Презентация по Истории Казахстана на тему Тәуелсіздік жолындағы қадам

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік қарсаңындағы бетбұрыстар


Кунратбаева Актоты Жубаткановна

Ақтөбе қаласы № 34 орта мектебі


Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік алар алдындағы жағдайы, тоқырау жылдарындағы экономикалық, әлеуметтік дамуы туралы, тәуелсіздік алу барысындағы жұмыстар туралы білімдерін тексеру.

Міндеті:

А) Алған білімдерін нақтылау, хронологиямен, тарихи фактілермен жұмыс жасай білуге баулу;

Ә) Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытып, өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету;

Б) Өз елінің патриоты, жаңашыры болуға, төл тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

Типі: Қорытынды- қайталау

Әдісі: топпен жұмыс, пікірталас, датамен жұмыс

Көрнекілігі: есептер, қосымша мәліметтер

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, дене шынықтыру, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Топқа бөлу.

ІІ. Математика (есептер шығару)

  • (35х65)-311= 1964 Н.Хрущевтің билік басынан кетуі

  • (100х10)+(450+450)+ (34,5х2) =1969 Есік қорғанының ашылуы

  • (9х9)+32 =113 Ашық түрде жарылыстар саны

  • (1542+254)+(13х13)+10 =1975 Азия кітабының шығуы

  • 2000-21 =1979 Целиноград оқиғасы

  • (3х30)+(90х3)-17 =343 Жер асты жарылыстар саны

  • (19х55)+(19х45) +72 =1972 Қапшағай электр стансасы

  • (1135+854)-(1135-854)+281 =1989 Жаңаөзен кеншілер оқиғасы

(8х8)+(5х7) =99 1986 жылы сотталғандар саны

ІІІ. Қазақ тілі (қатемен жұмыс)

Сынақхат

Шартты түрде "тоқырау жылдары" деп аталып жүрген уақыт 1970 жылдардың ортасынан басталып, 1990 жылдардың бас кезеңі дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші роль атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Кеңес Одағының даму үндестігі бітпес қарама- қайшылықтар КСРО-ның 1985 жылы қабылданған Конституциясынан көрініс тапты. 1980 жылдардың ішінде Санкт-Петербургте оқитын қазақ жастары "Жас талап"атты ұлттық- демократиялық бейресми ұйым құрды. Оның идеялық дем берушісі және басты және басты ұймдастырушысы- А.Қыдыржанов, ал Б.Тайжанов және басқалар көмектесті.1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда славян текті жұрт өкілдерін қалаларға, жергілікті халықты ауылда шоғырландыру ахуалы қалыптасты.Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін екі-ақ облыс орталығы- Ақтөбе мен Жамбыл ғана қалды. Бұлар қазақтар қоныс тепкен іргелі қалалар болғанымен, инфрақұрылымы әлсіз болатын.

IV. Дене шынықтыру (Қақпаға доп салу). Әр топ оқушылары бір- біріне 3 сұрақтан қояды.

V. География (Интерактивті тақтадан аталып отырған жердің элементі көрсетіледі)

- Осы жерде үш славян мемлекетінің басшылары ТМО құру туралы шешім қабылдады (Минск. Беловеж орманы)

- Батыс Қазақстандағы атом полигоны (Капустин Яр)

- Осы қалада 1970-80 жылдары Алюминий заводы іске қосылды (Павлодар)

- Осы қалада 1991 жылы 13 желтоқсанда Орта Азия мен Қазақстан басшылары Беловеж келісімін мақұлдады (Ашхабад)

- Осы қалада «Тайшұбар» бейресми ұйым құрылды (Семей)

- 1965 жылы осы жер алғаш мұнайын берді (Өзен)

- Осы қала неміс автономиясының орталығы болу керек еді (Ерейментау)

- Осы қалада ТМД құрылды (Алматы)

- Осы ел тұңғыш болып Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады (Түркия)

VІ. Тарих (Оқушылар өткен тақырыптары бойынша түсініктерін айтады)

VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

© 2010-2022