Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының қалыптасуына негіз болған қаңлы мемлекеті туралы тарихи деректермен таныстыра отырып, олардың қоғамдық құрылысы мен археологиялық ескерткіштері жөнінде нақты мәліметтер беру.
Дамытушылық: оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс «Тіке сұрақ- жылдам жауап», «Балама тест», постер жасау, қорғау, сәйкесін тап, толықтыру тесті
Көрнекілігі: ҚР картасы, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды топқа бөлу
І-топ- «Тарих»
ІІ-топ- «Тағылым»
ІІІ-топ- «Зерде»
ІҮ-топ- «Мәдениет»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1- тапсырма «Тіке сұрақ- жылдам жауап»
«Тарих» тобына:
1. Үйсін тайпаларының мекендеген жері
2. Үйсіндер атауы қытай жазбаларында нешінші ғасырдан бастап кездеседі?
3. Үйсін мемлекетінің астанасы, ол қай жерде орналасқан?
4. Жазба деректер бойынша үйсін халқының саны қанша болған?
5. Жетісудағы үйсін қорымдарынан табылған бас сүйектер антропологиялық жағынан қай нәсілге ұқсас болды?
«Тағылым» тобына:
1. Үйсін билеушісі қалай аталады?
2. Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері кімдер?
3. "Усинго", "Синго" ұғымдары қандай мағына білдіреді?
4. Үйсін қоғамындағы қарапайым халықты кімдер құрады?
5. Үйсіндерде мүлік теңсіздігінің болғандығын дәлелдейді...
«Зерде» тобына:
1. Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің мүсіндік бейнесін жасаған антрополог, ғалым
2. Үйсіндердің тұрақтары, үйлері қай жерлерде орналасты?
3. Үйсіндерде әулеттің зираттары қайда орналасқан?
4. Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым
5. Әйел адамның тәж тәрізді әшекейлі бас киімі табылған жер
«Мәдениет» тобына:
1. Үйсіндердің шығу тегі туралы дерек қалдырған қытай тарихшысы
2. Үйсіндер алғашында кімдерге тәуелді болды?
3. Қытай деректеріндегі үйсін әскерінің саны қанша?
4. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыстар жасаумен кімдер айналысты?
5. Үйсіндердің солтүстік батысындағы көршілері
2-тапсырма Балама тест«Тарих» тобына:
1. Ғалымдардың болжауынша үйсіндер ежелгі түрік тілінде сөйлеген бе? (ия)
2. Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе жібектен тігілді ме? (ия)
3. Үйсіндердің обаларын салынған уақытына қарай археологтар 5 топқа бөлді ме? (жоқ)
«Тағылым» тобына:
1. Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың мөрлері балшық пен тастан жасалды ма? (Ия)
2. Үйсіндер қыш ыдыстарына жабайы жылқының суретін салған ба? (жоқ)
3. Үйсіндер парсылармен саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған ба? (жоқ)
«Зерде» тобына:
1. Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған ба? (Ия)
2. Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары ағаштан жасалған ба? (жоқ)
3. Үйсін билеушілері мен әскербасылары, ауқатты адамдардың мөрлері алтыннан жасалды ма? (Ия)
«Мәдениет» тобына:
1. Үйсіндерде мата тоқу үшін өрмекке ұқсас тоқыма кермесін пайдаланды ма? (ия)
2. Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалды ма? (ия)
3. Бай үйсіндердегі жылқы саны 500-600-дей болды ма? (жоқ)
ІІІ. Жаңа сабақ
§ 23 Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Электронды оқулықтан қөру.
Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
1911 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» Орынбордан басылып шықты. Осылай өз халқының тарихи шежіресін жазу - ерте заманнан әдетке айналып кеткен қасиеттердің бірі. Ол шежірелер қазақ, халқының рухани байлығы. Автор қаңлы атауына тоқталып, «Қаңлы этнонимінің төркінін, шығу тегін, мән-мағынасын, қолдану аясын, нұсқаларын жеке-жеке айқындап, оларды былайша талдаған. Қаңлы тайпасының 47-ден астам туынды варианттары бар екен. Оларға баспа-бас тоқталып, қаңлы атауы және оның көптеген (40-тан астам) түбірлес, туынды варианттары - «өзен-су» мағынасындағы бір буынды «кан» // «қаң» тұлғалы гидронимдік апеллятив негізінде пайда болған, «өзен адамдары», «өзен-су бойында жасайтын тайпа», «өзенді, сулы-нулы өлкеде өскен ел» деген мағынада қалыптасқан этноним және этнотопоним.
1-тапсырма Постер қорғау
Постер жасау- 6 мин
Постер қорғау- әр топқа 2 мин-тан
«Таоих» тобына - Қаңлылар туралы деректер
«Тағылым» тобына - Қаңлылардың орналасуы
«Зерде» тобына - Қоғамдық құрылысы
«Мәдениет» тобына - Археологиялық ескерткіштері
Әр топ бірін -бірі бағалайды.
2- тапсырма Сәйкесін тап «Тарих» тобына:

