Баяндама Қазақ хандығының құрылуы (7 класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тарих сабағында «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбын оқытудағы жаңа әдістердің тиімділігі

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының

тарих пәні мұғалімі Наурызғалиева Күляш Ахрановна

Ел Президенті Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет» деп айтқан болатын.

Тарихымыздағы қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың, өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.

Қазақ хандығы - шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан- байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ- қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы ХҮ ғасырдың орта шенінде құрылғанын 7-сынып бағдарламасындағы ІІІ Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан бөлімінің Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы тарауындағы Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарынан бастап,саяси-әкімшілік,басқару және шаруашылығы мен мәдениетінің тарихын оқушы санасына ұялату ең маңызды іс.Сондықтан құл тақырыпты оқытуда жаңа әдістерді пайдаланудың тиімділігі жоғары болмақ.

Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич « жаңа технологиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес,оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналуы қажет , сонда ғана сапа болады» деген.Соңғы 10 жылда мектептер жүйесіне жаңа технологиялық үрдістер арқылы жұмыс жасау талаптары қойылды.Педагогикалық технологиялардың білім беру жүйесінде 50-ден астам үлгісі қолданылуда.Олар; модульдік оқыту, дамыта оқыту,тірек-сызба арқылы оқыту,интеграциялық оқыту, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану.Жазушы , педагог М.Жұмабаев «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан,балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді .» деген екен.Қазіргі инновациялық технологиялардың да басты мақсаттарының бірі оқушылардың сабақ үстінде өзара белсенділігін арттыру,интуициялық күшін дамыту,өзін-өзі көрсете білуге, сыныптастарымен мәдениетті пікір алмасуға шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Сондықтан педагогтың жеке тұлға қалыптастырудағы әдістерінің бірі -интерактивті әдіс болып табылады.Қазақ тіліне мұны өзара белсенділікті арттыру ( ӨБА) әдісі деп аударуға болады.ӨБА әдісінің өзге әдістерден ұстанымды екі айырмашылығы бар.Олардың біріншісі- мұғалімнің бір сабақ үстінде оқушылармен жұмыстың бірнеше түрін жүргізуінде.Ал екінші негізгі айырмашылығы- оның оқушылардың өзара мағлұмат алысу белсенділігін арттыруға бағытталуында.ӨБА әдісімен жүргізілген жұмыс түрлерінің қайсысы болса да оқушыны енжар қалдырмауға, оны ойлантуға, миын жұмыс істетуге, білгенін еске түсіртуге, шығармашылық қабілетін ұштауына, пікірталасқа қатысып, ойын ғылыми стильде жүйелеп жеткізуге, сонысымен өзгелерді қозғауға ықпал етуі керек. ӨБА шеңберінде оқушылармен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуге болады; «Ақылмен алу», «Тұрғыда тұр», Дилемма шешу, «Венн д иаграммасы», «Кубизм стратегиясы», «Пікірсайыс ( дебат) т.б. Осы жұмыс түрлерін орындай отырып, оқушылар тақырыптағы өзекті мәселені табуға, тақырыптың мәнін ашуға, алған білімін жүйелеуге үйренеді.Сабақтың өн бойында оқушылар талдауды,салыстыруды,жинақтауды,пікір бөлісуді жүзеге асырады. Ақпарат алмасу ізденімпаздыққа баулиды, оқушының білімді меңгеру сатысынан шығармашылық сатысына дейін көтерілуіне әсер етеді.Оқушылардың өзара белсенділігін арттыру үшін мұғалімдер теледидар арқылы беріліп жүрген түрлі ойын түрінде өткізілетін берілімдердегі формаларды немесе олардың кейбір элементтерін пайдалануға болады.Олардың қатарынан «Бетпе-бет», «Тарих доңғалағы», «Бақытты сәт»,»Жұлдызды сәт», «Брейн-ринг» тағы басқаларды атауға болады.

Мен өз іс тәжірибемде күні бүгінгі таңда интерактивті әдіске көп көңіл бөлемін. Сіздің назарларыңызға «Қазақ хандығының құрылуы» тарауын оқытқан кезде сабақтың әр түрлі бөлімдерінде өзім қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып отырмын.



© 2010-2022