• Преподавателю
  • История
  • Урок по истории Казахсана тема XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Урок по истории Казахсана тема XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақ №

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: §1. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру;

  • Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;

  • Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу

Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.

Негізгі ұғымдар: ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя,құрылтай.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, түгендеу

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.

  2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

  3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.

  4. Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.

  5. Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:

  1. 1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі?

  2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

  3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  4. XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?

Жаңа сөздер: Жоңғарлар, империя, отар, құрылтай, сепаратизм, қонтайшы.

Тұлғалар: Әбілқайыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қайып хан, Левшин Алексей Ираклиевич.

1 тапсырма

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Мақсаты мен маңызы

1650-1715

1605

1698

1718

1715-1718

2 тапсырма

Хандар

Тәуке хан

Қайып хан

Әбілқайыр хан

Жеке бас ерекшеліктері

Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты

Тарихи маңызы

Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынған Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын

ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

Ү. Үй тапсымасы:

  1. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

  2. 1635ж ., 1710ж ., 1715ж. - Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.

ҮІ. Бағалау


© 2010-2022