7 - сынып, Түрік қағанаты

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ________________

Сыныбы: 7 __________

Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелігі: Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Білімділігі: Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;

Дамытушылық: Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:аралас

Көрнекілігі:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

  • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?

  • Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

  • Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?

  • Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?

  • Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?

  • Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Түркі қағанатының құрылуы және жер аумағы.

2. Халқының этникалық құрамы.

3. Шаруашылығы мен мәдениеті.

4.Түрік қағанатының ыдырау себептері.

Түркі қағанатының құрылуы: және жер аумағы:Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап , Батыста Каспий теңізіне дейінгі арылықты алып жатты. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, Оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан - байтақ аумаққа билік жүргізді.

Халқының этникалық құрамы: Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан тұрды. Олардың ішінде басым көпшілігін теле (Тирек) тайпалары құрады. Теле - Түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Түрік қағанатының құрамына отыздан аса теле тайпасы енген. Олардың қатарына қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б.

Шаруащылығы: Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылылғымен айналысты. Қыстаулары Іле, ШУ, Талас;Ертіс,Сырдария сияқты ірі өзен бойларындағы тоғай лы жерлерде немесе тау бөктерлеріндегі күнегейлі шатқалдарда орналасты. Өйткені ондай жерлердің от - суы мол, қысы жайлы еді. Төрт түлік мал өсірген. Мал өнімдері (жүн, ет, сүт,тері) жесе азық, кисе киім болған.

Мәдениеті: кез- келген халықтың мәдениеті олардың шаруашылық түріне байланысты. Сондықтан да түріктердің баспанасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жығуға ыңғайлы болды.түріктердің жерлеу рәсімн ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалады. Кейінгі бұл рәсім жойылған.

Түрік қағанатының ыдырау себептері: кең - байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталққа бағынған, күшті ел болған жоқ. Қаған әулетінің арасында билік үшін талас - тартыс басталды. Басқа хыылықтар өз тәуелсіздігі үшін бас көтеріп, қағанатқа қарсы күрес жүргізді. Сонымен қатар ұлан ғайыр жерді мекендеген халықтар не саяси, не экономикалық жағынан бірлікте болмады. Осындай себептердің салдарынан 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды өз пайдасына шешуге тырысқан Қытай және басқа мемлекеттер оның жеріне шабулдарды күшейтті. Ал Түрік қағанаты оларға бірігіп қарсы тұрудың орнына жеке - жеке ұлыстарға бөліне бастайды. Ақыр аяғында 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?

  2. Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?

  3. Түрік қағанаты қашан құрылды?

  4. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?

  5. Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?

  6. Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?

  7. Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:Түрік қағанаты

№1 кестені толтыру,картамен жұмыс жасау.

Осы сабақтан бастап оқушыларға материалды терең меңгерту мақсатымен оқушылардың ерте ортағасырлық мемлекеттердің негзгі оқиғаларды есте сақтауына көместесетін «қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер» атты №1 кестені толтыруды ұсынамын

Мемлекет атауы

Өмір сүрген уақыты

Орналасқан аумағы

Әлеуметтік этникалық құрылым

Қоғамдық басқару жүйесі

Саяси жағдайы

Шаруашылығы

Түрік қағанаты

552-603

Алтайдан бастап , Батыста Каспий теңізіне дейінгі арылықты алып жатты.

қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б.

Қаған басқарған

Саяси қарым - қатнаста болған Қытаймен

Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылылғымен айналысты.





© 2010-2022