Тапқыр интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын. 6 класс

Мақсаты: 1. Қазақ елінің салт – дәстүрлері мен мәдени соқпақ жолдары туралы білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.  2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу  3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Ұлт жандылық тәрбиесін беру. Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының  картасы, безендіру құралдары. Қатысушылар: 6 «А», 6 «Б», 6 «В» сынып оқушылары.             Жоспар...
Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тапқыр интеллектуалдық - тарихи танымдық ойын.

Мақсаты:

1. Қазақ елінің салт - дәстүрлері мен мәдени соқпақ жолдары туралы білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Ұлт жандылық тәрбиесін беру.

Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары.

Қатысушылар: 6 «А», 6 «Б», 6 «В» сынып оқушылары.

Жоспары:

1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы

2 тур: Самғау - «Жүзден жүйрік» сайысы. Ұпайы көп команда бастайды.

Қосымша көмек беріледі.

3 тур: Шарықтау- «Мені түсін» сайысы.

5 сұрақ.

4.тур: Шырқау. «Тосын сый» сайысы.

5. тур: Жер ұйық - үй тапсырмасы. «Сен білесің бе?» сайысы.

Ойын қортындысын шығару.

Кіріспе сөз:

Қазақ елі қашанда өзінің алғырлығымен, көрегендігімен таңылған ел. Сан ғасырлар бойы ата бабаларымыз елінің еркіндігі үшін аянбай терін төгіп, бүгінгі ұрпақ біздер үшін, сақтап келді. Ендігі біздің мақсатымыз бабалар жолын жалғастыру, елімізді, жерімізді көркейту одан әрі жетілдіру, биік белестерді бағындыру.

Бүгінгі біздің сайыс сабағымыз Қазақ елінің кешегісі мен бүгіні жайлы болмақ. Яғни еліміздің салт санасына сусындап, мәдени соқпақ жолдарымен тағы бір рет жүріп өтпекпіз. Өз елін жерін сүйген азамат өз елінің тарихы мен сал дәстүрлерін жетік менгеруі тиісті. Сайыс сабақ 5 турдан тұрады. Олар 1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы 2 тур: Самғау - «Жүзден жүйрік» сайысы. Ұпайы көп команда бастайды. 3 тур: Шарықтау- «Мені түсін» сайысы. 4.тур: Шырқау. «Тосын сый» сайысы. 5. тур: Жер ұйық. «Тірек сөздер» сайысы.

Ал енді ойынымызды бастау үшін жүргізушілерге сөз берейік. Жүргізушілер сөз кезегі өздерінізде.

Ойынның барысы:

Бірінші жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым. деген - жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, салт - дәстүрін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

Тарих апталығы аясында өтетін «Тапқыр» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.

Екінші жүргізуші:

Ойынға қатысып отырған 6 «а»,6 «б», 6 «в», сынып оқушылары.

Командаларды таныстыра кетсек:

1 топ.

2 топ

3 топ

(Командаларды таныстырады).

Бірінші жүргізуші:

Ал енді бүгінгі ойынымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық. (Қазылар алқасын таныстырады)

1

2

3

«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

Екінші жүргізуші:

1 тур «Қанат қақты» Капитандар сайысы. Каманда капитандарына кезегімен қазақ мәдениеті мен салт - дәстүрлерінен 10 сұрақ қойылады. әр дұрыс жауап тиісті ұпайлармен бағаланады. Олай болса каманда басшылары іске сәт!

Бірінші жүргізуші:

І топ сұрақтары: команда капитаны алға шығуынызды сұраймыз.

