• Преподавателю
  • История
  • 1731 жылғы жарлық жəне А. И. Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы (10класс)

1731 жылғы жарлық жəне А. И. Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы (10класс)

10-сыныпСабақтың тақырыбы. §53. 1731 жылғы жарлық жəне А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуыСабақтың мақсаты:Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы түсіндіру.Дамытушылық: сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қ...
Раздел История
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4.04.15

10-сынып

Сабақтың тақырыбы. §53. 1731 жылғы жарлық жəне А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: оқушылар бойында азаматтық, интернационалдық, жоғары адамгершілік сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Күн шуақ» ойыны

  1. «Алтын ғасыр» деп аталған заман (Тәуке хан)

  2. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезең

  3. Патша үкіметі үшін қазақ жері не үшін керек болды

  4. Қазақ жерін Орта Азияға шығатын қақпа деген кім

  5. Қазақтардың бас қосатын жиыны

  6. Қарақұмдағы құрылтай қай жылы болды

  7. ХҮІІІ ғасырда қазақ халқының басты жауы

  8. Патша үкіметі қазақ жерін отарлауда жүргізген саясаты

  9. Жоңғарлардың қазақтарға жасаған жорықтары салдары

  10. Патша үкіметінің қазақ жеріне жіберліген экспедицияларының мақсаты

  11. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қай жылдары болған оқиға, тарихтағы орны

ІІІ. Үй тапсырмасын қортындылау.

  1. 1726жылғы Бұланты өзеніндегі шайқасты бастаған батыр

А)Қабанбай б)Бөгенбай с)Наурызбай д)Әбілқайыр

2. Бұл шайқас кейін қалай аталды.

А) Қалмаққырылған б)Қарасиыр с)Аңырақай д) Ақтабан шұбырынды

3. И.Бухгольц экспедициясы Ертіс өзені бойымен жорыққа шықты

А) 1719ж б)1720ж с)1716ж д) 1715ж

4. Састөбеде үш жүздің билеушілері бас қосқан жылы:

А)1725ж б)1730ж с)1726ж д)1723ж

5. Састөбеде неге мәселе талқыланды.

А)2 б)3 с)4 д)5

6. Жоңғар шапқыншылығынан «Қазақтар ойрандалдды, тоз-тоз болды, жұрдай болып жұтады» деп жазған орыс елшісі:

А)И.Неплюев б) Н.Татищев с)И.Тевкелев д)Кирилов

7. М.Бухгольц экспедициясы салған бекініс

А)Семей б) Ямышово с)Өскемен д)Орынбор

8. Сібір губернаторына 1716жылдары елшілік жіберген қазақ ханы.

А)тәуке хан б) қайып хан с)Абылай хан д)жәнібек хан

ІҮ. Жаңа сабақ

Әбілқайыр ханның Ресей империясы құрамына кіруінің алғышарттары мен себептері

Орыс елшіліктерінің қызметі мен маңызы

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Не? Кім?

Қайда?

Қашан?




«Тұлғаларды таны»

І топ 1731 жылы қазақтардан алып белсенді елшілік қызметін атқарған (А.Тевкелев)

1731жылы қазақ елшілерден ант алып, грамотаға қол қойған (А.Ионовна)

ІІ топ 1726жылдан бастап көрші Ресейден көмек сұрап келе жатқан қазақ ханы. (Абілқайыр хан)

1734жылы келген экспедияцияны басқарған (И.К.Кирилов)

ІІІ топ: Қазақ жері Орта Азияға шығатын қақпа деп айтқан (І Петр)

Хандық билікті жоюды көздеген және қазақ сұлтандары ішіндегі алауыздық ты пайдаланған (Орынбор генерал-губ.И.И.Неплюев)

ҮІ. Үйге тапсырма. §52

ҮІІ. Бағалау.

© 2010-2022