Ашық сабақ Ғылым мен білімнің дамуы (7 сынып)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№142 орта мектеп





Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сыныбы: 7

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Алтынбаева Жанар





2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген түрік ғұламалары мен олардың еңбектерін, өмірі мен өнегелерін оқушыларға баяндау.

Дамытушылық: оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру ғылым қайраткерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: СКТТ, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, карта.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың негізгі ұғымдары: Әбу Наср әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмут Қашғаридың кітаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгнеки шығармасы, Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық» кітабы, Сүлеймен Бақырғани шығармалары.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Дін және мәдениет. Исламның таралуы

«Керуен көшінің» тапсырмалары(сұрақ-жауап әдісі)

  1. Оғыздар мен түркімендер неге табынған? (қойға)

  2. Фарн сөзінің мағынасы ? (береке, байлық, бақыт, денсаулық беруші күш)

  3. Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі (тотем)

  4. Ортағасырлық қала тұрғындары неге табыну әдеті кеңінен тараған? (отқа)

  5. Отқа табыну қасиетті Ұмай анамен байланыстыру қандай халықта бар? (қырғыз)

  6. Ортағасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу)

  7. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кімдердің келуімен кеңінен тарай бастады? (араб)

  8. Ислам дініне дейін қандай діни нанымдар болды? (буддизм, неостриандық, зооастризм)

  9. Ислам діні қай жерде, қашан пайда болды және негізін салушы кім? (VII ғасырдың ортасы Араб елі, Мұхаммед пайғамбар)

  10. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғ. Қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған кім? (Әл-Макдиси)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

Семантикалық карта

IV. Жаңа сабаққа кіріспе:

Ой шақыру.

Ашық сабақ Ғылым мен білімнің дамуы (7 сынып)

Ашық сабақ Ғылым мен білімнің дамуы (7 сынып)




Жоспары:

Сатылай комплексті талдау

Керуен көшінің бағыты

  1. Ғылымның дамуы.

- Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.)

- Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050ж.ж.)

  1. Тіл білімінің дамуы

  • Махмұд Қашғари (1030-1090 жж.)

  • Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.)

  1. Әдебиет

  • Ахмет Игүнеки

  • Қожа Ахмет Йассауи (1103-1167 жж)

І аялдама./ Отырар қаласы/ Ғылымның дамуы.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым. Еңбектері: ғылымның әр түрлі салаларынан 160-қа жуық трактаттар жазған.

Әбу Райхан әл-Бируни - энциклопедист ғалым, Әбу Насыр әл-Фараби дәстүрін жалғастырушы. Еңбектері: әр түрлі ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазған.

ІІ аялдама. Тіл білімінің дамуы

/Қашқар қаласы/ Махмуд Қашғари - араб тілін жетік білген ғұлама ғалым, саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілін зерттеуге арнаған. Еңбегі: «Түрік тілдерінің сөздігі» (Диуани луғат ат-түрк)

/Баласағұн/ Жүсіп Баласағұни - Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы. Еңбегі: «Құт негізі - Білік» (Құтадғу білік).

ІІІ аялдама. Әдебиет

/Түркістан қаласы/ Ахмет Иүгнеки - ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы. Еңбегі: «Ақиқат сыйы» дастаны

/Сайрам қаласы/ Қожа Ахмет Йасауи - атақты ғұлама ақын, ислам дінінің сопылық ілімін насихаттаушысы. Еңбегі - «Даналық кітабы» (Диуани- и хикмет)

V. Бекіту кезеңі

Дискуссиялық әдіс: дұрыс(+), бұрыс (-)

  1. Әл- Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы" туралы философиялық туынды жазған.

  2. Әл- Фараби "Шұбар айғыр" күйін шығарған.

3. Әбу Райхан әл-Беруни "Бақытқа жету" туралы философиялық туынды жазған.

4. Әбу Райхан әл-Беруни 150 астам еңбектер жазып қалдырған.

5. Махмуд Қашқари өзінің саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

6. Махмуд Қашқариға "Ұлы хас- хажип"деген лауазым берген.

7. Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласында туған

8. Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.

9. Қарахан мемлекеті кезінде аты шыққан ақын Ахмет Иүгенеки

10. Ахмет Иүгенекидің бізге жеткен шығармасы "Ақиқат сыйы"

11. Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында туған

12. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани

VI. Сабақты қорыту

Рефлексия

VI. Оқушыларды бағалау

VІI. Үйге тапсырма: §21 оқу; сәйкестендіру тестін құру.

.

© 2010-2022