Махамбет пен Исатай бастаған Көтеріліс қорытындысы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.11.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы. № 23

Сабақтың тақырыбы: Көтеріліс қорытындысы
Сабақтың мақсаты: Көтерілістің жеңілу себептерін және тарихи маңызын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, Махамбет пен Исатайдың өмірі, шығармашылығына тоқталып, көтерілістің тарихи маңызын, нәтижесін ұғындыру.

Дамытушылық: көтерілістің себептерін айта отырып, жеңілу себептеріне салыстырып, оқушыларды өз пікірлерін айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2) Сергіту сәті ( 3 мин )
3) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. ( сиқырлы қалпашалардан қима қағаз алу арқылы топқа бөлінеді) ( 2 мин )
4) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету.
ІІ. Жаңа білімді игерту:
1. Ой қозғау
2. Мағынаны тану.
3. Топтық жұмыс
4. Бәрін білгім келеді ойыны
5. Ой толғаныс Венн диаграммасы.
І.Ой қозғау кезеңі. ( 4 мин )
1.Көтеріліс дегеніміз не?
2.XVIII ғасырда Қазақстанда қандай көтерілістер болды?
3.Кіші жүз қазақтары қандай көтерілістерге қатысты?
4.Бөкей Ордасы қандай орда, қай жерде орналасқан?
5.Исатай кім? Махамбет кім?
ІІ.Мағынаны тану. ( 4 мин )
Ә) Көтерілістің шығу себебі, басталуы.(бейне таспаға көңіл аудару)
4.Топтық жұмыс. ( 10 мин )
Әр топқа берілген тапсырмалар арқылы бірігіп, тақырыпқа байланысты қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізіп, алдарындағы қағазға өз ойларын түсіріп,топ басшылары тақтағы шығып қорғайды.
1-топ.
Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы.
2-топ.
Патшаның көтеріліске қарсы шаралары, Тастөбе түбіндегі шайқас.
3- топ.
Көтерілістің бәсеңдеуі
4 -топ.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары және тарихи маңызы.
5.Ой толғаныс кезеңі.- Венн диаграммасын сызу. ( 3 мин )
С.Датұлы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілістің негізгі ұқсастықтарын ашып көрсету.
Исатай мен Махамбет Сырым Датұлы
6. Бәрін білгім келеді ойыны ( 5 мин )
1. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
а) 1996 жыл б) 1991 жыл в) 2008 жыл
2.Исатай мен Махамбеттің руын ата
а) байбақты б) беріш в) адай
3.1837 жылы 2 мың көтерілісші қоршауға алды
А) хан сарайын Б) Оралды в) Орынборды
4.Исатайды ұстап берушіге қандай сый белгіленді?
а) 500 сом б) 200 сом в) 1000 сом
5.Исатай батырдың қайтыс болған жері.
а) Ақсу б) Шымбұлақ В) Ақбұлақ
6.1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған
А)Меркулов б) Жәңгір хан в) полковник Геке
7. Исатайдың серіктері
а) Балқы би,Х.Арсланұлы б) Ұ.Төлегенұлы, С.Еділұлы в)И.Тленбайұлы
8.И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші.
А) шаруалар б) жатақтар в) старшындар
9.XIX ғ.I ж. Бөкей ордасының қай жеріне хан сарайы салына бастады?
А) Ақбұлақ Б)Жасқұс в) Тастөбе
10.Тұңғыш Конституция қабылданды. 15 қарашада төл теңге дүниеге келді.
а) 2001 жыл б) 1996жыл в) 1993 жыл
11.Исатай қаза тапқан жер
а) Ақбұлақ б) Майтөбе в) Тастөбе
12.М.Өтемісұлы қайтыс болған жыл
А) 1846 б)1845 в)1848
13.Исатай көтерілісін басты
А) Колпаковский Б) Сперанский В) Геке
14.Астанаға 10 жыл
а) 2007 жыл б) 2008 жыл в) 2010 жыл
15.Исатай Тайманұлы сотқа тартылған жылдар
А) 1828-1832 б)1817-1823 в) 1824-1829
Әр топтағы оқушыларға жеке тапсырма беріледі. ( мәтін бойынша жұмыс жасау )
1. Әңгімелесу. Ізден, пікір білдір, ой қорыт: «Исатай-Махамбет» көтерілісі мен Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы»;
2. Жәңгір хан мен Бөкей ордасының би-сұлтандары туралы ізден
3. 1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс туралы ізден, көтеріліс барысына хронологиялық кесте жаса;
4. Ойлан, есіңе түсір: « Махамбет» дегенде есіңе кімдер және не түседі?
Әр оқушыға жеке ойлануға мүмкіндік беремін және уақыт біткен соң оқушылардың орындарын деңгейлік тапсырма бойынша ауыстырамын.Әр топтан 1 немесе 2 оқушылардан тақтаға шығып қорғайды.
ІІІ. Сабақты қорытындылау. ( 4 мин )
Оқушылар бүгінгі сабақта білгенін, үйренгенін, алдағы уақытта не білгісі келетінін кестеге топ болып жазып қорғайды.

IV. Қорытынды.
Оқушылардың ойы тыңдалып, мұғалім әр топтың ойларын жинақтап қорытынды жасайды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік- ауматық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдықа қарсы ірі баскөтерулері еді.
Ү.Үйге тапсырма ( 2 мин )
«Қазақ халқының ежелден аңсаған арманы- тәуелсіздік» тақырыбында эссе жазу, тестік тапсырма құрастыру.
ҮI. Рефлексия алу ( 2 мин )
VII. Бағалау. ( 2 мин )
Бағалау парағы

© 2010-2022