Сабақ жоспары Ғажайыптар әлемі 5 сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы 5 «А» сынып Күні: 17.05 Сабақтың тақырыбы: Ғажайыптар әлемі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік :Оқушылардың алған білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи материалдарды пайдалан отырып қорытындылау.

Дамытушылық :Оқушыларды терең ойлауға ,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік :Оқушыларды ұжымшылдыққа ,достық пен татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс-сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:тест,карточка,суреттер,сөзжұмбақ, мақал-мәтел т.б.

Сабақтың әдісі : топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
А)оқушыларды түгендеп, журнал толтыру.Сыныпты топқа бөлу.

Жоспар:

Кіріспе сөз.

1)"Бәйге"

2)Топ басшылар сайысы

3)"Кім тапқыр "сайысы

4)"Аталар мұрасы-асыл қазына"

5)Сөз өнері.

6)Ойлан ,тап.

7)Қорытынды.

"Бәйге"сұрақ-жауап сайысы.

1топ

1)Ергежейлі, бірақ күшті адам деген сөз

А)мық Б) батыр В)жауынгер.

2)Бұл ескерткіш Тараз қаласынан 18 шақырым жерде салынған.

А)Қарахан кесенесі. Б)Ақсүмбе кесенесі В) Айша-бибі кесенесі.

3)Ұлыстың ұлы күні ?

А)9мамыр Б)22 наурыз В)30 тамыз.

4)"Ақбай","Кішкентай"күйлерінің авторы :

А)Құрманғазы Сағырбайұлы Б)Дина Нұрпейісова В)Ықылас Дүкенұлы

5)Түрік халықтары өздерін қорғап сақтау үшін ......жалбарынды.

А)Тәңірге Б)пұтқа В)сиырға.

6)Қазақстан аумағындағы тараған ең ежелгі дін.

А)буддизм Б) христиандық В)заратуштралық.

7.Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы

А)шым үй Б)жер кепе В) киіз үй.

8)түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сырт киім.

А)шекпен Б)тон В)бөрік.

9)Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазір қай қалада ?

А) Алматы Б) Ташкент В) Түркістан .

10.Киіз үйддің төбесі-

А)шаңырақ Б)кереге В) сықырлауық.

2 топқа.

1)Ең алғашқы адамдар баспанасы :

А) киіз үй Б)үңгірлер В)балшықтан салған үйлер.

2)Орта ғасырда құрылысқа пайдаланылған материал:

А) күйдірілген кірпіш Б) қамыс В)ағаш

3)Қазақ хандығының тұсында көтерілген зәулім ескерткіштердің бірі:

А) Бабаджа қатын кесенесі Б)Алаша хан кесенесі В)Жошы хан кесенесі.

4)Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған кесене.

А) Айша бибі кесенесі Б) Ақсүмбе кесенесі В)Қожа Ахмет Йсауи кесенесі.

5)Келіншектің бас киімі.

А)бөрік Б)сәукеле В)кимешек

6)Түйе сүтінен жасалатын сусын

А) шұбат Б)қымыз В) сүт.

7)Киіз үйдің қабырғасы:

А) кереге Б) шаңырақ В)босаға.

8)"Сылқылдақ", "сарыжайлау", "Балбырауын"күйлерінің авторы:

А)Тәттімбет Қазанғапұлы Б)Құрманғазы Сағырбайұлы В)Ықылас Дүкенұлы.

9)Заратуштралық діннің қасиетті кітабы:

А)"Құран" Б) "Авеста" В)"Манихей"

10)Келінге ғана арнап айтылатын ән:

А) той жыры Б) беташар В) бесік жыры.

Топ басшыларының сайысы. "Құпия сөздер" табу

Кім тапқыр ? (Суретпен жұмыс)

"Аталар мұрасы-асыл қазына"

-3балл



-4балл



-5балл

Сөз өнері.(Мақал-мәтел сайысы)

1"Өнер алды-..........................."

2."Сөз тапқанға-.........................................."

3."Сөз сүйектен .............."

4."Тілдің майын тамызып,..............................................."

5."Жақсы сөзге...................................................."

6."Бас кеспек бар,.............................................."

Ойлан ,тап.(Сөзжұмбақ шешу)

  1. Қой сүйегімен ойналатын ойын?

  2. Жылдың басы қай ай?

  3. Өткенді оқытып, бізге үйреткен пән?

  4. Ауызша тарих айтудың бір түріол-

  5. Мойны имек аспап

  6. Өмірі алданбайтын адам?

  7. Тойда айтылатын ән.

  8. Ағаның әйелі.

  9. Құдаға берілетін киім.

  10. Ертегі кейіпкері.

V. Сабақты қорытындылау. Жеңген топты анықтау,марпаттау.

VІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларға баға қою.
VІІ. Үйге тапсырма: Оқулықтан 10-тақырыпты оқу. Мәнжазба жазу. Қосымша тестерге жауап беру.





Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Озерный орта мектебі» ММ






Тақырыбы: Ғажайыптар әлемі

Өткізген: Байлина Э.Б.

Сынып: 5 «А»





Озерный ауылы,2016жыл



© 2010-2022