1) Ер тұрман - (ат әбзелі)

2) Қошқар мүйіз (Қазақ халқының ою өрнек атауы)

3) Киіз үйдің негізгі бөліктерін атап бер (Шаңырақ, кереге, уық)

4) Сақтардағы Өнер стилі (Аңдық стиль)

5) Келін түскендегі рәсім (Бет ашар)

6) Торсық (Сусын құйатын теріден жасалынған ыдыс)

7) Саз сырнай қандай аспап (үрмелі аспап)

8) Аударыспақ (Ат үстінде жігіттердің күші мен ептілігін көрсететін ұлттық ойын)

9) Сәукеле (Ұзатылған қыздың бас киімі)

10) Бесік (сәбиге арналған арнайы төсек)

Екінші жүргізуші: ІІ топтың сұрақтары: команда капитаны алға шығуынызды сұраймыз.

1) Жүген (ат әбзелі)

2)Шашбау (Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады)

3) Кереге мен шанырақты жалғастырушы (Уық)

4) Қола дәуірі өрнектері жағынан сипаты жағынан қандай болып келеді.(Геометриялық өректер)

5) Келіннің әкесіне берілетін құн (Қалың мал)

6) Тостаған (Ыдыс түрі)

7) Домбыра қандай аспап (Шертпелі)

8) Аламан бұл қандай ұлтық ойын (бәйге түрі )

9)Кимешек (әиел адам бас киімі)

10) Сүйінші (Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ)

Бірінші жүргізуші:

ІІІ топтың сұрақтары: команда капитаны алға шығуынызды сұраймыз.

1) Ауыздық (Ат әбзелі)

2) Білезік (Қолға тағатын әйел адамдардың әшекей заттары)

3) Туырлық, үзік, түндік бұлар не? (киіз үйдің бөліктері)

4) Темір дәуіріне жататын өнер стилі (аңдық стиль)

5) Қыз баланың анасын күйеу жігіт береді. (Сүт ақы)

6) Жылқы сүтінен жасалатын сусын. (Қымыз)

7) Қобыз қандай аспап (шертпелі)

8) Тоғыз құмалақ (Ұлттық ойын түрі)

9) Бешпент (Ерлердің үсіге киетін киім түрі)

10) Тұсаукесер ( баланың алғаш жүре бастаған кезде жасалатын рәсім)

Ал енді құрметті әділ қазылар 1-ші турдың ұпай санын белгілейік

Екінші жүргізуші:

Келесі турымыз Самғау «Жүзден жүйрік» сайысы Көп ұпай жинаған команда бастайды. Әр каманда ұяшық номерін таңдайды. 10,20,30,40 ұяшықтары. Ұяшық артында жасырын тұрған сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап берген сұраққа ұяшық бетінде көрсетілген ұпайларға ие болады. Ал ендеше іске сәт!

Тарих

10

20

30

40

Тұлға

10

20

30

40

Салт-дәстүр

10

20

30

40

Рәміздер

10

20

30

40

Тарих:

10 ұпай - Алтын адам қай жылы қазып алынды? (1969 жылы)

20 ұпай - Батыс пен Шығысты жалғастырушы ұлы сада жолы (Ұлы жібек жолы)

30 ұпай - Қазақ елі тәуелсіздігін алған жыл (1991 жыл)

40 ұпай - Қай жылы тұңғыш ата заң қабылданды (1993 жылы 28 қаңтар)

Тұлға:

10 ұпай - Кирді өліріп, басын қанға малған сақ патшайымы кім? (Томирис)

20 ұпай - Исатайдың босы, әрі қазақ елінің азаттық күресін жырлаушы (Махамбет Өтемісұлы)

30 ұпай - Үш жүздің басын біріктіріп, ел билеу ісінде жетістіктерге жеткен хан (Абылайхан)

40 ұпай - Жоңғар шапқыншылығында ерлік көрсеткен батыр бабаыз. Хан батыры атағын алған ержұрек батырп. (Қаракерей Қабанбай батыр)

Сал- дәстүр:

10 ұпай - Шілдехана өткеннен кейін баланың ата-анасы қандай той жасаған? (Бесік той)

20 ұпай - Тоқым қағу қандай салт (Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады.)

30 ұпай - Базарлық дегеніміз не? (Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.)

