7-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көрсетілім сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

Сабақтың мақсаты: - Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын пысықтау

-Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап,дәлелдеу;

-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалау арқылы өзіндік сын-

көзқарастарын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: - Қазақ хандығының құрылуының алғышартын анықтау мақсатында

оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, өз көзқарастарын білдіреді

және шығармашылықтарымен бөліседі

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер: СТО: «миға шабуыл»

АКТ: интерактивті түсіндірілім

ББЖӘТ: диалогтік оқыту, «ақылды үшбұрыш»,«постермен жұмыс»,деңгейлік тапсырма

Мұғалімнің әрекеті:

«Сізге тілек,баршамызға ортақ» тренингі 2-мин

Стикерге жазылған тілектерді өзіне іштей оқиды,сол тілекті баршамызға тілейді (3 түрлі түске жазылған,түс бойынша топқа бөлінеді.)

«Ақылды үшбұрыш» әдісімен үй тапсырмасын тексереді(тақтаға үш оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша өзара сұрақтар қойылып,оған жауап береді,қалған оқушылар оларды бас бармақпен бағалайды) 9-мин

Жаңа сабақ 3-мин

Оқушылар әрекеті: Пазылдарды құрастырып топтың атын шығару

Топтарға бөлінеді:

1-топ «Мемлекет»

2-топ «Хан»

3-топ «Қазақ»

Бейнеролик арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталады және оның мақсатын белгілейді

( «Қазақ елі» фильмінен үзінді)

Интерактивті тақта арқылы интернеттен жаңа сабақтың мазмұны түсіндіріледі.

Оқушылар әрекеті:

Топтарға бөлінеді: 1-топ «Мемлекет» (қазақ хандығының құрылуының алғы шарты)

2-топ «Хан» (қазақ хандығының негізін қалаушылар)

3-топ «Қазақ» ( «Қазақ хандығына 550 жыл)

Сәйкесінше топтарға тапсырмалар беріліп,оларды ортаға салып талқылайды және орындайды:

Қорытындылау

«Мемлекет» тобы қазақ хандығының құрылуының басты алғышарттары: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының әлсіреп,күйреуге таяуы,рулар мен тайпалар арасындағы талас-тартыстардың көбеюі,қазақ тайпаларының мемлекет болып бірігу қажеттілігін анықтап берді.

«Хан» тобы қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек сұлтандардың тарихтағы рөлін атап көрсетті.Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті, мысалы: осы оқиғаны көрініс арқылы бейнелеп, қалған топтарға сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең меңгере түсті.

«Қазақ» тобы «Қазақ хандығына 550 жыл» деген тақырыпта постер қорғап, Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтай алды.Мемлекетіміздегі өткен жылы атап өтіліп отырған тарихи оқиғаға өз бағаларын бере білді.

Ойлан.Топтас.Талқыла. әдісі. (6-мин )

1-топқа Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

2-топқа Қазақ хандығының аумағы.

3-топқа Халқының этникалық құрамы

Бір медаль,бір миссия арқылы топтар бір-бірін бағалайды. (3-мин)

Деңгейлік тапсырмалар 6-мин

1. Математикалық лото

4000/2-532=

1468 жылы-

Әбілқайыр хан қайтыс болды

728х2+10=

1466 жылы-

Қазақ хандығының құрылған жылы

3800/2+91=

1991 жылы-

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы

2.Кескін картамен жұмыс

Қазақ хандығының территориясын кескін картаға түсіру

3.Тарихи диктант

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып,мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.

Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы ,ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465-1466 жылдар деп жазды.

Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.

Тұжырымдамалық карта ( 3-мин)

Қазақ хандығының құрылуы

Үйге тапсырма: 1.Керей мен Жәнібек туралы мәлімет дайындау

2.Жүздер кестесін жазу

3.§36 -37 оқу

Қосымша тапсырма

Дұрыс болса жасыл смайлик,қате болса сары смайлик көтеру

1.Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Оларды бәрін

"тоқсан екі баулы қыпшақ" деп атады (Дұрыс)

2.Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын Жошы (Қате)

3.Бетпақдаладағы Таңбалы Нұрада «Жеке ел боламыз» деп шешім қабылдады (дұрыс)

4.Қазақ хандығының негізін қалаушы тұлғалар Әбілхайыр мен Есенбұға (Қате)

5.Қазақ хандығының алғашқы территориясы Жетісу, Шу алқабы (Дұрыс)

6. «Қазақ» атауы бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар (дұрыс) Академик Радлов пікірі бойынша

7.Қазақ хандығының құрылған жылдар 1227-1228жж (қате)

8.Керей мен Жәнібек хандар көрші қырғыздармен тату тұрды (дұрыс)









7-сыныпқа арналған сабақ жоспары

© 2010-2022