ХУІІІ ғ ІІ жартысындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.10.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы. № 12

Сабақтың тақырыбы: ХУІІІ ғ ІІ жартысындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы.
Сабақтың мақсаты: Ұлт азаттық қозғалыстардың тарихи маңызын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Ұлт азаттық көтерілістің тарихи маңызын түсіндіру, көтерілістерді салыстыра отырып, кезеңдерін ашып көрсету.

Тәрбиелік: Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: көтерілістің қазақ тарихына тигізген ықпалын саралай отырып, оқушыларды пікірлесу дағдысын дамыту.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Негізгі идеялар: Сырым Датұлы бастаған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Ұлт - азаттық көтеріліс қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкімшілігіне қарсы ең алғашқы ірі бас көтеруінің бірі еді.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбы бойынша түсінік сұрау.

Хронологиялық кесте жазғандарын дәптерден тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

Дамыту кезеңі.

Тапсырмалар: Топтық жұмыс,«Мен саған, сен маған»
І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, таныстыру (1 минут)
ІІ. «Жайық», «Еділ», «Жем», «Ойыл», «Сағыз» өзендерінің атаулары арқылы оқушылар бес топқа топтастырылады (2 минут)
Деңгей Әрекет түрлері
Білу.
Ой шақыру. «Шешендік сөз» оқимын.
Батыр Нұралыға наразы болып жүргенде «Аз бен көпті, ақ пен қараны нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу - біреуді шауып жеп жатыр, елді басқара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің - ау!- депті. Сонда Батыр:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін,- депті. Бұл батыр кім?
- Неге ол олай айтты деп ойлайсыңдар?
Түсіну.
Мәтінмен жұмыс. Әр топқа мәтін бөлініп беріліп, «Өкіл әдісі» арқылы берілген мәтінді әр топқа барып түсіндіріп шығады.
І - топ: Көтерілістің алғышарттары, себептері және оның басталуы
ІІ - топ: Көтерілістің басталуы.
ІІІ топ: Кіші жүздегі ішкі күрес және оның көтеріліс барысына әсері.
ІҮ топ: ХҮІІІ ғ 90 - жж. көтерілістің жаңа кезеңі.
Ү топ: Көтерілістің әлсіреуі, жеңілуі және оның маңызы.
Қолдану.
«Мен саған, сен маған». Әр топ бір - бірлеріне «Өкіл» әдісі арқылы түсіндіріп шыққан мәтіндері жөнінде сұрақтар береді.
Талдау.
Топтық жұмыс «ВЕНН диаграммасы». Алдыңғы өтілген тақырыппен байланыстыра отырып, Е.Пугачев және С.Датұлына ВЕНН диаграммасын толтырады.
Жинақтау.
«Ыстық орындық» әдісі. Әр топтан орындыққа бір - бір оқушы келіп отырады. Қалған топ мүшелері сұрақтар қояды.
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.
Рефлексия. «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» парағын толтыру.



© 2010-2022