырау: 20 жасқа жеткен соң

Алтын тұғыр үстінде

Ақ сұңқар құстай түледің

Автор: Ұрандап сахна төріне Абылай шығады

(Абылай мен Шарыштың жекпе жегі )

Автор: 18 ғасырдың 30 жылдарының басы Әбілмансұр ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алатын жасқа жетті.

Автор: 18 ғасырдың 70 жылдары Бүкіл қазақтың игі жақсылары Абылайды ұлттың азаттығың сақтайтын тұлға деп таныды.Оның маңына Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты белгілі батырлар топтасты. Әр батырдың ар жағында бір рулы ел тұрды.

Автор: Қанжығалы Бөгенбай ,Қара Керей Қабанбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшылары,аса көрнекті ұйымдастырушылардың бірі ,азат ету жолында ерлік еткен.

(Бөгенбай мен Қабанбай батыр шығады )

Бөгенбай: Жаудан кек аламыз,өлсек қару ұстап өлеміз. Таланған көштің тұтқындалған бала шағаның бейшара бақылаушысы болып зұлымдығына шыдап отыра алмаймын.

Қабанбай: Азаттық үшін жанымды пида етіп,басымды тігемін.

Гаухар: менде қарап қалмаймын мен де жорыққа шығамын «Атаның ұлы болып тума,еліннің ері болып ту» демек бер емес пе?

Абылай хан: Әскерімнің қолбасшыс әрі сенімді батырымын қабанбай ерлігің үшін,лақап атың Дарабоз болсын деп атаймын.

Автор: Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар,кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді,ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды

Тілі игі ,дәстүрлі халқымыздың

Төрінен лайықты орын алды.

Әуен ойналады: Шаңырақ көтеріп «Алға Қазақстан» әнін орындап барлық қатысушылар сахнаға шығады









© 2010-2022