Презентатция по казахскому языку на тему Қазақ хандығы (7 класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы пәні

10. 12. 2015 ж

Жаңаөзен қаласының № 7 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бинепесова Гүлмира Көбейсінқызы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы

Сілтеме:

Әбдіғұлова Б. Қ 5 - сынып оқулығы 92 - 97 б. Тақырыпқа байланысты слайдтар

Жалпы мақсаты:

Қазақ хандарының, батырларының, билерінің өмірі мен қоғамда алатын ролі туралы өз беттерінше мәлімет алуға жетелеу.

Оқу нәтижесі:

  • Оқушылар топқа бөліну арқылы мәтінді өз беттерінше оқып, топ ішінде талдайды.

  • Мұғалім сабақ барысында берген білімді оқушы өзі жетістікке жететіндей бағыт алады.

Түйінді идеялар:

Қазақ хандығының мемелекеттік - әкімшілік құрылымына тоқталып, түйінді пікірлерін дәлелдеу.

Қазақ хандығының билердің, батырлардың мемелекеттік - әкімшілік құрылымының ерекшелігін талдау.

Тапсырма көздері:

1. Топпен жұмыс.

2. Жеке жұмыс.


Шығармашылық жұмыс. Интернет желісінен алынған ақпараттармен жұмыс жасау.

Жаттығулар:

1. Интерактивті тақтадағы тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

2. Шығармашылық жұмыс істеу.

3. Топтық жұмыс орындау.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Шығармашылық жұмыс.

Google сайтын қараңыз. « Қазақ хандары, билері, батырлары» туралы мағлұмат жинау.

САБАҚ ЖҮРІСІ




1 - тапсырма Оқушыларды топқа бөлу мақсатында тренингін өткізу.

І топ. Қазақ хандары.

ІІ топ. Қазақ билері.

ІІІ топ. Қазақ батырлары

3 топқа бөлініп отырады. (5 минут)

2 - тапсырма Сергіту сәті «Потриоттық өлең жолдарын дауыстап айту» (3 минут)

3 - тапсырма

Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде «Қазақ хандығы » туралы видеофильм көрсету. (5 минут)

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

А) Қазыбек би

В) Төле би

D) Тәуке хан

E) Қазақ хандығы

F) Қазақ батырлары.

Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше болған.

Бүгінгі сабақта мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз.

«Атақты үш би-бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып, қатар қадірленіп, ел жадында бірдей сақталған. Үш бидің қазақ халқына сіңірген өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында».

Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.

Жоспар бойынша әрі қарай сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.

Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын

Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.

Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.

Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.

Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.

Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.

«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.

4 - тапсырма Топтық жұмысты қорғау бойынша ( 15 минут)

І топ. Қазақ хандары.

ІІ топ. Қазақ билері.

ІІІ топ. Қазақ батырлары

(20 минут)

5 - тапсырма. Жеке жұмыс.. «Дискуссиялық өрнек» жеке тапсырма. (3 минут)

1.тобына: . Қазақ хандары.

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті.

+


2

Ханның уәзірі болған жоқ


+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+


4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ


+

.2. Қазақ билері тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Би - әділ, шешен, ақыл - кеңес бере алатын адам

+

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

+

3

Би - бірнеше рудан құралған арысты басқарады

+

4

Би - жазалау құқығына ие болған жоқ

+

3. Қазақ батырлары тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Батырлар - халық жасағын басқарды

+

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

+

3

Батырлар - феодалдар тобына жатты

+

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

+

6 - тапсырма. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын. (5 минут)

Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

  1. 728 * 2 + 226 = 1682 (Әйтеке би дүниеге келді)

  2. 415 * 4 + 104 = 1764 (Қазыбек би қайтыс болған жыл)

  3. 560 * 3 + 76 = 1756 (Төле би қайтыс болған жыл)

  4. 680 + 3000 / 3 = 1680 (Қанжығалы Бөгенбай дүниеге келді)

  5. 860 * 3 - 953 = 1627 (Есім хан ойрат қалмақтарын жеңді.)

  6. 920 * 2 - 130 = 1710 (Қарақұмда қазақ жүздері бас қосты)

Сабақты бекіту:

1."Тарихи бас қатырғыш" Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)

2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)

3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")

4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)

6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)

2.Кім жылдам?
1.Ұлы жүздің биі?
2.18 жасында мәмілегер қызметін атқарған кім?
3.Қазыбек би Жоңғар хандығына барып, қай ханды босатып алып келеді?
4.Әйтеке би кімдердің тәрбиесінде болған?
5."Жеті жарғы " қай ханның тұсында жасалды?
6.Қабанбай батырдың шын есімі
7.Тархандық атақ кімдерге берілді?

8.«Ақтабан шұбырынды, алқакөл -сұлама» қасіреті қай жылы болды?

9.Дарабоз атанған батыр?

10.М.Жұмабаев шығармасының кейіпкері болған батыр?

8 - тапсырма. Бағалау. 10 балдық жүйе бойынша.

(3 минут)

9 - тапсырма. Үйге тапсырма беру. (1 минут)

Шығармашылық жұмыс.

Google сайтын қараңыз. «Хандар, билер, батырлар» туралы ақпарат жинау.












Бағалау парағы



____________________________________

Оқушының аты-жөні

Бағалау критериі

Оқушының ұпайы

(1-10)

Мұғалімнің ұпайы

(1-10)

1

І. Топтық жұмыс


2

ІІ. Топтық жұмыс көрініс


3

ІІІ. «Дискуссиялық өрнек» Жеке жұмыс


4

ІV«Кім жүйрік?» математикалық ойын.










© 2010-2022