40 ұпай - Жеті атаны білесіз бе? (1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан).)

Рәміздер:

10 ұпай - Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ел таңба, Ту, Әнұран)

20 ұпай - Ел таңбаның авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов)

30 ұпай - Қ.Р. рәміздері қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)

40 ұпай - Мемлекеттік рәміздің бірі әнұранның жаңа нұсқасы қашан қабылданды

(2006 жылы 7 қаңтарда)

Ал енді құрметті әділ қазылар 2-ші турдың ұпай санын белгілейік

Бірінші жүргізуші:

Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - «Мені түсін» сайысы. Бұл сайыста каманда мүшелерінің бірі алға шығып өзіне көрсетілген суретті тірек сөздерімен, іс - қимылы мен түсіндіреді. Ал қалған команда мүшелері жасырып тұрған сөзді тауып жауабын айтуы тиіс. Әр дұрыс жауап тиістінше бағаланады. Олай болса іске сәт!

Суреттер:

1 топ:

1) Ертұрман

2) Дастархан

3) Кітап

4) Қ.Р. Туы

5) Жауынгер

2 топ:

1) Ата заң

2) Әшекей заттар

3) Домбыра

4) Петроглиф - тасқа салынған сурет

5) Ел таңба

3 топ:

1) Алтын адам

2) Шаңырақ

3) Қобыз

4) Жүзік

5) Бәйтерек

Ал енді құрметті әділ қазылар 3-ші турдың ұпай санын белгілейік

Екінші жүргізуші:

Келесі тур. Шырқау «Тосын сый» сайысы. Бұл сайыста Команда мүшелерінің біреуі қораптан буманы алады. Бума ішінде берілген тапсырмаға жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен белгіленеді. Сайыкерлер сіздерге бір жаңалық бумалардың ішінде сіздерге арналған тосын сый әзірленген.

1 сұрақ.

Қазақ елі егемендігін алғалы бері 21 жылда қандай жетістіктерге жетті.

2 сұрақ.

ЭКСПО 2017 дегеніміз не?

3 сұрақ

Тосын сый 10 ұпай

Көрермендер базарлығы:

  • Киіз үйдің дәл ортасында тұрады.

  • Шылбыр

  • Білезік

  • Геометриялық өрнектер қай кезенге тән

  • Келіннің аға інілеріне туыстарына берілетін кәде

  • Түйе сүтінен жасалатын сусын

  • Сыбызғы қандай аспап.

  • Тақия тастамақ

  • Кебіс

  • Тусаукесер

  • Киіз үй неше бөлімнен тұрады.

  • Үзенгі

  • Түйетабан деген не

  • Аңдық стиль қай кезендерге тән

  • Ұзатылған қыздың жыл аралатып төркініне келуі

  • Сиыр сүтінен қандай сусындар дайындайды.

  • Шаң қобыз

  • Түйілген орамал

  • Күндік

  • Сүндет той

Ал енді құрметті әділ қазылар 4-ші турдың ұпай санын белгілейік


Екінші жүргізуші:

Келесі турымыз: Жер ұйық. «Тірек сөздер» сайысы. Сайыста қатысып отырған топ мүшелері экранда көрсетіліп тұрған тірек сөздерді пайдалана отырып қазақ еліне өз жолдауларын арнайды.

Ал енді құрметті әділ қазылар 5-ші турдың ұпай санын белгілейік

.

Бірінші жүргізуші: Ойынның қорытындысын шығару: Сөз кезегі ойынымызды бақылап отырған төрешілер сізде.

Қорытынды:

Бүгінгі «Тапқыр» интеллектуалдық - тарихи танымдық сайыс сабағымыздан әр қайсымыз өзімізге керекті мағлұматтарды алдық деп ойлаймын. Елінің ертені үшін аянбай тер төгетін ұрапқ болып өсе берулерінізді тілеймін. Сайыс сабағымызға келіп тамашалағандарынызға көп рахмет.



© 2010-2022