1. Қаңлы билеушісі
2. Елдің астанасы
3. Қаңлы елі ішіндегі иеліктерді басқарды
4. Қаңлы қоғамында кең өріс алды Кіші хандар
Құлдық
Битянь
Хан

«Тағылым» тобына:
1. Қаңлылардың негізгі атамекені
2. Қытай деректеріне
қарағанда қаңлыларға тәуелді болды
3. Қаңлы мемлекетінің солтүстігіндегі көршісі
4. Қаңлы елі экономикалық, мәдени және саяси байланыс жасаған елдер Сарматтар мен аландар
Қытай, Рим, Кушан

Сырдың орта ағысы
Үйсін мемлекеті
«Зерде» тобына:
1. Қаңлы дәуірінің археологиялық мәдениеттері
2. Жетіасар мәдениетінің таралу аймағы
3. Арыс өзенінің жағасында орналасқан қаңлы қаласы
4. Қазба жұмыстары кезінде Пұшық-Мардан қаласы маңынан зерттелді
Қостөбе қонысы

Көк-Мардан
Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар
Қуаңдария мен Жаңадария өзендерінің аңғарлары
«Мәдениет» тобына:
1. Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы жазылған тарихи дерек
2. Б.з.б 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы соғыста көмектескен елі
3. Қаңлылар туралы "Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді" деп жазылған кітап
4. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы
Ғұндар

Сыма Цянь

"Цянь-Хоньшу"


Авеста
3-тапсырма Толықтыру тесті
«Тарих» тобына:
1. Жазба деректерде қаңлылардың _________, __________ жағалауларында , ___________ төменгі ағысында өмір сүргені де айтылады.
2. Қытай өкілінің императорға хабарында қаңлылар _____, ______ келеді.
3. Қаңлы мемлекетінің шекаралары осы күнгі ___________ жерінен асып, бір шеті ____________ бөктерінен басталып, _________ өзеніне дейін созылған.
«Тағылым» тобына:
1. ________, ________ сөздері ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі қаңлы атауына ұқсас.
2. Бірқатар тарихшы ғалымдар қаңлы мемлекетінде _______ болған дейді.
3. Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалары одағының ______ түтіні немесе шамамен _______ адамы, _______ дейін жауынгері болған.
«Зерде» тобына:
1. Қауыншы мәдениеті ________ _________ көгалды аймақта, Отырар-Қаратау- ______ _______ орта ағысы тұсында Қаратау беткейлерінің Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған.
2. Көлемі мен орналасуына қарағанда _________ қала орталығы болған.
3. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды ________ басқарған.
«Мәдениет» тобына:
1. Жазба деректер бойынша қаңлы елін _____ билеген.
2. Елдің астанасы _______ ______ болған.
3. Қаңлы елі өз ішінен ____ ______ бөлініп, әр иелікті ______ _________ басқарған.

Дәптермен жұмыс Тақырып бойынша сөздіктерді жазу Есте сақта!
1. Б.з.б 3-2 ғасырлар -б.з 5 ғасыры __ Қаңлы мемлекетінің өмір сүрген мерзімі
2. Хан - Қаңлы билеушісі
3. Кіші хандар - Қаңлы елі ішіндегі иеліктерді басқарушылар
4. Битянь - Елдің астанасы
5. Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар - Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері
6. Көк-Мардан - Қаңлы қаласы

Рефлексия (оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі.)
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. § 23 Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы (оқу)

2. Қауыншы. Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері туралы қосымша мәліметтер жинастыру

© 2010-2022